Booking.com-да жұмыс істейтін қазақ: Қазақстандағы IT саласы тілі шықпаған баладай

Әлемнің алпауыт компанияларында шеберлігін шыңдап, біліктілігін арттырып жүрген қазақтар саны жылдан-жылға артып келеді. Әсіресе, ақпараттық технологияның қыр-сырын жақсы білетін қазақ жастарына шетелдік компанияларға жұмысқа тұру еш қиындық тудырмайды. Мәселен, қонақүй мен тұрғын бөлмелерді брондау бойынша әлемдік көшбасшы саналатын Booking.com компаниясының Амстердамдағы кеңсесінде қазіргі таңда жиырма қазақ жұмыс істеп жүр. Соның ішінде мобильді қосымшалар әзірлеумен айналысатын алматылық Нәрікби Мақсұтпен арнайы хабарласып, әңгімеге тартқан едік.

– Қонақүйлерді брондау бойын­ша әлемде нөмірі бірінші сана­латын Booking.com ком­паниясына жұмысқа тұру – әркімге беріле бер­­мейтін мүмкіндік. Жалпы, Алма­ты­дан Амстердамға  жолыңыз қалай түсті?

– Алматыдағы №173 мектеп лицейде оқи жүріп, информатика пәнінен олим­пиа­даларға көп қатыстым. Бағдарламалаудан мек­тепаралық, республикалық, халық­ара­лық жарыстардан топ жарып, түрлі гранттар жеңіп алдым. Сөйтіп, осы мамандыққа деген қы­зығу­шылығым ұлғайды. Мектеп бітірген соң, Алма­тыдағы Халықаралық ақпараттық технологиялық универ­си­тетіне оқуға түсіп, мұн­да ағылшын тілінде білім алдым. Сөйтіп, жүргенде үшінші курстан ірі компаниялар мен корпорациялардың тапсырысын орындап, жұмысқа араласа бастадым. Қо­лыма диплом тиген соң да, елде өз маман­ды­ғым бойынша әртүрлі компанияларда бес жылдай жұмыс істедім. Сөздің шыны керек, Қазақ­станда жағдайым жақсы болды, үй де, күй де болды. Десек те, білік­тілігімді шыңдау жағынан бір орында тұрып қал­ғанымды сезіндім, дамымай жүргенімді түсіндім. Бей­нелеп айтсам, Қазақстандағы IT саласы тілі шықпаған бала секілді. Кенжелеп дамуда. Мұнда ІТ маманына дамуға мүмкіндік жоқ. Сөй­тіп, ойлана келе шетелге, со­ның ішінде Амстердамдағы Booking.com компаниясына жұмысқа орналастым. Мұнда аталмыш ком­панияның мо­бильді қосымшасын әзір­леу­мен айналысып жүргеніме бір жыл болды.

– Әдетте шетелдік компанияда тәжірибесі жоқ мамандардың әлем­нің ірі компанияларына жұмысқа бір­ден қабылдануы екіталай. Ал сіз­дің жағдайыңызда барлығы тіпті бас­қаша. Жұмысқа шақыртуды қа­лай алдыңыз?

– Шетелдік компанияға жұмысқа тұру бе­л­гілі бір спорт түрімен айналысумен тең. Мә­селен, ұзақ қашықтықтағы марафонға қа­тысатын жеңіл атлет күндіз-түні шыны­ғып, өз-өзін баптайды ғой. Сол секілді мен де ұзақмерзімді қамтитын жұмысқа құжат тап­сыру процесіне тыңғылықты дайын­далдым. Негізінен, бір емес, бірнеше компа­нияны көздейсің. Мәселен, Google компа­ния­сына дайындалып жүрсең де, мұнымен деңгейлес он шақты ұйымға бірден құжат тапсырасың. Сосын арасынан сенің жұмыс тәжірибеңе қызыққан компаниялардан сұхбаттасуға шақырту аласың. Сөйтіп, бір­неше кезеңнен құралған сұхбаттасу про­цесінен өтесің. Кейіннен жұмысқа қабылдау туралы ұсыныс келіп түскенде, барлығын тара­зыға салып, өлшеп, арасынан өзіңе ың­ғайлысын таңдайсың да ұсынысын қабыл­дайсың.

44

– Сол ұсыныстардың ішінен не­ліктен дәл Booking.com компа­ния­сын таңдадыңыз?

– Мұның бірнеше себебі бар. Ең алдымен ағыл­шынтілді елде жұмыс істегім келді. Сосын шетелдегі жұмыс орным белгілі бір ин­дустрияда өзін мойындатқан мықты ком­пания болуы шарт, себебі мұндай бәсі биік, бәсекелесі жоқ компанияда жұмыс істеудің ықпалы зор екені айтпаса да түсінікті. Со­сын үшіншіден, маған қазақтардан құралған орта керек болды. Бөтен мемлекетке барып алып, бірде-бір қазақ таппай қалсам, қи­налар едім, себебі өзің шетелге енді келіп жат­қанда, қасыңда сені жақсы түсінетін, дем беретін достарың болмаса, жұмыс істеу қиын­ға соғады. Қазіргі күні Амстердамдағы Booking.com компаниясының он бес кең­сесінде менімен қосқанда жиырмадан астам қазақ жұмыс істейді. Бос уақытты бірге өт­кізе­міз, жиі бас қосамыз. Негізі, мұндай орта­ның ауадай қажет екенін көбі ескере бермейді. Кез келген мемлекетке барсаңыз, Үндістан, Түркия, Бангладеш елдерінің азаматтары үнемі топтасып, өзіндік орта құрып алғанын байқайсыз. Бұлай топтасып, жат елде бір-біріңе демеу болып жүру маңыз­ды. Осылайша, барлығы келісіп тұр­ған соң, неге бармасқа деп шешіп, осында кел­дім.  Осы тұста айта кетерлік жайт, мұн­дай ортаның пайдасы зор. Осыдан он жыл бұрын Facebook, Amazon, Google секілді алып компанияларда жұмыс істейтін қазақ саусақпен санарлық қана болатын, әрі оларды ешкім танымайтын. Ал қазір мұның әрқайсысында жұмыс істейтін қазақтар саны көп әрі олар бір-бірін жақсы таниды. Сосын олар осы компаниялардың арасында жұмыс орындарын жиі ауыстырады, бірі Facebook-тан Google-ға ауысса, екіншісі Google-дан Booking.com қатарына қосылады. Мұндайда түйіндемемен қатар, сені сипаттайтын мінездеме қажет. Сөйтіп, ол бауы­рымызға мінездеме жазып, жұмысқа орналасуына септігімізді тигіземіз. Мәселен, менің берген мінездемемді оның басшылығы «Booking.com-да жұмыс істейтін бала сипат­тапты. Демек, бұл белгілі бір деңгейі бар ма­ман болғаны ғой» деп, оны жұмысқа бір­ден қабылдауы ықтимал. Жалпы, кімге кө­мек қажет болса, аянып қалмаймыз, бар­лығымыз қол созамыз.

33

– Әлеуметтік желіде қазақ тілді подкаст ашуыңызға да қазақтілді ортаны қажет етуіңіз себеп болып тұр ғой?

– Ол да бар. Сосын Қазақстанның даму мә­селесін ортаға салғым келді. Зерттеп қа­расам, елде әлеуметтік желіде көпшілік, өнер адамдары, блогерлерді ерекше көріп, тек олар­дың өмірін бақылаумен таңын атырып, кү­нін батырады. Үлгі тұтатын өзге маман­дарды көрмейді, танымайды. Әншілерді жа­ман демеймін, десек те болашақта мем­лекетте барлығы әнші, актер, блогер, вайнер бо­лып кетсе, ел қайдан дамиды? Сол себепті өзім әзірлеген подкаст арқылы жастарға ба­ғыт-бағдар беріп, белгілі бір мамандықтың шыңын бағындырған қарапайым адамдар­мен әңгімелесемін.

– Вирус салдарынан саяхат жа­сауға тыйым салынған қазіргі­дей жағ­дайда қызметі туризммен ты­ғыз байланысты Booking.com қиын­шылық көріп жатқан жоқ па?

– Пандемияның салдарын еңсеру ком­па­нияның ауқымы мен қорына байланысты. Қазір көбіне кішігірім компаниялар зардап ше­гу­де, себебі мұнда үлкен бюджет жоқ. Мә­се­лен, тұрғын үйді жалға берумен ай­на­лы­сатын Airbnb компаниясы үлкен қиындыққа тап болып жатыр. Мұндай компаниялар үлкен нарықта жұмыс істемейді, қолда бар ақ­шаны жаратады, қор жинамайды. Ал Booking.com-да олай емес, мұнда артылған ақшаны жаратпай, қазіргідей қиын ке­зең­дерді еш қиындықсыз еңсеру үшін ар­найы бюджет құяды. Ірі компаниялардың артық­шылығы осы. Сол себепті бізде барлығы ойдағыдай.

– Әлем бойынша ІТ мамандарға сұраныс көп болғанымен, өзіңіз айт­қандай, Қазақстанда дәл осы сала кенжелеп дамуда. Сіздіңше, мұ­ны ерекше бақылауда ұстап, шап­шаң қарқында ілгерілетуге не ке­дергі?

– Аталмыш саланың Қазақстанда та­ны­мал болғанына жеті жылдай уақыт болды. Ал ТМД елдерінде, мысалы Ресей, Украина жә­не Беларусьте ІТ жиырма жыл бойы да­мып келеді. Себебі оларда шетелдіктермен бай­ланыс орнатқан ірі компаниялар бар, нарық ауқымы үлкен. Ал Қазақстанда олай емес. Бізде ІТ мамандары өз өнімдерін тек Қазақстанға ғана арнап жасайды. Мәселен, мамандар кәсіби байланыс орнату үшін Instagram желісін пайдалану керек деген пі­кірді ұстанып алған, негізі олай емес. Өзіңді, өніміңді дамытқың келсе, LinkedIn секілді таза жұмысқа арналған желіні қолданған жөн. Ал егер маман өзін тек Қазақстанға өнім әзірлеумен шектейтін болса, онда оған LinkedIn түк те қажет емес. Себебі Қазақ­станда Instagram желісі былай тұрсын, тіпті таныс арқылы керек-жарағыңды тауып аласың. Бізде ІТ мамандар санының аздығы соншалық, мен Амстердамда отырып, Қазақстанның бүкіл ІТ маманын танимын. Біз өте азбыз. Үнемі айтатыным, шетел нарығына шығуды көздеп, шетелдік ком­панияда біліктілігіңді арттырғың келсе, LinkedIn секілді халықаралық аренадағы платформаларды қолдануың керек. Ал бізде қалай? Бізде көпшілік әлеуметтік желілердегі парақшаларында немен айналысатынын орысша немесе қазақша жазып қояды. Ағыл­шын тілінде титтей де ақпарат жоқ. Айта­лық, бір компания өкілдері сіздің өніміңізге қызығып, профайлыңызды ашып көрсе, ағылшын тілінде ақпараттың жоқтығынан ары ашпай, ысырып қояды. Мысалы, Booking.com-да әлем бойынша таланттарды табу­ға жауапты бір маман отырады. Оған сені қай елден, қай жерден екенің бәрібір, бас­тысы тәжірибең мен біліктілігің болса бол­ғаны. Ол LinkedIn-де кіріп, «бізге програм­мист керек» деп іздесе, қазақтарды тап­пайды, себебі біздің мамандар мұндай бай­ланыс жолына қызықпайды. Сосын Қазақ­стан­да ІТ мамандары жақсы жалақы алады. Олар соған масайып, әрі дамығысы келмейді. Же­ке өзімді айтар болсам, Қазақстанда ме­нің позициям жоғары болды, оның үстіне мамандар көп емес, сұраныс та жоғары. Десек те, жайлы зонаға бой үйретсең, одан шығуың қиын екенін түсіндім. Қазіргі таңда елдегі ІТ мамандардың 90 пайызы делік осы зонадан шыққысы жоқ. Оларға барлығы қо­лайлы, оның үстіне Қазақстанда өмір сүру өте арзан. Сосын бізде ІТ мамандардың ба­сым көпшілігі банктерге бір жұмысқа тұрса, сол жерде көпке дейін тұрақтап қалады, банк деген бір түрме секілді, мұнда адам жұмысқа бір кірсе шықпайды. Сосын Қа­зақстанда бастық болып жүрген маман мұн­да келгенде, қатардағы қызметкер дең­гейіне түсіп қалады. Амстердамға келгенге дейін жеті жылдық жұмыс тәжірибем болса да, мұнда келіп, бұл жинаған біліктілігімнің түкке жарамайтынын, шындап кірісу керек екенін түсіндім. Жоғарыда айтқанымдай, біздің мамандар өнімін тек ішкі нарыққа арнап әзірлейді, бұлай шектеуді қою керек, тек Қазақстанға арналған өнімді жасауды доғару керек. Мәселен, Sogym.kz желісі – тым кішкентай нарыққа арналған жоба. Себебі тек Қазақстан тұрғындарына арнал­ған, тіпті көршілес Ресей азаматтары қол­дан­ғысы келсе де, оларда соғым деген тү­сінік жоқ. Бұл істің өсуі екіталай, бұдан көп ақша да жасай алмайсың. Ауқымы аз. Ал өзім жұмыс істеп жатқан Booking.com-да ең ал­дымен сервис ауқымының кең болуына баса көңіл бөледі. Біздің компания адам әлемнің қай бұрышына барса да, мұнда кіріктірілген керемет таңдаулар арқылы өзіне керегін тауып алуына жағдай жасайды. Ал Қазақ­стандағы әріптестерім мұндай ауқым туралы көп ойланбайды.

– Десек те, көңіліңізден шыға­тын, Қазақстанда әзірленген мо­биль­ді қосымшалар бар шығар?

– Әрине, бар. Мысалы, намаз оқу уа­қы­тын қамтитын Sajde kz деген мобильді қо­сым­ша бар. Мұны өзімнің досым Алмас Әділ­бек деген маман жасайды. Бір қарағанда бұл тым оңай қосымша секілді көрінеді, де­сек те мұнымен көп жұмыс істелінгені бай­қа­лады. Бұл қосымшаны тек Қазақстан тұр­ғындары ғана емес, сонымен қатар, шетел­діктер де қолдана алады. Өзім де осын­да жүріп, сол қосымшаны пайдаланамын, мұнда көптеген тілде жазылған мәлімет бар. Алмастың айтуынша, Англияның Манчестер қаласында тұратын мұсылмандар мұны көп қолданады екен, сөйтіп олар сол қаланы қосуын өтініп, оған өтініш айтыпты. Жалпы, қо­лыңда керемет өнімің болса, экспансия жасау оңай. Қазіргідей ақпараттық тех­ноло­гия заманында ІТ саласы ең тиімді бизнес көзі. Мысалы, сіз әзірлеген сабын өніміне шет­елдік тұтынушылар тапсырыс берсе, бұл өнім бірнеше айдың ішінде жеткізіледі. Ал ІТ өнімі бір секундта жететін нәрсе, сіздің бүгін жасаған өніміңізді, ертең күллі әлем тұтына алады. Қазіргі таңда Оңтүстік шығыс Азиядағы Сингапур, Малайзия, Вьетнам елдерінің нарығы мықты дамып жатыр. Қазақстан мамандары мұнда жетіспей жатқан бір өнімді жасап, олардың нарығына кірсе, әрмен қарай Еуропа нарығына да жол ашылады. Мысалы, Украинада Serpstat деген компания бар, бұл танымал болмаса да, мұны бүкіл мемлекет қолданады. Бұл интернеттен іздеу кезінде сайтыңызды бірінші шығып тұруына жәрдемдесетін компания. Олардың кеңсесі Одессада. Одессада тіпті Snapchat-тың кеңсесі бар. Ал Одесса Қазақстанның деңгейімен салыстырғанда Тараз секілді кішігірім қала. Таразда да осылай неге жобаларды іске асырмасқа? Одессада ешқандай инвесторсыз өз күнін өзі көріп жатқан компания өкілдері жетерлік. Америкалық компания олардың қызықты стартап жобаларын сатып алып, «Көшпей-ақ, сонда жұмыс істей беріңдер, біз жіберген ақшаға кеңсе ашып алыңдар» деп қызметтестік орнатқан. Бізде де мұны істеуге болады. Өскеменде бір досым шетелдік компанияларға жұмыс істейді, сөйтіп, ол Еуропада жұмыс істейтін кез келген маманнан да көп ақша табады. Десек те, бастапқыда бұл мамандықты дұрыс та­нымай, бұған енді бет бұрып жатқандардан «Әкем өз мамандығыммен жұмыс істеме­генімді құптамай, үнемі ұрысып жүреді» де­генді жиі естимін. Ата-ананың қас-қабағына қарайтын болса, ол маманның алысқа бармайтыны анық, себебі ол өзінің емес, ата-ананың үмітін ақтауға бас қатырып, икемі келмейтін мамандықпен айналысуға құр уақыт кетіріп алады. Бұл дұрыс емес, себебі елімізде кенжелеп дамыған салаға бас сұққан бала бастапқыда үлкен нарыққа шыққанға дейін қинал­ғанымен, ертең жемісін молынан жейді. Жалпы, ІТ мамандығына қызығатын оқу­шыға Қазақстандағы ең мықты алты уни­верситеттің (Назарбаев университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Гумилев атын­дағы ЕҰУ, КИМЭП, ҚБТУ және Халықаралық ақпараттық технологиялық университеті) біріне оқуға түсуге тырысуы керек, себебі программист ретінде жетілу үшін белгілі бір орта болу керек. Ал бұл ортаны дәл осы уни­вер­ситеттерден табасыз, мұнда бір қазанда қайнап жүрген жас мамандар бар, олар бұл саланы толық білмейтін студентке жөн сілтеп, жол көрсете алады. Негізі, мүмкін бол­са шетелге оқуға түсуге барын салуы керек, себебі қазір бұрынғыдай емес, тегін грант­тар мен тағылымдамалар көп. Сосын ағылшын тілін еркін меңгеруге тырысу қажет.

– Әлеуметтік желідегі парақ­шаңызға Booking.com компа­ния­сына жұмысқа тұрғаныңызды ха­барлап жазғаныңызда «Бұл деген Қазақстанды мәңгіге тастап кету деген сөз емес. Жоқ, халықаралық компанияларда жұмыс істей жүріп, шыңдаған қабілетім мен алған білі­мімді қолдану үшін Қазақстанға міндетті түрде ораламын. Егер сен расымен ауқымды әрі мақтауға тұрар­лық бірдеңе құрастырғың келсе, мұны жақсы істейтін­дер­­ден үйренуің керек» депсіз. Алдағы уақытта Қазақстанға ІТ саласының жілігін шағып, майын ішкен маман ретінде орал­ғаныңызда нені өзгер­тіп, нені түзейтініңізді ойыңызға қа­зірден бастап түйіп жүрген бо­лар­сыз?

– Әлбетте, ойыма тоқып жүрген идея­ларым бар. Әлбетте, Қазақстанға түбі орала­мын. Сізге мынаны айтайын, мұнда бір азғыру­шы күш бар, себебі Голландия секілді елдер тым жақсы өмір сүру сапасымен баурап алады. Мұнда көңіл тоқ, уайым жоқ. Бес жылдан кейін, бұл елдің азаматы атана аласың. Оның үстіне, бұл елдің төлқұжа­тымен көптеген елді шарлап, дүниетаны­мыңды кеңейтуге мүмкіндік көп. Ал біздің төлқұжатпен тек санаулы елге ғана саяхат­тай аласың, көп жағдайда арнайы виза жа­сату қажет. Десек те, мұндай басымдықтар көп болғанымен, мен мұнда не үшін, қандай жағдайда келгенімді жадымнан шығар­маймын. Мен мұнда мемлекеттен қысым көріп, тауым шағылып келсем бір жөн, бұл елге өз елімде алған білім, жинақтаған тә­жірибемнің арқасында келдім. Ал Голландия мемлекеті маған түк берген жоқ, керісінше, түрлі төлемдерді төлеу арқылы мен бұл елдің қоржынына қаражат салып жатыр­мын. Жалпы, жайлылыққа бойы әбден үйрен­ген Голландия жастары талапкер емес, ай­тарлықтай амбиция жоқ. Ал біз елде қыруар істі түзеу керек екенін көріп, біліп өскен соң, мақсатымыз да үлкен, уайымы­мыз да көп. Сол себепті, қанша мемлекетке барсақ та, түбі сол уайыммен, түбі сол мә­селені ойлап, шешу жолдарын іздеп жүресің. Мен де Алматыда Амстердамдағыдай жұмыс ортам, жайлы кеңсем болғанын қалаймын. Барлығы уақытында болады, болатынын білемін. Десек те, шама келгенше шетелде шынығып, шыңдалып алған жөн. Егер өз еліңде әзірге мұндай орта жоқ болса, басқа ортаға бару қиын емес. Эйнштейн «Пробле­маңды тек бір жолмен шешкісі келетін адам – ең ақымақ адам» дейді, сол себепті ортаны ауыстыру, жұмыс орнын өзгерту өте тиімді қадам. Ме­нің түсінігімде, қырық жасқа дейін елді, жер­ді көру керек, сосын елге оралғанда жи­наған тәжірибең бар, бөлісетін құпияң бар, өтетін сөзің бар, сөйтіп барлығын өз аузыңа қаратып, кәсіптің дөңгеленуіне үлкен үлес қоса аласың деп білемін.

Әңгімелескен Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ

Редакция таңдауы

Мемлекет басшысы көрсеткен 7 басымдық

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында Мәжілістің қызметке кірісуі еліміз үшін символдық мәні бар екі оқиғамен тұспа-тұс келіп отырғанын айтты. Оның...

Қаржы пирамидасынан қашанғы опық жейміз?

2020 жылы елімізде қаржы пирамидаларының саны күрт өсіп, қа­тарына адам қосу арқылы жүретін «бизнестен» келген залал он есе артқан.  Елімізде ең алғашқы қаржы пирамидасы...

Дәурен ҚУАТ: Жер сатылмайды, бірақ оны тиімді пайдаланудың тетігін жасау керек

Дәурен ҚУАТ, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Жер комиссиясының мүшесі – Дәурен мырза, Жер комис­сия­сы­ның мүшесі екеніңізді білеміз. Осы комиссия құрамына өзіңізді ша­қырғанда ойыңызға не келді? –...

Мінсіздік теориясы немесе жақсылардан жаттық іздеу надандығы хақында

Неге екенін кім білсін, қазақ жылқы се­кілді «тістеп сүйеді» деген сөздің жаны бар. Бұл ретте де «Қазақтың өлісінің жаманы жоқ, тірісінің өсектен аманы жоқ»...
Аманғали БЕРДАЛИН

Мемлекет басшысы көрсеткен 7 басымдық

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында Мәжілістің қызметке кірісуі...
Қаржы пирамидасы

Қаржы пирамидасынан қашанғы опық жейміз?

2020 жылы елімізде қаржы пирамидаларының саны күрт өсіп, қа­тарына адам қосу арқылы...
Дәурен Қуат

Дәурен ҚУАТ: Жер сатылмайды, бірақ оны тиімді пайдаланудың тетігін жасау керек

Дәурен ҚУАТ, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Жер комиссиясының мүшесі – Дәурен мырза, Жер...

Жаңалықтар

ҰҚК Атырау облысындағы акциялар туралы ақпаратты жоққа шығарды

Әлеуметтік желілерде жерімізді қорғап, бейжай қалмауға шақырған видеолар таралуда. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, онда «Қалқан-2021» оқу-жаттығуларында түсірілген кадрлар көрсетілген, деп хабарлайды stopfake.kz сайты. «2021...

Ақмола облысында ер адам қызымен бірге сарқырамаға құлап кетті (видео)

Куәгерлердің айтуынша, әкесі мен қызы суретке түспек болғанда, сарқырамаға құлап кеткен. Желіде сарқырама маңында өзеннің қатты ағысы ер адамды баламен бірге ағызып бара жатқаны...

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Осы аптада Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері түрлі жаңа лауазымдарға тағайындалды. Қазақстанда 12-18 сәуір аралығында болған кадрлық ауыс-түйіске «ҚазАқпарат» агенттігі шолу жасады. Апта басында...

Алматыдан 181 км қашықтықта жер сілкінді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 04 сағат 38 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Зілзаланың эпицентрі...

«Намазсыз ораза қаза болады» деген рас па? – дінтанушы жауабы

Белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы Faceboоk  әлеуметтік желісінде қызу талқыланып жатқан сауалға жауап берді. Желіде мынадай («Намазсыз ораза қаза болады» деген рас па? –ред.) діни...

Өмірзақ Шөкеев қарияларды жаңарған Түркістанды тамашалауға шақырды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Шардара ауданындағы ардагерлер үйінде болды. Ақсақалдармен кездесіп, үстел басына жиналғандарды ашық сұхбат құруға шақырды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз...

Қазақстан-Ресей шекарасында әскерилер қоршау орната бастады

Қазақстан мен Ресей шекарасында қоршау орнату жұмысы басталды. Қоршау Атырау және Астрахан (Ресей) облыстарының шекарасында орнатылуда. «2021 жылғы 14 сәуірде Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылында...

Айқын Төлепберген Алматыда өзі куә болған келеңсіз жағдай туралы айтып, жұртты сақтандырды (видео)

Қазақстандық әнші Айқын Төлепберген Алматыда өзі куә болған келеңсіз жағдай жайлы айтып, жұртты абай болуға шақырды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. Айқын Төлепбергеннің...

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі биржа басқармасына төраға болып тағайындалды

Astana International Exchange (AIX) Директорлар кеңесі акционерлер мен реттеуші органдардың мақұлдауымен 23 мамырдан кейін күшіне енетін AIX басшылығының құрылымындағы өзгерістерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Директорлар...

Ақмола облысында жүк көлігі жүргізушісімен бірге суға батып кетті

Ақмола облысының Шортанды ауданында жүк көлігі суға аударылып, жүргізуші тұншығып көз жұмды. Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай сәуірдің 16-да Бектау ауылы маңында болған. «Анықталғандай, қарғын су шайып...

Adobe компаниясының негізін қалаушылардың бірі қайтыс болды

Чарльз Гешке – PDF форматты жасауға қатысқан, Adobe компаниясының негізін қалаушылардың бірі. Калифорнияда тұратын Чарльз 82 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы Adobe компаниясы хабарлады....

Африкада аң аулаған қазақтарды елдегі аңшылар қолдап пікір білдірді

Қазақстанның аңшылық қауымдастық өкілдері Африкада жабайы аңдарды атып, аңшылық құрған әріптестерін қолдап видео түсірді. Кадрлар Instagram-дағы ohotniki_kz парақшасында жарияланды, деп жазды Tengrinews.kz . «Табиғат»  республикалық қауымдастығының...

Тәулік статистикасы: 641 науқастың жағдайы ауыр, 22 адам қайтыс болды

Кейінгі бір тәулікте 22 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 18 сәуірдегі дерек бойынша 37 749 адам (37 294...

Жағдай әлі күрделі: «Қызыл аймақта» 3 қала мен 5 облыс тұр

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі веомствоаралық комиссиясының Telegram каналында еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды. 2021 жылғы 18 сәуірдегі жағдай...

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні

Бұл мереке алғаш рет 1984 жылы атап өтілді. 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен. Бүгінгі...

18 сәуірге арналған ауа райы болжамы: Жауын-шашын, тұман, желдің күшеюі

Бүгін Республиканың оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Қазақстанның басқа аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы: кей жерлерде жауын-шашын болады, найзағай, тұман,...

Нұр-Сұлтанда алты көлікті соғып зақымдаған мас жүргізуші қамауға алынды

Нұр-Cұлтан қаласында мас күйде көлік басқарған жүргізуші көлік тұрағында тұрған 6 көлікке зақым келтірді. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. Полиция...

Көлгінов Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысына қаражат қайдан бөлінгенін айтты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордада салынып жатқан Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылыс барысымен танысты. Бұл туралы шаһар басшысы Instagram-дағы парақшасында жазды. «Қалада республика...

Қазақстандық балуан Азия чемпионы атанды

Қазақстандық балуан Талғат Сырбаз Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Құрлықтық бәсекеде 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол финалда өзбекстандық Сирожиддин Хасановпен кездесті. Екеуара...

Өзбек сенаторлары: Ташкенттен Алматыға әуебилеті – 4,7 млн , ал Мәскеуге – 4,2 млн. сум тұрады. Әділдік қайда?

Ташкентке Алматы жақын, жақын да болса, алыс. Салыстырмалы түрде Мәскеу алыс, алыс та болса, жақын. Өйткені, ұшу ұзақтығына, қашықтыққа қарамастан Ташкент-Алматы бағытындағы әуебилеті қымбат....

WhatsApp мессенджері қолданушыларға қиындық тудыра бастайды…

Әлеуметтік желілердегі шексіз еркіндікке тұсау салына бастайтын секілді. Мәселен, танымал WhatsApp мессенджері енді өз қолданушыларына жаңа ереже ұсына бастайтын болды. Яғни, 2021 жылдың 15 мамырынан...

Алматыдағы «аждаһа» қиратылып тасталды…

«Бүгін таңертең Алматы қаласындағы Құрманғазы-Достық көшелерінің қиылысында бұрынғы ресторанның қасбетіне орнатылған белгілі суретші Владимира Твердохлебовтың «Аждаһа» («Дракон») атты мозаикасы қиратылып тасталған», − деп хабарлайды...

Қостанай облысында «Nur Otan» партиясы қоғамдық кеңестерінің құрамы бекітілді

14 сәуірде «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасы, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың төрағалығымен  «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы саяси кеңесі Бюросының...

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының іске асырылуын қоғамдық кеңестер бақылайды

«Nur Otan» партиясы СҚОФ Саяси кеңес Бюросының отырысында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасының бағыттарын іске асыру жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы...

22 жастағы елорда тұрғыны 11 қабаттан құлап, қайтыс болды

Нұр-Сұлтан қаласында көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде қайғылы оқиға болды. Елорда тұрғыны 11 қабаттан құлап, қайтыс болды. Қайғылы жағдай туралы Telegram-дағы Astanovka 98 каналы...

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанынан 12 қоғамдық кеңес құрылды

Маңғыстау облысының әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы С.Трұмовтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Бюро отырысында үш мәселе қаралды....

Жұмыспен қамту мәселесі оң шешімін тапты

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы «Nur Otan» партиясының аудандық филиалына аудан тұрғыны айлық табысы күн көріс деңгейінен артылмайтынын, қазіргі кезде баласы да жұмыссыз екенін айтып,...

Партияға өтініш білдірген аз қамтылған отбасына баспана берілді

"Nur Otan" партиясының Мойынқұм аудандық филиалына аудан тұрғыны өтініш білдірген. Өз өтінішінде жалғызбасты әке 3 бала асырап отырғанын, қолында ата-анасы бар екенін айтып, баспанамен...

«Онда тұрған ештеңе жоқ». Африкада аң аулап жүрген қазақ өз әрекетін түсіндірді (видео)

Африкада мылтықпен аң аулап жүрген қазақстандықтардың видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарап, қызу талқыланған болатын. Батыр Сейкенов есімді қазақстандық азамат өз әрекетін түсіндіріп, видеоүндеу жасады....

Шығыс Қазақстанда жоғалған 5 жасар бала табылды

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жоғалған 5 жасар баланы тауып, ата-анасына қайтарды. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 16 сәуір күні сағат 16:30 шамасында Глубокое...

Қуат Хамитов келесі жекпе-жегі туралы ресми мәлімдеме жасады

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов (20-7-1) келесі жекпе-жегіне дайындықтың басталғанын хабарлады, деп жазады Prosports.kz. «Ресми! Біз келесі кездесуге дайындықты бастадық! Күні мен орнын жақын арада хабарлаймыз...

Ресейлік сериал кейіпкері: «Қазақтар бізге тас атты ма десек, ас атыпты ғой»

Әлеуметтік желіде ресейлік сериалдан үзінді таралып, қызу талқылануда. Онда сериал кейіпкері, орыс әйел жанындағы құрбысына Алжир лагері жайлы әңгімелейді. «Сен Алжир жайлы естіп пе едің? Ол...

Алматы облысында табытқа әйелдің фотосын салып кеткен күдікті табылды (видео)

Алматы облысында әйелдің фотосы салынған шағын табыт табылды. Әлеуметтік желіде таралып, қызу талқыланып жатқан жағдайды қазір облыстық полиция департаменті тергеу үстінде. Табыт ішіндегі фотода бейнеленген...

Жамбыл облысында жоғалған әйелді іздеген құтқарушының өзі табылмай жатыр

Жамбыл облысында екі айдан бері із-түссіз жоғалып кеткен Гүлдана Санақбайды Тасөткел су қоймасынан іздеп жатқан сүңгуірдің өзі он төрт күннен бері табылмай жатыр. Бұл...

Елорда тұрғыны «BMW X5» автокөлігімен 4 жасар баланы қағып, мерт қылды

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны «BMW X5» көлігімен 4 жасар сәбиді қағып, мерт қылды, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. «16 сәуір күні сағат 19.21-де 102...

«Тапсырыспен адам өлтіру» деген жазуы бар көліктің иесі халықтан кешірім сұрады (видео)

Нұр-Сұлтан қаласында көлігінде «Тапсырыспен адам өлтіру» деген жазуы бар ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Көлік бүгін...

Целиноград ауданында су тарифі төмендетілді

ҚР "Табиғи монополиялар туралы" Заңына сәйкес "Целиноград Су Арнасы" ШЖҚ МКК-ы Жаңа жол, Приречный, Шұбар, Жайнақ, Қызылсуат (Қызылсуат 1 және Қызылсуат 2), Қаратомар, Талапкер...

Африкада аң аулап жүрген қазақтардың видеосы елдің ашуына тиді (видео)

Әлеуметтік желіде "Қазақтар Африкада да аң аулап жүр" деген тақырыпта видео тарады. Видеода екі қазақ азамат және басқа да шетелдік аңшылар жираф атып алғаны...

Әлемдік паспорт индексі бойынша Қазақстан қай деңгейде?

«The Henley Passport Index» әлемдік мемлекет азаматтарының төлқұжат рейтингін жариялады. Онда Қазақстан 69 орында тұр. Азаматтардың жүріп-тұру еркіндігіне негізделген елдер классификатор болып табылатын атаулы компания...

Африкада аштық пен ауру қаупі төніп тұр

Африкада 100 миллионнан астам адам азыққа зәру. Бұл туралы Түркияның ТРТ арнасы мәлімдеді. Мәліметке сәйкес, Африкада 100 миллионнан астам адам «апат деңгейінде» азық тапшылығына ұшырап...

Балқаш қаласы маңында ұшақ құлады

Балқаш қаласының авиациялық оқу орталығында СУ-30 СМ көпфункционалды жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Бұл жөнінде Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламада 2021 жылғы 16 сәуірде сағат...

Елордада 600 мың тұрғын вакцина алса, вирусты жұқтыру қаупі болмайды

Қазір бізде 49 мың адам бірінші компонентпен вакцинацияланды. Осылайша 50 мың адам 1 мамырға дейін иммундалған болады, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми...

Шымкенте дәрігерлер кеңірдегіне түйреуіш тұрып қалған сәбиді аман алып қалды

Шымкент қаласында дәрігерлер кеңірдегіне түйреуіш тұрып қалған үш айлық сәбидің жанын сақтап қалды,-деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Тыныс алу жолдарына әлдене тұрып қалған сәби ауруханаға жеткізілген. Сәбиді...

Партия бағдарламасының сапалы орындалуын жастар да бақылай алады

Павлодарда «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасының 12 бағыты бойынша қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді. 16 сәуірде өткен «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы Саяси...

Елімізден екі айдың ішінде 3,4 мың адам біржола көшіп кеткен

2021 жылғы қаңтар-ақпанның қорытындысы бойынша елімізге 1398 адам келіп, 3422 адам біржола көшіп кеткен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы көші-қон қызметі органдарына сілтеме жасап...

Мархабат Байғұт: Елге қызмет етсем дейтін азаматтар қатарға қосылды

– Өте-мөте өркениетті, аса алпауыт саналатын Америка Құрама Штаттарында баяғы замандарда саяси партиялар бірталай болған көрінеді. Осы жағдайды онша жақтырмаған жалғыз жазушы Марк Твен:...

Қоғамдық кеңестер бюджет қаражатының тиімді және ашық жұмсалуын қадағаламақ

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен облыстық партия филиалының Саяси кеңесінің Бюро отырысы өтті. Отырыс барысында «Nur Otan»...

«Nur Otan» партиясы жанындағы Жас депутаттар корпусын Елнұр Бейсенбаев басқарады

«Nur Otan» партиясында Мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың 600 жас депутатынан тұратын Корпус құрылды. Нұротандық жас депутаттар жастарды қолдау және заң шығару процесінде олардың...

Елімізде екі әуежай уақытша жабылады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі әуежайларды дамыту және жаңғырту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. Кеңесте Шымкент, Орал, Өскемен, Үржар және Үшарал қалаларындағы...

Оңдасын Оразалин: Қоғамдық кеңесте жастарға басымдық берілуі тиіс

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының Саяси кеңесі Бюросының отырысында Өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді. Отырыс барысында...

Ұстаз бақыты – шыңдаған шәкірті

Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі – ұстаз. «Ұстаз» ұғымы ұлтымыз үшін қашан да қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие...

Алматыдағы көпқабатты үйдің тұрғындары Қайрат Нұртастың үстінен шағым түсірді

Әнші Қайрат Нұртастың басы тағы дауға қалды. Бұл жолы әнші Алматыдағы тұрғын үй кешенінің паркингінде бөтен орындарды иеленген, - деп хабарлайды zakon.kz. Zakon.kz сайтының редакциясына...

86 жастағы Қарағанды тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцина алды

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Ботақара кентінің тұрғыны Қанат Жұмашұлы өз өңірінде алғашқылардың бірі болып коронавирусқа қарсы екпе алған. Ақсақал өзін және жақындарын індеттен...

Қарағандыда қоғамдық кеңестердің құрамы бекітілді

"Nur Otan" партиясының Қарағанды облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысында сайлауалды бағдарламаның іске асырылуын бақылауды қамтамасыз ететін өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді. Онлайн-режимде...

Мешіт терезесін сындырып, садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті ұсталды

Жамбыл облысында мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көкдөнен ауылының мешіт имамы xабарласып, түнгі уақытта...

80 жастағы зейнеткерді полицейлер екі рет ажалдан арашалап қалды (видео)

Түркістан қаласының 80 жастағы тұрғыны учаскелік полиция инспекторларына екі рет құтқарылған өмірі үшін алғыс білдірді. Бұл туралы Polisia.kz бағдарламасының кезекті шығарылымында айтылды. Райхан Құрбанбаева Түркістанда тұрады....

Жантүршігерлік қылмыстың құрбаны Аяжан Еділова Талдықорғанда жерленді

Алматыда болған жантүршігерлік қылмыстың құрбаны Аяжан Еділованы Талдықорған қаласында жерледі. Қазақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл ақпаратты марқұмның бауыры Алмат Мүліков растады. «Бүгін, 16 сәуірде Талдықорғанда жерленді», -...

Даниал Ахметов: Кеңестердің жұмысы азаматтардың өтініштеріне негізделеді

Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындалуын қадағалайтын 12 өңірлік қоғамдық кеңестің құрамы бекітілді. Партия Лидерінің алға қойған міндеттерін ескере отырып, ең...

Кадыр түнінде мешітке жиналуға рұқсат па? – Бас мүфти жауап берді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Қадір түні мешіттерге жиналуға бола ма?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның...

Жаңаөзендік әйел 16 жастағы ұлын миы шайқалғанша ұрып-соққан

Жаңаөзен қаласында анасы баласын миы шайқалғанша ұрып-соққан. Енді ол ата-ана құқығынан айырылыуы мүмкін. Бұл туралы "Лада" басылымы хабарлады.  Басылымның дерегінше, оқиғаның мән-жайын қалалық аурухана дәрігері...

Қазақстанда -12 градусқа дейін аяз болады

«Қазгидромет» 17-19 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы 2-3 күнде Қазақстанда -12 градусқа дейін аяз болады. Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің басым бөлігінен атмосфералық ауа ағынының әсерінен...

Жамбыл облысында сайлауалды бағдарламалардың орындалуын 10 қоғамдық кеңес бақылауға алады

Жамбыл облысындағы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың Жол картасының орындалуын жаңадан құрылған 10 қоғамдық кеңес бақылайтын болады. Бұл туралы облыс әкімі, «Nur Otan» ...

Америкалықтар асырап алған қазақ баласы Қазақстаннан туған ата-анасын іздеуде

Ной Сак Маршалл Қазақстанда туған, екі жасында оны америкалықтар асырап алған. «Менің атым – Ной (туғанда Каримов Сұлтан Үмітұлы деген аты-жөні болған). Мен 1999 жылғы...

Атырау қаласының тұрғынынан бір тоннаға жуық бекіре тәркіленді

Атыраулық полицейлер арнайы операция барысында бір тоннаға жуық бекіре балығын тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz. Атырау облысы ПД 15 сәуірде "Бекіре-2021" арнайы операциясының нәтижесінде Атырау...

Түркістан: 12 қоғамдық кеңес сайлауалды бағдарламаны жүргізуге белсенді қатысады

Түркістанда «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы Саяси кеңесі бюросының мәжілісі өтті. Мәжіліске Түркістан облысының әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев төрағалық етті. Күн...

Түркістан музыкалық драма театрының директоры тағайындалды

Түркістан қаласы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" басшысының бұйрығымен Түркістан музыкалық драма театрының директоры қызметіне Көпбасарова Айнұр Сайлаубайқызы тағайындалды. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің...

CureVac вакцинасы жасөспірімдер арқылы сынақтан өтеді

СureVac неміс вакцинасы жасөспірімдер арқылы сынақтан өтпек,-деп хабарлайды Хабар 24. Клиникалық сынаққа 12-17 жас аралығындағы 40-қа жуық Перу мен Панамалық жасөспірім қатысады. Бұған дейін неміс...

Әсел Қалиева: «Мыстан» сериалына түскеннен кейін ешкіммен сөйлескім келмей қалды

Өткен жексенбі 11 сәуір күні «Мыстан» веб-сериалының соңғы кадрлары түсірілді. Бұл Salem social media мен ARTDealers компаниясының бірінші ортақ жұмысы. Түсірілім жұмыстарының басқа жұмыстарға...

Белгілі журналист «Cамұрық-Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс жөніндегі директоры болып тағайындалды

«Самұрық-Қазына»  ұлттық әл-ауқат қорының қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі директоры болып Марат Мұхамедсалиев тағайындалды. БАҚ және PR саласында 1996 жылдан бастап жұмыс істейді. Әр...

Жол бойында төбелес шығарған жүргізушілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Елордадағы жол бойында болған төбелес үшін жүргізушілер жазаланды, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті. Мониторинг барысында Бөгенбай батыр даңғылы бойында «Газель» және «Мерседес» маркалы...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жаңа төрағасы тағайындалды

Президент Жарлығымен Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды. Марат Ахметжанов 1964 жылы 22 желтоқсанда дүниеге...

Отандық кинематографтар шетелдіктермен бірлескен 3 фильм түсіріп жатыр

Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәліметінше, шетелдік және халықаралық кинокомпаниялар біздің еліміздің кино нарығына қызығушылық танытуда. Қазақстандық кинематографтар шетелдік әріптестерімен бірлескен 3 жобаны қолға...

Алик Шпекбаев қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз...

Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшысы қызметінен босатылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі...

Басты мақсат – партияның Сайлауалды бағдарламасын сапалы іске асыру

Облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы А.Баталовтың төрағалығымен облыстық Саяси кеңес Бюросының отырысы өтті. Күнтәртібіндегі бірқатар сұрақ бойынша Бюро мүшелерінің дауыс беруімен құжаттар,...

«NurOtan»: партиялық бастамаларды жүзеге асыру үшін 9 кеңес құрылды

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев білім мен ғылымды дамыту жөніндегі өңірлік кеңесті басқарды. Кеңес құрамындағы 5 нұротандық – осы саланың...

Ақын Есенғали Раушанов дүниеден өтті

Қазақтың аса көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушанов дүниеден өтті. Қайғылы хабарды ақын Ақберен Елгезек Facebook желісіндегі парақшасында жеткізді. Ол 1957 жылы 5...

Өткен тәулікте 2700-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 2656 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 601 Алматы қаласы - 673 Шымкент қаласы -...

Қазақстандық боксшы қыз Франция чемпионын нокдаунға түсірді

Қазақстандық Айшагүл Елеубаева Польшаның Кельц қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Айшагүл өзінің француз қарсыласын төрт рет нокдаунға түсірді,...

Ақмола облысында жедел жәрдем көлігіне студенттер оқ атқан

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Щучинск қаласында жедел жәрдем автокөлігінің терезесін зақымдағандарды анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде 17 жастағы күдікті мен оқиғаның екі куәгері...

16 сәуір: ел тарихындағы маңызды оқиғалар күнтізбесі

1918 жылы 16 сәуірде Орынборда қазақ тілінде «Қазақ мұңы» газетінің алғашқы саны шығарылды. Газет Әліби Жангелдиннің бастамасымен құрылған. «Қазақ мұңы» большевиктер саясатын насихаттап, Алаш...

Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтінім қабылдау басталды

«Ұлттық тестілеу орталығының» мәліметінше, өтінім қабылдау app.testcenter.kz сайтында 15 сәуір сағат 17.00-де басталды және бос орындар аяқталғанға дейін жалғасады. Тіркелу кезінде ҰБТ тапсыратын күнді, уақытын...

Қазгидромет бүгінге арналған ауа райы болжамын ұсынды

16 сәуірде республиканың басым бөлігінің ауа райына антициклон жотасының ықпалы сақталады. Осыған орай жауын-шашынсыз күн райы болжанады. «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамынша, республиканың тек оңтүстік...

“Грэммиі” мен “Приорасы” бар: Иманбектің желідегі суреті жұртты сүйсіндірді

Instagram желісіндегі @nursultan.city парақшасында “Грэмми” сыйлығын иеленген Иманбек Зейкеновтің көлігін жөндеп жатқан суреті жарияланды.  “Грэммиі” бар адамның “Приорасы бар”. Бір уақытта. Мұндай жағдайды бола бермейді....

ШҚО-да балалар үйінің бұрынғы басшысы 63 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Шығыс Қазақстан облысындағы балалар үйінің директоры мен есепшісі жемқорлық бойынша күдікке ілінді,-деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл мәселе алғаш рет 2019 жылдың қаңтарында, балалар үйінің 160 қызметкері...

Мемлекет басшысы көрсеткен 7 басымдық

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында Мәжілістің қызметке кірісуі еліміз үшін символдық мәні бар екі оқиғамен тұспа-тұс келіп отырғанын айтты. Оның...

Қаржы пирамидасынан қашанғы опық жейміз?

2020 жылы елімізде қаржы пирамидаларының саны күрт өсіп, қа­тарына адам қосу арқылы жүретін «бизнестен» келген залал он есе артқан.  Елімізде ең алғашқы қаржы пирамидасы...

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

Станислав Канкуровтың Алматы қаласы мәслихатының хатшысы лауазымына сайлануына байланысты «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының қызметіне жаңа кандидатура қаралды. Партияның Алматы қалалық филиалының...

Дәурен ҚУАТ: Жер сатылмайды, бірақ оны тиімді пайдаланудың тетігін жасау керек

Дәурен ҚУАТ, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Жер комиссиясының мүшесі – Дәурен мырза, Жер комис­сия­сы­ның мүшесі екеніңізді білеміз. Осы комиссия құрамына өзіңізді ша­қырғанда ойыңызға не келді? –...

Мінсіздік теориясы немесе жақсылардан жаттық іздеу надандығы хақында

Неге екенін кім білсін, қазақ жылқы се­кілді «тістеп сүйеді» деген сөздің жаны бар. Бұл ретте де «Қазақтың өлісінің жаманы жоқ, тірісінің өсектен аманы жоқ»...

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында ерекше көпір салынады

Алматы әкімдігінің 2022 жылға дейінгі даму жоспарындағы Әл-Фараби даңғылындағы ерекше көпір һәм таңғажайып саябақтың нобайы таныстырылды. Жаяу жүргіншілер көпірі жасыл желекті қалыптастыратын қаладағы жаңа символға...

500 ғалым мемлекет есебінен шетелде тағылымдамадан өтеді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, – деп хабарлады Ақорда. Биылдан бастап Мемлекет басшысының...

Air Astana Алматы-Батуми бағытында жаңа рейс ашады

15 мамырдан бастап аптасына 3 рет, дүй­сенбі, сәрсенбі және сенбі күндері Алма­ты­дан Батумиге тұрақты рейс қатынайды. Рейстер Airbus A320 лайнерлерімен жүзеге асырыла­ды. Дүйсенбі мен сәрсенбіде KC...

Түркістанда тәуелсіздіктің 30 жылдығы құрметіне 30 миллион ағаш отырғызылады

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен өңірде 30 млн. ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз...

Алимент төлемеген борышкер баласына пәтерін берді

Елордада алимент төлемеген борышкер баласына пәтерін жазып берді, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы. «2020 жылғы 19 наурызда А. есімді...

Атажұртқа алғаш көш бастаған қандастар

Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар, шетелдегі қандастардың атажұртқа бастаған көшіне де 30 жыл толды. Осынау тарихи сәтке мұрындық болып, үлкен игі іс атқарған...

Батыс Африка балаларына білім беріп жүрген Лаура

Туған жылы: 1981 Туған жері: Жамбыл об­лы­сы Жамбыл ауданы Жасөр­кен ауылы Білімі: Жамбыл техника­лық-гу­манитарлық университеті Қызметі: Ломедегі британдық мек­теп (Батыс Африка, Того мемлекеті) Қазіргі таңда қазақстандық мұғалімдер штаб-пәтері...

Елтаңбаны қоқысқа тастаған кім – Прокуратура тексеріп жатыр

Павлодар облысындағы ауылдардың біріндегі қоқыс үйіндісінде Елтаңба мен прокуратура тақтайшасы табылды. Құзырлы органдар мемлекеттік символ қалай қоқыста қалғанын анықтауда. Tengrinews.kz сайтының жазуынша, Instagram желісінде жарияланған...

Қазақстанда киік санағы басталды

Қазақстанда киіктердің санын анықтау үшін тікұшақпен әуеден санау басталды. «14 сәуірде ҚБСҚ қызметкерлері ұшу алдындағы дайындықты өткізді: есептеушілерге арналған тренинг жүргізілді, маркерлерді орнату және есеп...

Вакцина алған адамға коронавирус неліктен жұғады – ДСМ жауап берді

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті вакцинациядан кейін 16 қазақстандықтың коронавирус жұқтыру жағдайын түсіндірді. Комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев елімізде қолданылатын коронавирусқа қарсы вакцинаның құрамында...