Үлкен Алматы өзеніне көлігімен кірген жүргізуші жазаланды (видео)

Үлкен Алматы өзеніне көлігімен кірген жүргізуші жазаланды (видео)

Үлкен Алматы өзеніне көлігімен кірген жүргізуші жазаланды (видео)
ашық дереккөзі
201
Үлкен Алматы өзеніне көлікпен кіріп кеткен жүргізушіге айыппұл салынды деп хабарлайды  zakon.kz. ҚР ІІМ ресми сайты атап өткендей, аталған факті әлеуметтік желілер арқылы көпшілікке жария болған. Полиция дереу әрекет еткен. "Көрсетілген көліктің жүргізушісі дереу анықталды. Оған қатысты шараны қолдану үшін ер адам бөлімшеге жеткізілді. Тәртіп бұзушы 35 жастағы азамат болып шықты. Ол бұл әрекетін 30 шілде күні жасаған. Ер-азамат көлігінің дөңгелектерін жуу үшін өзенге кіріп кеткенін түсіндірді. Ол өз кінәсін толық мойындады. ҚР ӘҚБтК- нің 434-2-бабына сәйкес құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қоғамдық орынды ластағаны үшін 5 АЕК (13 890 теңге) айыппұл арқалады", - деді Алматы қаласы ПБ жергілікті полиция бөлімінің бастығы Манап Саттаров. https://www.youtube.com/watch?v=TOBUYafZQ8Q&feature=emb_logo

Серіктес жаңалықтары