Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет

Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет

Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет
ашық дереккөзі
28 тамыз күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың тек солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстік-шығысында найзағай мен жаңбыр болжанады. Жекелеген өңірлерде желдің күшеюі, дауыл, тұман күтіледі, шығыста бұршақ жаууы ықтимал. «Қазгидрометке» РМК мәліметінше, жұма күні Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, желдің екпіні күндіз 23 м/с артады, бұршақ жаууы ықтимал. Таңертең және күндіз Қызылорда, күндіз Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Қызылорда облысында, Түркістан облысының кей жерлерінде, Атырау, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.