Індеттің беті қайтуын тілеп, тасаттық жасады

Сондай-ақ!

Украинада қазақ мәдени орталығы ашылды

Украинада «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйі ашылды, деп хабарлайды «Отандастар қоры» баспасөз қызметі. ⠀ 2020 жылғы 30 қарашада «Отандастар қоры» КеАҚ пен «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ...

Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ: Нұрбесік ауылы – Байқоңырдың күйін кешіп отыр (видео)

Нұр-Сұлтан қаласы Көктал-1 шағынауданы шетінде бейресми атауы Нұрбесік деп аталатын ауыл бар. Бейресми дейтін себебіміз бұл елді мекеннің бой көтере бастағанына 12 жылдан асса...

Рудный қаласы мен оның төңірегіндегі елді мекендерде барлығы 16 мыңға жуық қандас тұрады.  Атамекенім деп келген олар осындағы кен орнынан, басқа да кәсіпорындардан жұмыс тауып, ешкімге қол жаймай, өзінің тіршілігін бастаған. Негізінен Өзбекстаннан келіп жатқан қандас ағайын арқасында Рудный қаласы қазақтанып, мемлекеттік тілде білім беретін мектеп саны көбейді.

Дүниені бір тарының қауызына сый­ғыз­ған коронавирус індеті біздің елге де нәубет бо­лып тұр. Бүкіл жер жүзінде осы кеселге қар­сы түрлі жұмыстар жүріп жатыр. Бірақ дәл қазір аурудың біржола беті қайтқан жоқ. Адам шығыны бізде де аз емес. Жақсы да, жай­саң да, кәрі де, жас та осы аурудан о дү­­ние­лік болды. Бұл, әрине халқымыздың жа­­нын сыздатады. Қазақтың көрген құ­қайы тек бұл емес. Ұлт болып сақталып қалуы үшін қандай жаумен алыспады дей­сіз? Ұлы далада малды да, жанды да шы­бын­дай қырған жұт пен жұқпалы ауру секілді та­би­ғаттан келген апат та аз болмаған. Сон­­дай кезде аталары­мыз мал сойып, та­сат­тық жасап, Алладан медет сұраған. Ата­жұрт­тағы құтты қонысын Рудный қала­сы­нан тапқан қандастар аталарымыз ұстанған осы жолымен сиыр сойып, тасаттық жа­сады. Оның басы-қасын­да Дүниежүзі қа­зақ­тарының қауымдастығы мен «Отандастар» қоры облыстық филиалы­ның белсенді мү­шелері жүрді.

– Дүниежүзіне аз уақытта жайы­лып кеткен вирус бүкіл адамзатқа қауіп төндірді. Елімізде осы індет­тің құрбаны көбейді. Аллаға жал­барындық, сиыр сойып, тасаттық жа­садық. Алла тілегімізді берсін, ел іргесі мықты болсын, ел-жұрт аман болсын деп тіледік, – дейді Нұ­рид­дин Бүкірбаев ақсақал.

Қазір әлеуметтік желілер нағыз «жыл­дам хабар алғызып» тұрған кез. Бел­сенді топ мүшелері WhatsApp-қа та­саттық жа­сау туралы хабарландыру бергеннен кейін-ақ, жұрт тиын-тебенін ортаға тас­тай бастады. «Көп түкірсе – көл» емес пе, ша­малы уақыт ішін­де едәуір қаржы жина­лып қалды.

– Қалалық мешіт имамымен ақылдаса оты­рып, ел-жұрттан түскен 400 мың тең­геден аса қаржыға алдымен бір сиыр сатып алдық. Оны бата жасап, Алладан жалбары­нып, тілек тілеп, сойып, ауырып тұрған, сорпа қажет ететін адамдарға, тұрмысы төмен, көпбалалы және науқас, мүгедек ба­ғып отырған 45 отбасыға тараттық. Қал­ған 4 отбасыға 10 мың теңгеден бердік. Ар­­­тылған 40 мың теңгені жасанды тыныс алдыру аппаратын алуға қаржы жинаған мешіт имамына өткіздік, – дейді Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен «Отан­дастар қоры» облыстық филиалының тағы бір белсендісі Қыдыр Өтебаев.

Атажұртқа келіп жатқан қандастар нәу­бетке қарсы бүкіл дүние күресіп жатқан кезде, осындай ауызбірліктің, иманды­лық­тың, адамгершіліктің үлгісін көрсетті.

 

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

Қостанай облысы

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...
вакцина

Қазақстанның коронавирусқа қарсы вакцинасы наурызда шығарыла бастайды

Коронавирусқа қарсы вакцина 2021 жылдың наурыз айында шығарыла бастайды. Бұл туралы Орталық...

Қазақстандықтарға интернет алаяқтардың арбауына түсіп қалу қаупі бар

Ақпараттық технология дамыған сайын білімді алаяқтар да көбеюде. Олар фишингтік сайттар арқылы...

Назарбаев жаңа мемлекетті «орбитаға» қалай жіберді

1991 жылдың соңы. КОКП-ның күйреуі және Қазақстан Республикасы Президентінің алғашқы жалпыхалықтық сайлауы....

ШҚО-да карантин ұзартылды

Шығыс Қазақстан облысында шектеу шаралары 17 желтоқсанға дейін ұзартылды. ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық...

«Тақиялы періштеге» Баталов қандай сый-құрмет көрсетті?

Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов ардагер, белгілі актер Әлімғазы Райымбековті қабылдап, 85...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...