«Nur Otan» хатшысы: Кез келген партия праймериз өткізуге құқылы

Сондай-ақ!

Еліміздің қанша мұнай қоры бар?

Мұнай қоры бойынша әлем елдері рейтингінде Қазақстан 11-орында тұр. 10 айдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі 6% - ға қысқарып, 61 млн тоннаны құрады. 2020 жылға...

Елімізде саяси қуғын-сүргін құрбандары толығымен ақталады

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толығымен ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысы өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Отырыс барысында комиссия жұмысын...

“Әлем ханымы” байқауында Қайрат Нұртастың әйелі көш бастап келеді

Онлайн дауыс берудің үшінші күні “Әлем ханымы-2020” байқауына қатысушылар арасында Жұлдыз Абдукаримова көш бастады. ⠀ Бұл байқауға Қазақстан атынан тағы бір отандасымыз, 32 жастағы Аяна Сұлтанбекова...

Төрт облыста дауылды ескерту жарияланды

4 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с. 4 желтоқсанда Маңғыстау облысының солтүстігінде...

«Nur Otan» партиясының хатшысы Әлібек Әлденей Фейсбуктегі парақшасында праймеризге қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді. 

Құрметті достар!

Праймериздің үгіт-насихат кезеңі өтіп жатқанына бес күн болды. Алдын ала талқылап, ұсыныстар енгізу үшін өңірлердің сайлауалды бағдарламаларын қамтыған 216 жоба жарияланды. Үміткерлер партияластарымен онлайн және бетпе-бет кездесулер өткізіп, белсенді түрде өз бағдарламаларын ұсынуда. Мұның бәрі ел азаматтарының арасында ерекше қызығушылық тудырып жатқаны байқалады. Бірі үміткерлерге сәттілік тілеп, қолдау білдіріп жатса, енді бірі күмәнданып, сын айтуда.

Мұндай белсенділік құптайтындай жағдай. Саясаттың негізі – мәмілегерлік. Түрлі ой-пікірлердің тартысты бәсекесінде ғана келелі ой, кемел идеялар туындайды. Мұны саясаттың, демократияның шынайы қағидасы дер едім.

Енді праймеризге қатысты туындап жатқан бірқатар сауалдарға жауап беріп өтсем деймін.

Бірінші. Праймериз – партияның ішкі жұмысы және ол «Nur Otan» партиясының ішкі құжаттарына негізделген. Еліміздегі кез келген саяси партия осы секілді праймериз өткізуге құқылы.

Қазіргі таңда праймериз өткізу тәртібі қазақстандық заңнамада арнайы бекітілмеген. Жалпы, бұл – кең таралған халықаралық тәжірибе. Айталық, Канадада, Францияда, Италияда, Оңтүстік Кореяда, Мексикада, Ирландияда партиялар праймериз өткізудің механизмін, қағидалары мен әдіс-тәсілін ішкі құжаттар негізінде өздері әзірлейді.

Праймеризді қаржыландыру мәселесіне тағы да тоқтала кетейін. Барлық ұйымдастыру шығындарына партияның өз қаражаты жұмсалады, оның ішінде мүшелік жарнадан түскен. Ал үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын өз қаржысына ұйымдастырады.

Екінші. Бүгінде «Nur Otan» партиясы еліміз бойынша 835 мыңнан астам адамды біріктіріп отыр. Партия ашық та жариялы бәсекеде нағыз жоғары деңгейлі кандидаттарды іріктеп алуға мүдделі. Біз партияластарымыз үшін праймеризге қатысты барлық рәсімдердің түсінікті әрі қолжетімді болғанын қалаймыз. Ең бастысы, қатысушылардың бәрінің мүмкіндігі тең болуы тиіс.

Осы орайда, партияның жарғысы мен мақсат-міндеттеріне негізделіп праймериз өткізудің арнайы Ережелері әзірленген болатын. Ол аймақтық активтерде жан-жақты талқылаулардан өтіп, партияның Саяси кеңесінде дауыс беру арқылы бекітілді.

Үшінші. Пандемияға байланысты праймеризде электронды дауыс беру тәртібі енгізілді. Барлық тәуекелдерді саралай келе партия құқықтық және техникалық мәселелерді оңтайландырды. Банктегідей ЖСН мен телефон нөміріне байланыстыра отырып СМС хабарлама алу арқылы тексеру жүйесі енгізілді.

Ақпараттық-коммуникация технологияларына басымдық беріліп отыр. Партияластармен кездесу, дебаттар көбіне онлайн форматта өтеді. Сақтық үшін күнделікті қолғап, маска, антисептиктер қолданылады. Іс-шаралар желдетілетін бөлмелерде, әлеуметтік ара-қашықтықты сақтау арқылы өтуде. Еліміздің Бас санитарлық дәрігерінің мақұлдауымен тиісті регламент қабылданды.

Төртінші. Партияішілік іріктеу өткізу кезінде партияға үгіт-насихат жүргізуге қандай да бір басымдық беріліп, сайлау заңнамасына қайшы келетін жайттар жайлы пікірлер айтылуда. Бұл құқықтық жағынан жаңсақ пікір дер едім. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңында көрсетілген нормалар, оның ішінде БАҚ-та үгіт-насихат жүргізуге теңдей құқық беретін талап мемлекет бекіткен сайлау науқаны кезінде ғана күшіне енеді. Әрі оның тәртібі заңда анық көрсетілген. Бұл мәселе жөнінде ҚР Бас Прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов 8 қыркүйекте Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте егжей-тегжейлі түсіндіріп берген болатын.

Ақпарат құралдары саяси партиялардың қызметі мен басқа да мәселелер жөнінде олардың саяси белсенділігіне, тақырыптардың өзектілігі мен өз аудиториясын қызықтыратын мәселелерге қарай ақпараттандыратыны анық. Сол үшін партиялар тек сайлау кезінде емес, барлық кезде де тұрақты әрі жүйелі жұмыс істеуі керек.

Праймериз өткізу арқылы «Nur Otan» кең ауқымда қоғамдық дискуссия құра білді. Бүгінде биліктің заң шығарушы және өкілетті органдарының тиімділігін арттыру мәселесі өте өзекті болып отыр. Бұл тұрғыда еліміздегі жетекші саяси күш ретінде «Nur Otan» партиясының жаңа көшбасшыларды анықтап, тың идеяларды ұсынуға мүмкіндігі мол екені сөзсіз. Праймеризге қатысып жатқан адамның саны осыған нақты дәлел бола алады. Көптеген азаматтар осы үшін партия қатарына кірді, оның ішінде басқа партиядан ауысқандары да бар.

Праймериздің үгіт-насихат кезеңі әлі үш аптадан астам уақыт өткізілетін болады. Олар мазмұнды өтіп, қоғам мен нақты өңірлер бойынша өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік туғызады деген сенімдемін.

Сондай-ақ, Фейсбук арқылы баршаңызды өңірлердің сайлауалды бағдарламасын қамтыған 216 жоба бойынша белсенді түрде пікір білдіруге шақырамын (https://primaries.kz/page/programmy-regionov). Аталған жобалар әрбір аудан, қала, облыстың алдағы бес жылға жоспарланған даму бағытын айқындайды.

Жұртшылықпен белсенді кері байланыс бұл жобаларды жан-жақты толықтыруға, қордаланған мәселелерді барынша қамтуға және ұтымды шешім қабылдауға мүмкіндік беретіні анық.

 

Редакция таңдауы

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Нұрсұлтан Назарбаев: Түркістанды дамыту – халқымыз үшін қасиетті парыз

Ұлы Жібек жолында мыңжылдық өркениеттерді тоғыстырған Түркістан – Ұлы даладағы ұлы өзгерістерге негіз болған қасиетті қала. Түркістан – ұлы ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен...

Ертісбаев оппозицияны сынға алды

Биыл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттік оппозиция мәртебесін заң жүзінде бекітті. Атап...

Еліміздің қанша мұнай қоры бар?

Мұнай қоры бойынша әлем елдері рейтингінде Қазақстан 11-орында тұр. 10 айдың қорытындысы бойынша...

Елімізде саяси қуғын-сүргін құрбандары толығымен ақталады

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толығымен ақтау жөніндегі мемлекеттік...

“Әлем ханымы” байқауында Қайрат Нұртастың әйелі көш бастап келеді

Онлайн дауыс берудің үшінші күні “Әлем ханымы-2020” байқауына қатысушылар арасында Жұлдыз Абдукаримова...

Төрт облыста дауылды ескерту жарияланды

4 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...