COVID-19: Париж марафоны өткізілмейді

COVID-19: Париж марафоны өткізілмейді

COVID-19: Париж марафоны өткізілмейді
ашық дереккөзі
Париж марафоны коронавирус індеті салдарынан өткізілмей қалған соңғы ірі жарыс болды, – деп хабарлайды olympic.kz. Бастапқыда марафонды өткізу 5 сәуірге жоспарланған еді, алайда ұйымдастырушылар індет өршіп кеткендіктен жарысты кейінге қалдырды. 18 қазан күні өткізу көзделген, кейінірек ол 15 қарашаға қалдырылды. Алайда, Францияда COVID-19 жұғу көбейгендіктен және көптеген халықаралық желаяқтар жарысқа келу үшін қиындыққа тап болғандықтан ұйымдастырушылар 2020 жылғы жарысты өткізбеу туралы шешім қабылдады. «Париж марафонына қатысуға ниет білдіргендер жарысқа әзірленіп көп тер төкті. Сондықтан олар осы жағдайға байланысты қынжылыс білдірді. Біз Ville de Paris-бен етене жұмыс істеп, әлемнің ең әдемі көшелерінде ең мықты спортшыларды жинайтын 2021 жылғы жарысқа дайындаламыз. Биылғы жарысқа тіркелген спортшылар келесі жылға да жазылдырылды. Егер қатысуды қаламаса, олар арнайы кеудеше мен қосымша опцияларға жұмсалған сомаға тең ваучер алады, немесе 18 айдан кейін өтемақы төленеді», – делінген ұйымдастырушылар мәлімдемесінде. Биыл әлемдік төрт марафон – Бостон, Берлин, Нью-Йорк және Чикаго марафондары өткен жоқ. Ал Лондондағы марафонға тек санаулы спортшы қатысқан.