Қырымда індет жұқтырудың рекордты көрсеткіші тіркелді

Қырымда індет жұқтырудың рекордты көрсеткіші тіркелді

Қырымда індет жұқтырудың рекордты көрсеткіші тіркелді
ашық дереккөзі
Қырымда бір тәулік ішінде коронавирус жұқтырудың 39 дерегі анықталған. Бұл – пандемия басталғалы тіркелген рекордты көрсеткіш, деп хабарлайды «Интерфакс». Республика басшысы Сергей Аксеновтың «ВКонтактедегі» парақшасында жарияланған мәліметке сүйенсек, түбек аумағында соңғы анықталған 39 деректің 16-сы – медициналық көмекке жүгінушілер арасынан, 17-сі – бұрын анықталғандармен байланыста болғандарды тексеру кезінде, 6-ауы – дені сау азаматтарды скринингтен өткізу барысында анықталған. Бұған дейін індет жұқтырудың жоғары көрсеткіші 4 шілдеде тіркелген. Ол күні аймақта 38 адамнан коронавирус анықталған. Соңғы дерек бойынша, Қырымда пандемия басталғалы 1386 адам індет жұқтырған. 986 адам емделіп шықса, 16 науқас көз жұмды. Ресейдің оңтүстігіндегі тағы бір курорт 3 тамызда індет жұқтырғандар саны жөнінен рекорд орнатқан. Краснодар өлкесінде бір тәулік ішінде 113 адамнан коронавирус анықталған еді.  Олардың 72-сі – әйел, 41-і – ер адам, 12-сі – бала. Еске сала кетсек, бұған дейін Түркия курорттарында коронавирус жұқтыру деректерінің саны күрт артқанын хабарлағанбыз.