Бұл – шынайы бәсеке алаңы

Сондай-ақ!

1 желтоқсанда отшашу және бұқаралық іс-шаралар өту-өтпеу туралы белгілі болды

1 желтоқсанда Нұр-Cұлтан мен Алматыда сауда ортылықтары мен қоғамдық көліктің жұмыс режимі белгілі болды. Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі Тұңғыш Президент күні қоғамдық көлік қалыпты режимде...

Украинада қазақ мәдени орталығы ашылды

Украинада «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйі ашылды, деп хабарлайды «Отандастар қоры» баспасөз қызметі. ⠀ 2020 жылғы 30 қарашада «Отандастар қоры» КеАҚ пен «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ...

Алматының аруы – Асият (фото)

 «Алматы аруы – 2020» байқауының жеңімпазы болып 20 жастағы  Асият Исембаева танылды. Асиятпен қатар сұлулар сынына қатысқан тағы 3 ару 2021 жылы өтетін «Қазақстан...

Адамдарды вакцина арқылы чиптеу мүмкін бе – сарапшы пікірі

Коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасының құрамында халықты чиптеуге арналған құрамдас бөліктер жоқ. Бұл туралы Сеченов университеті Трансляциялық медицина және биотехнология институтының директоры Вадим...

2020 жылдың 18 тамызында «Nur Otan» партиясының хатшысы Арман Қырықбаевтың қатысуымен  «Еліміздегі әлеуметтік-саяси жағдай. «Nur Otan» партиясының праймеризі елімізде эволюциялық өзгерістер жасауға бағыт» тақырыбы аясында Лига жақтастарының жетінші ZOOM-конференциясы өтті. Сондай-ақ конференцияға бизнес, спорт, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен блогерлер және т.б. азаматтар қатысты.

Конференцияны модератор ретінде саясаттанушы Ерлан Саиров жүргізді. Он­лайн-кездесуге блогер Денис Горобец, Қара­ғанды облысы дзюдо федерациясының вице-президенті Ғабдолла Дүйсенбаев, «Арқалық қаласының Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Амангелді Ахметжанов Instagram-дағы v Petropavlovske паблигінің авторы Дмитрий Протопопов, саясаттанушы, журналист Нина Митчинова, кәсіпкер Алмагүл Молдабаева және басқалар қатысты.

Конференцияның модераторы, саясат­танушы Ерлан Саиров іс-шараны аша оты­рып, бүгінгі таңда әлемдегі ахуал шиеле­ніс­кенін, АҚШ пен Қытай арасындағы жағдай қиындай түскенін, сондай-ақ Ресей мен Бело­русьтегі толқуларды атап өтіп, осыған бай­ланысты Қазақстан бірінші кезекте мем­лекетіміздің эволюциялық дамуы туралы ойлануы тиіс екенін айтты.

Ерлан Саировтың айтуынша бұл өзгеріс­тердің символы ретінде еліміздің әрбір аза­маты болуы тиіс. «Біз қандай да бір өз­геріс­терді талап еткенде, әрқайсымыз өз­гергенше ешқандай да өзгеріс болмай­тынын, мін­ез-құлық мәдениеті немесе саяси тәуелділік өзгермейтінін білуіміз керек. «Nur Otan» партиясы бүгін прай­мериз­ді жария­лап отыр және праймериздің бүкіл әлемдегі демократияның негізгі ас­пектісі екенін біле­міз. Бұл бүкіл әлемде адал және ашық ерік-жігер», – деп атап өтті кон­ференция мо­дераторы.

Конференция барысында спикерлер пар­тияның праймеризіне қолдау білдіріп, праймеризге кандидат және бақылаушы ретінде қатысуға дайын екенін білдірді. Атап айтқанда, Денис Горобец, Нина Мит­чинова және Дмитрий Протопопов БАҚ және әлеуметтік желілерде қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. «Менің ойымша, әлеу­меттік желілер арқылы праймериз және бар­лық сайлау процестерін, сондай-ақ болашақ депутаттарды қолдау қажет. Мен міндетті түрде көмектесемін, праймеризді қолдаймын және сайлау өткізу барысында қоғамдық бақылауды жүзеге асырғым келеді», – деді v Petropavlovske қоғамдық қоры­ның авторы Дмитрий Протопопов.

Денис Горобец Birgemiz қоры көмегінің маңызын атап өтті. «Мен интернетте прай­мериз барысын жариялап отыруға көмек көрсетемін. Biz Birgemiz акциясы адамдарға көп көмек көрсетті. Алайда партия ішінде өз­герістер қажет және бұл праймериз бізге қа­жет», – деп атады.

Нина Литвинованың айтуынша, Ақмола облысының жастары партия ішіндегі сай­лауға белсенді қызығушылық танытып отыр және қатысуға дайын. «Праймеризге қаты­суға көп жас ниет білдіріп отыр», – деді ол. Сөз соңында спикер облыс халқы қазір «Nur Otan» партиясының праймеризі өтіп жатқаны туралы бұқаралық ақпарат құрал­дарынан және әлеуметтік желілер арқылы жақсы хабардар екенін атап өтті.

Өз кезегінде «Арқалық қаласының Жас­тар ресурстық орталығы» КММ директоры Амангелді Ахметжанов праймеризге қатысатынын айтты. «Ал праймеризге келер болсақ, мен аталған науқанға міндетті түрде қа­тысамын. Өйткені ол жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Біріншіден, партия ішіндегі бәсекені арттырады», – деді ол. Сондай-ақ спикер ел бірлігінің арқасында вирусты ауыз­дықтағанын және қазір жағдай тұрақ­талғанын айтты.

Сонымен қатар жас саясаттанушы Бауыр­жан Серікбаев бақылаушы боламын деген азаматтармен де байланыс орнат­қанын айтып, праймериз өткізудің маңызы туралы өз пікірімен де бөлісті. «Праймериз Қазақстанда бірінші рет өткізілген соң халықтың арасында сеніммен қатар аздаған күдік те жоқ емес. Біз тәуелсіз бақылау­шы­ларды республика бойынша тартуымыз керек. Аудандардағы кәсіпкерлерді де тарту маңызды. Праймериздің әділ өтуіне, жа­лынды жастардың жаңа қызметтерге келуі­не жағдай жасауымыз керек», – дейді ол.

Онлайн кездесуге қатысушылар прайме­риз­ді өткізу ережелеріне, шарттары мен кезеңдеріне, дауыс беру тәртібіне, квоталау жүйесіне қызығушылық танытты.

Конференцияны қорытындылау бары­сын­да «Nur Otan» партиясының хатшысы Арман Қырықбаев үгіт-насихат кезінде праймериз қатысушыларына сындарлы сын ұстанып, бар проблемаларды айтудан қо­рықпауға шақырды. «Біз орынды сын айта алатын адамдардың праймеризге қатысу арқы­лы жеңіске жетіп, «Nur Otan» партия­сының ғана емес, сондай-ақ билік өкілет­тіктеріне ие, келеңсіз жағдайларды өзгерту мүмкіндігі бар адамдар тобының бір бөлігі­не айналуы үшін механизм жасаймыз», – деп атап өтті Арман Қырықбаев.

Естеріңізге сала кетейік, кандидаттарды ұсыну және тіркеу 17 тамызда басталды жә­не ол 28 тамызға дейін жалғасады. Үгіт-наси­хатқа дайындалу үшін кандидаттарға 31 тамыздан 6 қыркүйекке дейін 7 күн бө­лінеді.

7 қыркүйек пен 3 қазан аралығында кан­дидаттардың үгіт-насихат жұмыстары, со­ның ішінде 14-30 қыркүйек аралығында көп­шілікке жария дебаттар өтеді. Дебаттар «Праймериз» арнайы ақпараттық жүйесі арқылы партияның ресми аккаунттарында көр­сетіледі.

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...
Джо Байден

Джо Байден аяғынан ақсады

АҚШ-тағы президент сайлауда жеңімпаз болған Демократиялық партиясының өкілі Джо Байден аяғын жарақаттап...
Намбарын Энхбаяр Назарбаев

Намбарын Энхбаяр: Көреген және батыл болудың себебі (Елбасы туралы)

Моңғолияның үшінші Президенті Намбарын Энхбаярдың Тұңғыш Президент күніне орай жазған “Көреген және...
отшашу

1 желтоқсанда отшашу және бұқаралық іс-шаралар өту-өтпеу туралы белгілі болды

1 желтоқсанда Нұр-Cұлтан мен Алматыда сауда ортылықтары мен қоғамдық көліктің жұмыс режимі...
қазақ мәдени орталғы

Украинада қазақ мәдени орталығы ашылды

Украинада «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйі ашылды, деп хабарлайды «Отандастар қоры» баспасөз...

Алматының аруы – Асият (фото)

 «Алматы аруы – 2020» байқауының жеңімпазы болып 20 жастағы  Асият Исембаева танылды....

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...