Президент педофилдерге рақымшылық болмауы тиіс екенін баса айтты

Президент педофилдерге рақымшылық болмауы тиіс екенін баса айтты

Президент педофилдерге рақымшылық болмауы тиіс екенін баса айтты
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында балаларға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандарға рақымшылық болмауы тиіс екенін айтты. «Балалардың қауіпсіздігі мен құқығын қорғау мәселесіне айрықша назар аудару қажет. Біз кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейттік. Бірақ, проблема өткір қалып отыр. Мұндай қылмыскерлер рақымшылыққа және мерзімінен бұрын босау құқығынсыз барынша қатаң жазалауға лайықты. Олар барынша жабық мекемелерде ұсталуы тиіс», – деді Мемлекет басшысы. ҚР Президенті мұндай әрбір іс прокуратура органдарының айрықша бақылауында болуы тиістігін баса айтты. «Әлеуметтік және құқық қорғау органдары тарапынан әрекетсіздік немесе немқұрайлы қарым-қатынас қатаң жазалануы қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.