Президент Ауылшаруашылығы министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовті қабылдады. Бұл кездесуде биылғы жиын-терін шаруалары пысықталды.

А.Мырзахметовтің айтуынша,  биыл ауыл шаруашылығында егіс алқаптары былтырғы деңгеймен салыстырғанда 448 мың гектарға артып, 21,6 миллион гектарға жеткен. Жиын-терін жұмыстарына дайындық аясында үкімет тиісті шаралар қабылдады, соның ішінде аграрлық кәсіпорындар жалпы құны 60 миллиард теңгеге несиелендірілді, ауыл шаруашылығы өнімін  өндірушілер үшін жанар-жағармай құнын арзандату мәселесі қамтамасыз етілген.

Нұрсұлтан Назарбаев жиын-терін науқанына сапалы дайындалу және өткізу үшін қолайлы жағдай жасау қажеттігін атап өтті. Еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің негізгі даму көрсеткіштері, көктемгі егіс науқанының қорытындылары, сондай-ақ күзгі жиын-терін жұмыстарына дайындық барысы туралы баяндалды. 

 

Back to top button