Қазақстан мен Түркіменстан шекарасы уақытша жабылды

Қазақстан пен Түркіменстан шекарасы уақытша жабылды. Себебі Түркіменстан шекарасындағы қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, шетелдіктердің елге бес күнге визасыз келу құқы уақытша тоқтатылды.

Бұрын қол жеткізілген келісімге сәйкес, Маңғыстау облысында тұратын Қазақстан азаматтары Түркіменстанның Балқан уәлаятына 5 тәулікке дейін визасыз кіре алады. Қазақстан азаматтарының тұратын орны жеке куәліктегі (төлқұжаттағы) тұрғылықты мекен-жай белгісі негізінде анықталады.  Түркіменстан  Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес, тиісті тәртіпте виза ресімдеген азаматтар елде көбірек жүре алады.

«Қазір қазақстандық-түркімендік шекарада «Темір-баба» автомобильді өткізу бекеті орналасқан. Онда кеден бекеті мен «Болашақ» теміржол кедендік бекеті орналасқан.  «Темір-баба» шекара маңындағы өткізу бекеті Қарақия ауданында Ақтау қаласынан 335 шақырым жерде орналасқан. «Болашақ» теміржол кедендік бекеті автомобильдерді өткізу бекетінен 80 шақырым жерде орналасқан», – деді Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті ұйымдастыру-қаржылық басқармасының басшысы Мақсат Ақмұратов.

 

 

 

Back to top button