Қандасымыз Жақсылық Үшкемпіров жайлы еңбек жазып жатқанын айтты

Қандасымыз Жақсылық Үшкемпіров жайлы еңбек жазып жатқанын айтты

Қандасымыз Жақсылық Үшкемпіров жайлы еңбек жазып жатқанын айтты
ашық дереккөзі
741
ҚХР Алтай қаласының, Ал­тай аймағының және Моң­ғо­лия­ның Баян-Өлгей, Қоб­да аймақтарының «Құрметті азаматы» айтыскер ақын Ержанат Байқабай («Қимаймын» (2008 жыл), «Жүрекке түскен жол» (2017 жыл) жыр жинақтарының авторы) Қазақтың даңқты балуаны  грек-рим күресінің шебері (1971), Халықаралық спорт шебері (1975), Еңбек сіңірген спорт шебері (1980), алтын медальге иеленген қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), Әлем чемпионы (1981), әлем кубогының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы (1975, 1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жақсылық Үшкемпіровті жырымен жоқтады. «Алда Жақаңның даталы жетпіс жылдығына орай роман жазып жатырмын. Адам өзіне қатысты жақсы пікірді де көзі тірісінде көрсе жақсы еді. Амал қанша...», – дейді ақын Ержанат Байқабай.  width= Тәңір шарапатынан жаралған, тұла бойына бабалардың өр рухынан күш алған, қарағайдың қарсы біткен бұтағы - қара қазақ баласының сұлтаны. Қара қарға, қара ала үйрекке күш қылса, намысын қайрақ қылған қайран ер Жақсылық аға Үшкемпірұлының рухына арнаймын!

Ержанат Байқабай

Аймадет аға, есіл ер Ананың құрсағынан ала келген, Пәк ниетің сақталған саналы ер ең. Хан алдында халқыңның қамын ойлап, Жағатсымай жақсы сөз аға деп ең. Қазанама жазам деп кім ойлаған, Жалған дүние-ай қас-қағым қаза деген... Қар бұзып, із салып ең қазанатша, Қарсыласты тақымдап қара лақша. Аты аңыз болса да бар Алашқа, Тап-таза еді көңілі балабақша. Алақанын төсейтін ақ көңіл ед, Аспаннан жұлдыз ағып бара жатса. Арал теңіз, қарт Каспи ерім деді, Жамбыл ел жасын төкті көзіндегі. Қайғыңа Талас өзен талмаусырап, Ертіс, Семей ерім деп еңіреді. Күн мен ай, жұлдыз, шолпан тоқтау айтты, Көк ту жылап қазақтың көгіндегі. Ер едің елді сүйген, елде сүйген, Есімі өшпес адамдар зердесінен. Не өлем, не жеңем деп белдесіп ең, Намыс туын көтеріп төрлетіп ең. Бозкілемде жоның бар сүрінбейтін, Ботайдың қонысында ержетіп ең. Еңбегіңді бұлдамай елге сіңген, Бұралқы иіт көрінбейтін өр көшіңнен. Қадам сайын тілейтін жақсылық ең, Жамандық жойылсын деп жер бетінен. Тамыз тамбай сөнген-ай кеудесінен, Қырық күннің алдында кездесіп ем. Өмірде аз нағыз кісі, сыйлы адамдар, Олар қайтса ту түсір, ту қадаңдар. Соның бірі әлемнің Жақсылығы, Өміріне үңіліп шын қараңдар. Аулаңда арсылдаған итіңе тақ, "Халық қаһарман" медалын қыймағандар. Азалы күн шөгеріп ақ атанды, Сіз кеткенде көп сөнді дала шамы Дәс қалды жөргегінде көз жұмуға, Әлемдегі жақсылық, пәк атаулы. Аға сізге сыйладым ескерткіш қып... Өзіңіз көп қарайтын Алатауды. Арманыңды ақсатпай жолда қалған, Сүрінбес сіз туралы жорға қалам. Деп едің "жетпісімді тойла балам", Нардан қалған ботадай боздап алам. Кең дүниені сыйдырып кеудесіне, Кең сайға жатады деп ойламағам. Тіріңде табақтас кім, қабақтас кім, Түңілігін ашып бердің таңы атпастың. Арамдықтың қақпанын баспайын деп, Арыстандай ізіңді санап бастың. Жақсылықтай ұл тумас дегім келіп, Туса туар артылмас - қазақша айттым.

Серіктес жаңалықтары