Мектеп формасына қатысты дау

Мектеп формасына қатысты дау

Мектеп формасына қатысты дау
ашық дереккөзі
Астана қаласы Білім басқармасының жетекшісі Қасымхан Сенғазыев жаңа оқу жылына дайындық барысымен таныстыру үшін журналистерге арнап брифинг өткізді. Басқарма басшысының хабарлауынша, 2016-2017 оқу жылдары Астана қаласы бойынша 94 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істемек.  Оның 83-і мемлекеттік мектеп,  11 жеке меншік мектеп. Жалпы, осы мектептерде биыл 129 мыңнан аса оқушы білім алады. Бұл оқушылардың барлығын міндетті мектеп формасын киеді. «Астанада міндетті мектеп формасы 2012 жылдан  бастап енгізілген. 2016 жылдың 26 шілдедегі жағдай бойынша, Астана қаласының 75 мектебінде міндетті мектеп формасы енгізіледі», - деді Қ.Сенғазыев. Бірақ қала бойынша бірыңғай мектеп формасы жоқ. Яғни, әр мектепке бір форма міндетті, оны кімнен және қайдан сатып алатынын ата-аналар өзі таңдайды. Бірақ қала бойынша әзірге бірыңғай форма енгізілмейді. «Әлеуметтік желі мен әртүрлі дереккөздерінде Астана қаласының мектептеріне форма тігетін «Илясова» жеке кәсіпкерлігімен шарт жасасқан бір мектеп өз хабарландыруында өзінің мектебінде бірыңғай форма еніп жатыр деп жазудың орнына, Астана қаласы бойынша міндетті бірыңғай форма енгізілмек» деп жазып жіберген. Қазір қалада бұл жеке кәсіпкерлікпен 75 ата-аналар комитетінің он бірі осы жеке кәсіпкерлікпен келісімшарт жасасты», - деді Қ.Сенғазыев. Ал «Илясова» жеке кәсіпкерлігімен келісімшарт жасасқан 59 орта мектебінің ата-аналарының айтуынша, мектеп формасы қайта жаңарып жатыр. Ал, «Илясова» жеке кәсіпкерлігінің директоры Ғазиза Илясова: «59 мектеп бойынша жалған ақпарат тарап жүр. Себебі, біз ата-аналармен жиналыс өткізген кезде көп ата-ана қатысқан жоқ. Осы мектепке тек бірінші сынып оқушылары үшін форма тігеміз. Ал қалған сынып оқушыларының формасы сыймай қалмаса, жыртылмаса, биыл да киюге жарайды. Оларды ешкім мәжбүрлемейді. Бірінші сынып оқушылары үшін нақты қанша форма алғанымызды айта алмаймын. Ол басқа қызметкердің құзыретінде. Шарт бойынша бірінші сыныпты толығымен қамтамасыз етеміз. Ескі формасы сыймаса ғана ауыстыру керек», - дегенді айтқан. Ал,«мектеп ішінде тауар сатуға қатаң тыйым салынған» дей отырып, Білім басқармасының басшысы Қ.Сенғазыев мектеп формасының Астанадағы бағасы 10 000-20 00 аралығын құрайды деп мәлім етті. «Оқу жылы барысында ата-аналармен бірыңғай форма мәселесін талқылаймыз. Жаңа оқу жылының басында қалалық ата-аналар кеңесін құрамыз. Қалалық кеңеспен өзім жеке кездесіп, осы мәселесі талқылаймыз. Тек мектеп формасы ғана емес, талқылайтын мәселелер көп», - деді Астана қаласы Білім басқармасының жетекшісі Қасымхан Сенғазыев.