Джон Хопкинс университеті әлемде коронавирустан 906 195 қайтыс болғанын хабарлады. Бұл індетті жұқтырғандар саны 28 миллионнан асса, 18 849 981 адам сауығып шығыпты.. Вирусты көп жұқтырғандар АҚШ-та тіркелген (6,3 млн). Екінші орында – Үндістан (4,4 млн), үшінші орында – Бразилия (4,2 млн), одан кейін Ресей (1 млн). Аурудан көз жұмудың ең көп оқиғасы да АҚШ-та тіркеліпті (191 мың), екінші орында Бразилия (129 мың) және одан кейін Үндістан (75 мың).
Жүктелуде...