Бизнес өкілдері «Nur Otan» партиясы праймеризінің тиімділігіне тоқталды

Сондай-ақ!

Қайырымдылықпен айналысушылардың 71 пайызы – қарапайым халық

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қайырымдылық және еріктілер – ұлттық мәдениеттің бір бөлігі» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Еріктілер жылына орай ұйымдастырылған бұл...

Подъездегі картиналарды ұрлаған елордалық ұсталды

Полицияға «Манхэттон» тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан арыз түсті, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті. Олардың айтуынша, белгісіз біреу бірінші қабатта қабырғада ілініп тұрған...

Қостанай облысында дәрігер жетім балалардың азық-түлігін алып отырған

Қостанай облысында балалар үйінің бас дәрігеріне үкім шығарылды, деп хабарлайды Арқалық қалалық соты. "2016-2019 жылдар аралығында балалар үйіне 30 жетім бала үшін азық-түлік жеткізіліп отырған,...

Жастарға жігер беретін жоба

Мемлекеттің басты капиталы – қазба байлықтары емес, ұшқыр ойлы, білімді азаматтары. Кез келген елдің болашағы қолынан іс келетін, қоғамды алға сүйрей алатын адамдарға тәуелді....

2020 жылғы 19 тамызда Nur Otan партиясының хатшысы Марат Сембековтың ZOOM-конференция форматында бизнес қоғамы өкілдерімен онлайн кездесуі өтті. Бизнес өкілдері партияішілік іріктеу туралы сөз қозғады.

Іс-шараны, Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрам Пішембаев жүргізді.

Конференцияны аша отырып, ол партияның сайлауалды бағдарламалары әрдайым нақтылықпен ерекшеленетінін атап өтті, мысалы, онда индикаторлар нақты жазылған: мектептер мен емханаларды қанша салу керек, қай өңірде, қандай жолдар жөндеуге жатады және т.б. атап өтті.

«Пандемия, карантин және жалпы экономикалық дағдарысүйлесімді шешім қабылдауды қажет етеді. Бүгінде біздің еліміз бүкіл әлеммен бірге қиын кезеңдерді бастанөткеруде, сондықтан қазір біз «Nur Otan» партиясының жүргізіп отырған саясатын бірлесе отырып, қолдауымыз қажет. Өз тарапымыздан партияның жаңа экономикалық саясатын әзірлеуге белсенді атсалысамыз», деді Мейрам Пішембаев.

«Қазақстан машина жасаушылар одағы»ЗТБ Басқарма төрағасының орынбасары Ерқанат Мақанов өз кезегінде партиялық бастамаға қолдау білдірді.

«Қазақстанның машина жасаушылар атынан «Nur Otan» партиясының праймериздерді өткізу жөніндегі бастамасын толық қолдаймыз. Біріншіден, бұл жаңа тәсіл, партия ішіндегі бәсекелестікті ынталандыратынына, екіншіден, «Nur Otan» партиясы жақтастарының базасын кеңейтуге әкелетініне сенімдіміз. Партия жаңа идеялар мейлінше көп алатынына және өңірлер мен орталық арасындағы кері байланысты барынша нығайтады деген ойдамын», – деді Ерқанат Мақанов.

Ол өзі ұсынған қоғамдық ұйым өз деңгейінде праймеризді өткізудің негізгі қағидаттары мен осы іс-шараны өткізуден күтілетін оң әсері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге дайын екендігін айтты.

«Қазақстанның тауар өндірушілері мен экспорттаушылары одағы» РҚЗТ президенті Николай Радостовец праймериз барысында жаңа тұлғаларды анықтау жеткіліксіз екенін, сондай-ақ жаңа идеялар мен жаңа шешімдер табылуы тиіс екенін атап өтті.

«Біз өнеркәсіпшілер, нақты сектор өкілдері, кеншілер, металлургтер, көміршілер, құрылысшылар «Nur Otan» бағдарламалық құжаттарын әзірлеуге көбірек ықпал еткенімізді қалаймын. Ең алдымен, жаңа жұмыс орындарын ашу, бизнесті қолдау және құруда партия бағдарламасының негіз болатын уақыты келді. «Nur Otan» атынан шығатын адамдар мұны қалай жасау керектігін нақты білуі керек. Партияішілік іріктеуді жүргізумен қатар, еңбек адамдарын қолдау, оларға жаңа мүмкіндіктер беру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге назар аудару қажет», – деді Николай Радостовец.

Конференция соңында партия хатшысы Марат Сембеков праймериз – бұл жанашыр азаматтар үшін өз құқықтары мен идеяларын іске асыру мүмкіндігі екенін атап өтті.

«Бірлестіктеріңіздің атынан праймеризге қатысуға бизнестегі мәселелерді көтеретін ең белсенді, беделі бар өкілдеріңізді ұсыныңыздар. Сіздерден «Nur Otan» алаңында өтетін көпшілік қатысатын дебаттарға талқылауға болатын орынды ұсыныстар күтеміз. Партия барлығына ашық, кез келген орынды ұсыныстар мен бастамаларды қолдауға дайын», – деді Марат Сембеков бизнес қоғамы өкілдеріне.

Бұған дейін Елбасы, Партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan-ныңжақтастарын және партияластарды еліміз үшін маңызды саяси оқиғаға белсене қатысуға шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, кандидаттарды ұсыну және тіркеу 17 тамызда басталды және ол 28 тамызға дейін жалғасады. Үгіт-насихатқа дайындалу үшін кандидаттарға 31 тамыздан 6 қыркүйекке дейін 7 күн бөлінеді.

7 қыркүйек пен 3 қазан аралығында кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары, соның ішінде 14-30 қыркүйек аралығында көпшілікке жария дебаттар өтеді. Дебаттар «Праймериз» арнайы ақпараттық жүйесі арқылы партияның ресми аккаунттарында көрсетіледі.

Редакция таңдауы

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Нұрсұлтан Назарбаев: Түркістанды дамыту – халқымыз үшін қасиетті парыз

Ұлы Жібек жолында мыңжылдық өркениеттерді тоғыстырған Түркістан – Ұлы даладағы ұлы өзгерістерге негіз болған қасиетті қала. Түркістан – ұлы ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен...

Төрт облыста дауылды ескерту жарияланды

4 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан...

Қайырымдылықпен айналысушылардың 71 пайызы – қарапайым халық

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қайырымдылық және еріктілер –...

Подъездегі картиналарды ұрлаған елордалық ұсталды

Полицияға «Манхэттон» тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан арыз түсті, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан...
балалар үйі

Қостанай облысында дәрігер жетім балалардың азық-түлігін алып отырған

Қостанай облысында балалар үйінің бас дәрігеріне үкім шығарылды, деп хабарлайды Арқалық қалалық...

Жастарға жігер беретін жоба

Мемлекеттің басты капиталы – қазба байлықтары емес, ұшқыр ойлы, білімді азаматтары. Кез...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...