Балаларды кибербуллингтен қорғау бойынша заңнамалық шаралар қабылдайтын кез келді – Президент

Балаларды кибербуллингтен қорғау бойынша заңнамалық шаралар қабылдайтын кез келді – Президент

Балаларды кибербуллингтен қорғау бойынша заңнамалық шаралар қабылдайтын кез келді – Президент
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында балаларды кибербуллингтен қорғау бойынша заңнамалық шаралар қабылдайтын кез келгенін айтты. «Адам құқығын қорғау бойынша жаңа шаралар қабылдау аса маңызды. Мен үшін бұл проблема басымдық саналады. Бүкіл әлемдегідей Қазақстан да интернет қудалаудан азаматтардың қорғансыздығымен бетпе-бет келіп отыр. Бірінші кезекте мұнан балалар зардап шегеді. Әсіресе, олар интернет-қудалауды ауыр қабылдайды. Өкінішке орай бұл қайғылы жайттарға алып келеді. Азаматтарды, әсіресе балаларды кибербуллингтен қорғау бойынша заңнамалық шаралар қабылдайтын кез келді. Балалардың құқығын қорғайтын өзге де шараларды күшейтіп, хабарландыру процедурасына қатысты Балалар құқығы туралы конвенцияның факультативтік хаттамасына қосылу қажет», – деді Президент. ҚР Президенті азаптаулармен күрес жөніндегі ұлттық заңнаманы жетілдіру мәселесі де өзекті болып отырғанына назар аудартты. «Азаптағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілейтін бұл құжатты Азаптау, адамшылыққа жатпайтын өзге де қатаң іс-қимылға қарсы халықаралық конвенция ережелеріне сәйкестендіру қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.