Covid-19: Kusto Help қайтыс болған медицина қызметкерлерінің отбасына 1 млн теңгеден аударды

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмониядан қайтыс болған медицина қызметкерлерінің саны 174 адам екенін мәлімдеді.

Олардың қатарында 98 дәрігер, 40 орта буын медицина қызметкері, 14 санитар, 8 арнайы көлік жүргізушісі, фельдшерлер, зертханашылар және басқа да мамандар бар.

Олар – коронавируспен соғыста қаза тапқан біздің еліміздің нағыз батырлары. Біздің парыз – қаза болған батырларды есте сақтау және құрметтеу, сонымен бірге асыраушының жоғалуына байланысты материалдық жағдайы одан сайын төмендеген отбасылар туралы ұмытпау.

Осы орайда Kusto Help қайырымдылық қоры қайтыс болған медицина қызметкерлерінің отбасына қаржылай қолдау көрсету туралы шешім қабылдап, көмек қабылдауға келіскен 141 отбасын анықтады.

Kusto Help қайырымдылық қоры медицина қызметкерлерінің әрбір отбасына 1 млн теңгеден аударды.

Back to top button