Апаттан сақтану – амандық кепілі

Апаттан сақтану – амандық кепілі

Апаттан сақтану – амандық кепілі
ашық дереккөзі
1099
«Апат айтып келмейді» деп жатамыз ғой, бірақ қай нәрсе де мемлекет тарапынан мұқият зерттеліп, оның келтірер шығыны мен тудырар қиындығы біліктілікпен сараланып, қорғанудың тиімді әдістері жасалса, алды алынбайтын апат жоқ. Апаттың өзі табиғи және тех­­­но­генді түрде болатыны мә­лім. Алғаш­қысына адамдардың ті­келей қатысы жоқ, сондықтан оны ауыздықтау қиын. Ал кейін­гі­сі адам қолымен жасалған тех­но­логиялық жетістіктердің апат ту­дырушы нысанға айналып, қауіп төндіруі деп түсіндіріледі. Сон­дықтан техногендік сипат­тағы апатты ағылшын-амери­ка­лық авторлар көбіне «техно­ло­гия­лық апат» деп жазады. Техногендік сипаттағы апат­тар келтірер зардаптарды ауыз­дық­тау, сондай-ақ оның салда­ры­ның ауыр болуына жол бер­меу жолында жасалған мем­ле­кеттік шаралар сол елдің шешім қабылдауына байланысты екені мә­лім. Бұл жағынан алғанда, Қа­зақстан Үкіметі елде орын алған тех­ногендік апаттардың қай-қай­сысының да ел тұрғын­дары­на және ел экономикасына тү­сі­рер салмағын дер кезінде бағам­дау арқылы, үлкен жоғалтулар­дың алдын алды. Әрине, елімізде техногендік си­паттағы апат тудыруы мүмкін деп саналған нысандар қатаң ба­қылауда. Сондықтан ол та­рап­тан келер қауіптер залалсыз­дан­дырылған. Дегенмен биылғы әлем­дік пандемияның елімізге де тарап, жүз мыңға жуық адам­ның індет жұқтырып алуын ме­ди­циналық апат деп бағалауға бо­лады. Өткен жылы Қытайда бас­тал­ған коронавирус дертінің күл­лі әлемге тарап, барлық елді әбі­герге салуы орасан зор мора­ль­дық та, материалдық та шы­ғын­ға жеткізді. Ол туралы қауе­сеттер жұрттың зәресін алса, көп­теген жағдайда адамдардың ін­деттің зардабы қалай бо­ла­ты­нына сенбей, соның кесірінен ауру дүниежүзіне тез тарады. Де­генмен елімізде пандемияның алғаш­қы белгілері байқалғанша Қа­зақстан Үкіметі дайындық ша­раларын жасап, өзге елдердегі бо­лып жатқан жағдайларды жіті ба­қылау арқылы дұрыс шешім қа­былдап отырды. Мәселен, нау­рыздың 13-і күні еліміз бойын­ша алғаш рет коронавируспен ауыр­ғандар Алматы қаласында тір­келген күннен бастап-ақ ін­деттің елімізге жеткені ресми түр­де айтылып, әрі қарай нақты ша­ралар қолға алынды. Атап айт­қанда, 19 наурызда жария­лан­ған төтенше жағдай мамыр­дың 11-не дейін созылды. Ал елі­міздің бас қаласы Нұр-Сұлтан мен ең ірі мегаполисі Алматы шаһары карантин режиміне көш­ті. Осының арқасында ха­лық­тың саулығына зор қатер төн­дірген пандемияның себе­бі­нен болатын жойқын жоғалту­дың алды алынды. Мемлекет коронавирус дер­тіне өте сергек қарап, ақпан айын­­да дерттің алдын алу мақ­са­тында үкіметтік резервтен 3,5 мил­лиард теңге бөлінді. Ол қа­ра­жат коронавирустың та­ралуы­на қарсы күрес жұмыстарын жүр­гізу үшін қажетті дәрі-дәр­мек­ті, масканы, тепловизорлар мен басқа да жабдықтарды алу ша­раларына арналған еді. Мемлекеттің, халықтың аман­дығы үшін жасалды десек те, төтенше жағдайдың жария­лануы ел экономикасына үлкен сал­мақ түсіріп, көптеген сала­ның құлдырап, кері кетуіне әсер ете­тіні анық. Ол – барлық елге ор­тақ құбылыс. Осыны ескерген Қа­зақстан Үкіметі қызмет көр­сету, сауда-саттық, мейрамхана биз­несі, ойын-сауық орта­лық­тары секілді адамдарды көптеп жинау арқылы табыс табатын са­лаларды қолдау мақсатында Тө­тенше жағдай кезінде та­бы­сынан айырылғандарға Мемле­кет­тік әлеуметтік сақтандыру қо­ры­нан 42 500 теңге көлемінде ар­найы төлем беруге жарлық берді. Алғашқы төлем 16 наурыз бен 15 сәуір аралығын қамтыды. Осы аралық бойынша арнаулы тө­лем алуға өтініш білдірген 3 млн 960 мың адамға 42 500 тең­ге жәрдемақы тағайындалды. Ал оның екінші кезеңі 16 сәуір мен 11 мамыр аралығын қамтып, 2,9 миллионнан астам адам 42 500 теңге төлемін екінші рет алды. Бұл шектеулер кезеңінде табы­сы­нан айырылған ел тұрғын­дарын қолдаудың жарқын үлгісі болды. 11 мамырдан кейін еліміздің кей қалаларында карантин ша­ра­лары сақталғанымен, төтенше жағдай режимі алынып тастал­ды. Алайда саулығына мән бер­ме­ген адамдардың әрекетінен COVID-19 дертіне шалдыққан­дар­дың саны артып, ауыр халде ауруханаға түскендер қатары кө­бейе бастады. Осыған орай мем­лекетімізде маусымның 10-ынан бастап төрт апталық лок­даун ре­жимі күшіне енді. Осы ара­лық­та коронавируспен ауыр­ған­дардың саны азайғаны белгілі болып, локдаун режимі тамыз­дың 2-сіне дейін ұзартылды. Со­нымен бірге 24 шілдеден бас­тап осы айдағы шектеу шара­ла­рының енгізілуіне байланысты та­бысынан айырылғандар Мем­лекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы тө­лем 1 млн 661 мың адамға та­ғайын­далды. Бұл аталған төлем­нің ел тұрғындарына үшінші рет берілуі еді. Ал тамыз айындағы лок­даун режимінің тағы екі ап­таға созылуына орай табыссыз қалған 799,6 мың адамға МӘСҚ-тан 21 250 теңге көлемінде бір­жол­ғы төлем тағайындалды. Со­лайша, Мемлекеттік әлеумет­тік сақтандару қорынан қазақ­стандықтарға бөлінген қаржы­ның көлемі 260 миллиард теңге­дей болды. Бұл мынадай төтен­нен келген апатты жағдайда Қа­зақстан басшылығының хал­қын індеттен сақтап қалу жо­лын­да шұғыл да дұрыс шешім қа­былдауының көрінісі. Атап айту керек, пандемия кезінде Қазақстан Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым, Ішкі істер министрліктері тынымсыз жұ­мыс істеп, ел азаматтарының сау­лығын сақтау жолында Мем­лекет басшысының тап­сыр­ма­ларын аса ыждаһатпен орын­да­ды және олардың жұмысы қа­зір де сол қарқынмен жалғасып жа­тыр. Аталған министрліктің бірі халықтың індеттен сақ­тануы мен ауырып қалғандарын емдеу шараларын қатаң ба­қы­ласа, тағы бір қатаң режим ке­зін­де халықтың әл-ауқатының төмендеп кетпеуіне жәрдем бер­ді. Тағы бірі пандемия кезінде бі­лім сапасы құлдырап кетпеуін қадағаласа, енді бірі жалпы тәр­тіптің сақталуын күндіз-түні қас қақ­пай назарында ұстап отыр­ды. Соның арқасында пандемия кезінде індетке шалдыққан ел азаматтарының көбі ажалдан арашаланды. Техногендік апаттар кейде бір елден өтіп, екінші бер елге зар­дабын тигізіп жатады. Сон­дай апаттың бірі осы жылдың ма­мыр айының 1-і күні көрші­лес өзбек еліндегі Сардоба су қоймасының жарылуынан бол­ған апат. Өзбекстанның Қазақ­стан­мен шекарасына өте жақын жер­ге салынған бұл су қойм­а­сын­да 922 миллион текше метр су болған. Сардобаның бұзылуы­нан су тасқыны  Өзбекстанның Сырдария облысының біраз жерін су басып, тасқын су келесі кү­ні Қазақстанның Түркістан об­лысы, Мақтаарал ауданы ай­мағына жеткен. Сол күні су бас­қан төрт елді мекеннің тұр­ғын­дары шұғыл эвакуацияланып, адам шығынына жол берілмеді. Су тасқынынан 620 үй бүлініп, 14 елді мекеннен 31 606 тұрғын қауіп­сіз жерге көшірілген. Апат­тан келген шығын көлемі 404 миллион теңгеден асқан. Де­ген­мен Төтенше жағдай министр­лігі мен Түркістан облысы бас­шылығының тез қимылдауы­ның арқасында апат аймағындағы отандастарымыз аман қалды. Аталған жағдайға орай, Қазақстан Үкіметінің төтенше ре­зервінен қаражат бөлу туралы биы­лғы 13 мамырдағы №291 қау­­лысымен Түркістан облы­сын­да болған төтенше жағдай­дың зардаптарын жою үшін, оның ішінде  Мақтаарал ауданы­ның су астында қалған Достық, Жеңіс, Жаңа Тұрмыс, Өргебас және Фирдоуси елді мекен­дері­нің тұрғындарына өтемақы тү­рінде келтірілген зиянды (за­лалды) 100 000 теңгеден өтеу үшін 650 млн теңге,  тұрғын үйлер­ді салу үшін 4 млрд теңге, Мыр­закент елді мекеніндегі ин­женерлік инфрақұрылым құры­лысын жүргізу үшін 3,738 млрд теңге,  Өргебас және Фирдоуси елді мекендеріндегі сумен жаб­дықтау жүйесін қайта жаңар­ту және қалпына келтіру үшін 562 млн теңге,  көлік инф­рақұрылы­мын қалпына келтіру үшін 1,05 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінген. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салда­ры­нан бес елді мекенде (Жеңіс, Жаңа Тұрмыс, Достық, Өргебас және Фирдауси) 1 030 тұрғын үй зардап шеккен. Жүргізілген техникалық зерттеп-қараудың нәтижелері бойынша 437 үй жаңа үй, соның ішінде 235 үй Үкі­меттің төтенше резервінің қара­жаты есебінен салынған. Су тас­қынынан зардап шеккен за­лалды алдын ала бағалау қоры­тын­дысы бойынша, Үкіметтік комиссия Достық, Жаңа Тұрмыс және Жеңіс кенттерінің тұр­ғындарын көшіру және Мыр­за­кент кенті аумағында орналас­қан жаңа шағын ауданда оларға ар­налған үйлер салу туралы ше­шім қабылдады.  Осы мақсат­та елді мекеннің шетіне 70 га алаңы­мен жер учаскесі бөлінді.  Әзірленген үлгілік жобаларға сәйкес әрбір үйдің жалпы алаңы 100 шаршы метрді құрайды, бөл­ме саны 4 болады. Міне, көрші елдегі техноген­дік апат нәтижесінде су тасқы­ны­ның кесірінен зардап шеккен Түркістан облысы, Мақтаарал хал­қының қалыпты өмірге қай­та оралуына жағдай жасаған Қа­­­­зақстан Үкіметі осындай ау­қым­ды жұмыстар атқарды. Қазақстан басшылығы елі­мізде орын алған табиғи және тех­ногендік апаттардың салда­рын жою үшін әрдайым шұғыл ше­шім қабылдап, жақсы нәти­же­лерге қол жеткізіп келеді.

Серіктес жаңалықтары