15 Қыркүйек, 19:54 448 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Жапондар өмір сүру ұзақтығы бойынша тағы да рекорд жаңартты

Жапонияда 100 жасқа толған 80 мыңнан аса адам тіркеліп, мемлекет өмір сүру ұзақтығы бойынша тағы да рекорд жаңартты. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігіне сілтеме жасап Kyodo хабарлады.

Ведомство дерегіне сүйенсек, елдің 100-ге толған тұрғындарының саны өткен жылмен салыстырғанда 9 176 адамға артып, 80 450-ге жетті. Олардың 88,2 пайызы – әйелдер.

Өткен жылы Жапонияда өмір сүрудің орташа ұзақтығы әйелдерде 87,45 жас, ал ер адамдарда 81,41 жас болған еді. Бұл – әлемнің ешбір мемлекетінде тіркелмеген рекордтық көрсеткіш.

Айта кетейік, әлемдегі ең қарт әйел – жапониялық Канэ Танака. Ол қаңтар айында өзінің 117 жасқа толған туған күнін атап өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар