9 Тамыз, 18:20 423 0 Спорт Анар ЛЕПЕСОВА

Astana командасы халықаралық онлайн шахмат турнирінде жеңіске жетті

Елдер мен төрт қаланың жасөспірімдері арасындағы Four Cities Friendship Chess Championship 2020 – Junior Division халықаралық шахмат онлайн матч-турнирі қазақстандық Astana командасының айқын жеңісімен аяқталды.

Қазақстан шахмат федерациясының хабарлауынша, ҚШФ Гонконг, Сингапур және Малайзияның ұлттық федерацияларымен бірлесіп өткізілген турнирі 25 шілде мен 8 тамыз аралығында болды. Оған Нұр-Сұлтан, Гонконг, Сингапур мен Малайзияның командалары қатысты.

Astana шахмат командасынан өз жас санатындағы ҚР чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері өнер көрсетті. Жеңімпаздарды мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова құттықтады

. «Сіздерді халықаралық онлайн-матчтағы жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Турнир бойы біздің құраманың барлық мүшелерінің керемет дайындығы мен сенімді ойын көрсеткенін атап өткім келеді. Балалар жақсы жұмыс істеді, жинала алды, және қойылған мақсаттарды тамаша орындады», - деді министр.

 

Соңғы жаңалықтар