Праймериз арқылы бәсекелі және ашық негізде партиялық тізім қалыптасады – Даниал Ахметов

Праймериз арқылы бәсекелі және ашық негізде партиялық тізім қалыптасады – Даниал Ахметов

Праймериз арқылы бәсекелі және ашық негізде партиялық тізім қалыптасады – Даниал Ахметов
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Даниал Ахметов праймеризге қатысты үндеу жолдады. Құрметті достар! 17 тамызда елімізде алғаш рет «Nur Otan» партиясының праймеризі басталды. Партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қабылдаған бұл маңызды тарихи шешім отандық саяси жүйенің дамуына жаңа серпін береді. Қазақстанның партиялық-саяси жүйесінің даму тарихында алғаш рет праймериз жалпы республикалық ауқымда өтеді. Басты мақсат – бәсекелестік күрес негізінде барлық деңгейдегі мәслихаттарда және ҚР Парламенті Мәжілісінде тиімді депутаттық корпус қалыптастыру үшін мықты көшбасшыларды анықтау. Праймериз арқылы бәсекелі және ашық негізде партиялық тізімдер қалыптастырылатын болады. Барлық қалалар мен аудандардың партия мүшелері қоғамдық сенім мен қолдаудың жоғары деңгейіне ие ең беделді партия көшбасшыларын дербес анықтайды. «Nur Otan» – бұл өзгерістердің негізі бола алатын жалғыз саяси партия. Партия – жаңа кезеңге орай үнемі жаңарып отыратын кәсіби басқарушылар тобы. Құрметті жерлестер, мен сіздерді «Nur Otan» партиясының праймеризіне белсенді қатысуға шақырамын!