Ташкентте бензин тапшы

Ташкентте бензин тапшы

Ташкентте бензин тапшы
ашық дереккөзі
Ташкенттің жанар-жағармай құю станцияларында бензин тапшығылы байқалады. Түске қарай станция қызметкерлері жүргізушілерге бензин жоқтығын айтып, келесі күні таңғы 4-те келуге кеңес беріп жатыр.
- Барлық жерде кезек. Таңертең жанар-жағар май құю станцияларына келсеңіз, жарты сағаттың ішінде бензин таусылып қалады. Үлгергендер ғана сатып алады. Үлгермесеңіз, басқа станцияға барып кезекке тұруға тура келеді, - дейді Озодлик тілшісіне шаһар жүргізушілері. Май құю станциялары қызметкерлерінің сөздерінше, бензин тапшылығының себебі, зауыттарда жанармайды өте аз беріп жатыр. «Өзбекмұнаймахсулот» зауыты бензин тапшылығын жартылай растап отыр. – Ай сайын 30 мың көлік бізден бензин алып кетеді. Әрине осындай көлемде май алған соң таусылады. Бірақ Ташкенттегі жағдай өзге аймақтарға қарағанда, әлдеқайда жақсы, – дейді «Өзбекмұнаймахсулот» өкілі. Қазіргі уақытта АИ-80 маркалы бензиннің мемлекеттік бағасы – 2070 сум. Алайда Өзбекстан нарығында 3 мың сумға сатылады. Бақылаушылар бензиннің тапшылығын мақта теру науқанының жақындап қалғанымен түсіндіреді.