Елордада карантин режимі бір тәулік ішінде 37 рет бұзылды

Елордада карантин режимі бір тәулік ішінде 37 рет бұзылды

Елордада карантин режимі бір тәулік ішінде  37 рет бұзылды
ашық дереккөзі
206
Өткен тәулікте Нұр-Сұлтанда крантин режимі 37 рет бұзылған, деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, осы уақытта қалада «Участок» жедел сауықтыру шарасы жүріп жатыр. Шара барысында карантин режимін бұзу фактілерін анықтаумен айналысатын арнайы мобильді топ қаладағы мейрамхана, компьютер клубтары, дүкендер сияқты халық жиі бас сұғатын орындарды тексеріп жатыр. Карантин режимін бұзу фактілерінің бірі 9 қыркүйекте «FAKIR» кальян барынан анықталды. Аталмыш нысанда карантин шекеулеріне қарамастан онда келушілерге кальян шегуге рұқсат берілген. Заң бұзушыларға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 441 бабы 1 бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Сондай-ақ бар әкімшілігі де ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 441 бабы 3 бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылып, 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ осы күні сағат 23:30-дар шамасында Еділ көшесінде орналасқан «Pinqwin» боулинг орталығы тиісті шектеулерге қарамастан жұмысын жалғастыра берген. Ғимартта тексерушілер барған кезде 15 клиент пен орталық қызметшілері жүрген. Олар өзар ара қашықтықты сақтамай, осы әркеттері арқылы Бас санитария дәрігері қаулысының талаптарын бұзды. Тексеру барысында кәсіпкерлік нысандарына қатысты жиналған материалдар әкімшілік жауапқа тарту үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды. Нұр-Сұлтан қалалық Полиция дпартаменті карантин режимін сақтамаған жағдайда коронавирус инфекциясының тарау қауіпі туындайтынын және ол үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.  

Серіктес жаңалықтары