Праймериз барлық талапқа сай өтеді

Праймериз барлық талапқа сай өтеді

Праймериз барлық талапқа сай өтеді
ашық дереккөзі
Праймериз өткізу кезінде арнайы санитарлық-эпидемиологиялық талаптар енгізу туралы қаулы қабылданды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Faceboоk-тегі парақшасында хабарлады. Назарбаевтың тап­сырмасы бойынша республикалық партияішілік іріктеу – прай­­мериз өткізіп жатқанымызды жақсы білесіздер. Бүгінгі күні (25 тамыз – ред.) оған қатысуға 7 670 азамат өті­­ніш берді. Олардың 34%-ы – әйелдер, 24,1%-ы – 35 жасқа дейін­­гі жастар. Бастауыш партия ұйымдары 2 631 адамды ұсын­са, ал 5 039 кандидат – өзін-өзі ұсынғандар. Тіркеу осы аптаның соңына дейін жалғасады. 7 қыр­күйек­тен бастап үміткерлердің үгіт жұмысы басталады, оның ішінде жа­рия пікірсайыстар  14-30 қыркүйек аралығында болады. Сонымен бірге қазіргі эпидемиологиялық ахуал белгілі бір шектеулер тудырып, праймериз өткізу үшін тиісті жағдай жа­­сауды талап етуде. Бәріміз үшін ең алдымен азаматтарымыздың денсаулығы мен амандығы маңызды. Осыған байланысты бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ай­жан Есмағамбетовамен бірлесіп Праймериз өткізу кезінде ар­найы санитарлық-эпидемиологиялық талаптар енгізу ту­ралы қаулы қабылдадық. Оны барлық ұйымдастыру коми­тет­­тері, кандидаттар және дауыс берушілер басшылыққа алуы тиіс. Сонымен, партияішілік іріктеуге қатысушылар маска­лар­ды, қолғаптарды, залалсыздандыру құралдарын пайдалануға, кемінде 2 метр әлеуметтік аралықты сақтауға, қол алысып аман­­даспауға және басқа да сақтық шараларын ұстануға мін­­детті. Барлық іске қосылған үй-жайларда санитайзерлердің, бай­ланыссыз термометрлердің қажетті мөлшері қамтамасыз еті­леді, залалсыздандырғыш құралдар пайдаланыла отырып, тұрақ­­ты түрде ылғалды тазалау жүргізіледі және кемінде тәу­лігіне 2 рет желдетіледі. Үгіт барысында флаерлар мен буклеттерді тек маска та­ғып, қолғап киіп қана тарату қажет. Кандидаттардың партия мүшелерімен кездесулері әлеу­мет­тік желілерде бейнеконференция арқылы ашық алаң­дар­да немесе желдетілетін үй-жайларда қатысушылар арасын­да­ғы қашықтықты сақтап, маска таға отырып өтуі мүмкін. Кандидаттардың жария дебаттары 1 224 объектіде он­лайн форматта және әлеуметтік аралықты сақтай отырып өт­­кізілуі тиіс. 2 545 дауыс беру учаскесінде кабиналар мен урналар, сон­дай-ақ бюллетеньдерді беру орындары бір-бірінен кемін­де екі метр арақашықтықта болуы тиіс. Жалпы, біз енгізген «Праймериз» ақпараттық жүйесі пар­тияі­­шілік іріктеудің барлық кезеңін өткізуге мүмкіндік бере­ді, оның ішінде тіркеуді, үгітті және дауыс беруді онлайн ре­­жимде өткізуге болады. Жүйе қолдануға жеңіл, сай­лаушының «таңдау құпиясын», сондай-ақ сырттан араласудан қорғауды қамтамасыз етеді. Сондықтан іс-шаралардың ба­сым бөлігін біз осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып өт­кізу­ге тырысамыз. Праймериздің ұйымдастыруға қатысты тұстары жайлы primaries.kz және nurotan.kz сайттарынан толығырақ таныса ала­сыз.