281
2,1 млн қазақстандыққа 42 500 теңге төленді
2,1 млн қазақстандыққа 42 500 теңге төленді
3 тамыз сағат 15.00-дегі жағдай бойынша ағымдағы жылдың шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,4 млн бірегей өтініш қабылданды. Төлем 2 млн 140 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2,1 млн қазақстандыққа аударылды.
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады.
2,4 млн өтінімнің ішінде:
– 833,8 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;
– 604,4 мың адам eGov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;
– 342,8 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
– 625,2 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.
Азаматтардың санаттары бөлінісінде:
– 833,8 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);
– 202,8 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;
– 1 млн 369,6 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).
Төлем 2 млн 140 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2,1 млн қазақстандыққа аударылды.