Илон Маск әлемдегі миллиардерлер тізімінде 4 орынға шықты

Илон Маск әлемдегі миллиардерлер тізімінде 4 орынға шықты

Илон Маск әлемдегі миллиардерлер тізімінде 4 орынға шықты
ашық дереккөзі
«SpaceX» және «Tesla» компаниясының негізін қалаушы өнертапқыш Илон Маск әлемдік қалталы миллиарделер қатарында 4 орынға жайғасты. Бұл туралы ӨзА хабарлайды. «Bloomberg» келтірген мәліметтерде Масктың байлығы 7,8 млрд долларға өскен. Бұл жағдай 17 тамызда «Tesla» акциясы бағасының күрт көтерілуінің артынан кәсіпкер әлемдік миллиарделер қатарында «LVMH» компаниялары тобы директоры Бернар Арноның байлығынан (84,6 млрд) 200 млн-ға жоғары бағалынып (84,8 млрд) 4 орынға шығуына ықпал еткен. 2022 жыл Жер шарын тегін интернетпен қамтуды қолға алған Илон Масктық байлығы биыл жыл басынан 57,2 млрд долларға өскен. Әлемдік рейтингте «Amazon» басшыс Джефф Безос 188 млрд доллармен жетекшілік етуде. Ол биыл 73 млдр доллардан астам ақша тапқан. Екінші орында 121 млрд байлыққа ие Билл Гейтс болса, үшінші шепте «Facebook» иесі Марк Цукерберг жайғасқан. Оның байлығы «Bloomberg» тарапынан 99 млдр-қа бағаланған.