5 Тамыз, 13:37 472 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Алматыда жыл соңына дейін «Сергек» камераларының саны артады

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов қалада жыл соңына дейін қосымша 362 «Сергек» камерасы орнатылатынын айтты. 

Оның айтуынша, қосымша камералар әсіресе қоғамдық көліктер жүретін жолаққа орнатылады.

«Қазір қаладағы қоғамдық көліктер жүретін бөлікте ереже бұзғандарды анықтайтын «Жолақ» жүйесі орнатылған. Оның пайдасы зор. Көлік жүргізушілердің жол ережесін қатаң сақтауы үшін қосымша 362 «Сергек» камерасын орнатамыз, – дейді Алматы қалалық ПД басшысы Қанат Таймерденов.

Сонымен қатар, ол қосымша камераларды орнату жұмысы қыркүйек айынан бастап қолға алынатынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар