Биыл ЭКО жасауға 943 млн теңге қарастырылған – Бағдат Қожахметов

Биыл ЭКО жасауға 943 млн теңге қарастырылған – Бағдат Қожахметов

Биыл ЭКО жасауға 943 млн теңге қарастырылған – Бағдат Қожахметов
ашық дереккөзі
5152
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов биыл 1 105 ЭКО-ға 943 млн теңге қарастырылғанын мәлімдеді.  «Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының мәліметінше, елімізде 9 мың 467 әйел бедеулік диагнозымен есепте тұр. Келесі жылы іске қосылатын «Аңсаған сәби» бағдарламасына жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы бала сүюге үмітті кез келген жұп қатыса алады», – деді ресми өкіл Орталық коммуникациялар қызметінде. Оның сөзіне қарағанда, осы бағдарлама аясында пациент жылына бір рет ЭКО жасай алады. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры биыл 1105 ЭКО-ға 943 млн 800 мың теңге қарастырған. Президенттің жолдауына сәйкес, ЭКО квотаны 7 мыңға жеткізу, яғни 7 есе көбейту қажет. 943 млн-ды 7 есеге көбейтсек, тиісті сома шығады», – деді Б.Қожахметов.

Серіктес жаңалықтары