Кезекші сыныптардың жұмысы қалай ұйымдастырылады – Білім басқармасы

Кезекші сыныптардың жұмысы қалай ұйымдастырылады – Білім басқармасы

Кезекші сыныптардың жұмысы қалай ұйымдастырылады – Білім басқармасы
ашық дереккөзі
Кезекші сыныптардың қызметі санитарлық эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жүзеге асады. Созылмалы аурулары жоқ балалар кезекші сыныпта оқуға жіберіледі. Бұл туралы Алматы қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева айтты.  Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларды санитарлық қауіпсіздік құралдарымен қамтиды: маскалар, қолды тазалауға арналған антисептик немесе бактерияға қарсы сулы майлықтар және балаларына әлеуметтік арақашықтықты сақтау туралы түсіндіреді. Олар балаларды мектепке алып келіп, сабақ аяқталғаннан кейін алып кетеді. «Мектеп дезинфекциялаушы құралдармен қамтамасыз етілген. Кіре берісте дезинфекциялық төсеніш, тепловизорлар, тазартқыштар, дымқыл, дезинфекциялық тазалауға арналған құралдар болады», – деді Басқарма басшысы. Сонымен қатар мектепте мынандай санитарлық ережелерді сақтау қажет:
  • әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін ауысымды ұлғайту;
  • әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету үшін мектеп аумағын максималды пайдалану;
  • кабинеттік жүйені пайдаланбау;
  • сабақ арасындағы үзілісті әр сыныпқа әр түрлі уақытта ұйымдастыру;
  • кіреберістегі оқушылардың күнделікті температурасын өлшеу;
  • ауысым сайын, дәліздердегі, демалыс бөлмелеріндегі, залдардағы және басқа үй-жайлардағы, ауысым арасындағы ылғалды тазалау, есік тұтқаларын, ұстағыштарды, қоршауларды, баспалдақтарды, терезені дезинфекциялау;
  • медициналық кабинеттер мен изоляторлардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • едендегі дәліздерде оқушылардың бір бағытта қозғалуына арналған белгілер қою, балаларды қабылдауға бір кіреберіс, балаларды сабақтан кейін шығуға бөлек есіктің болуы.
Кезекші сыныптардың жұмыс істеуі бойынша ұсыныстар:
  1. әр сыныпта 15 баладан көп емес;
  2. сабақтың ұзақтығы 40 минут;
  3. әр сыныпта әр түрлі уақыттағы үзілістер
  4. маска кию режимін қамтамасыз ету;
  5. оқу үстелдерін 1 метр қашықтықта орналастыру;
  6. білім алушыға жеке парта мен орындық тағайындалады;
  7. оқушы жеке оқу материалдарын (оқулықтар, дәптерлер, кеңсе тауарлары және т.б.) пайдаланады;
  8. әр сабақтан кейін кабинеттерді желдету, кварцтау;
  9. әр сабақтан кейін қолды жуу және арнайы құралдарды қолдану.
«Сонымен қатар, арнайы түзету мектеп-интернаттарының бастауыш сынып оқушыларын оқыту дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын болады. Сыныптардың орташа саны 10-12 адамды құрайды. Биыл бастауыш сыныптардағы балалар саны 1034 оқушы 90 сынып бар», – Ләззат Жылқыбаева.