Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев қамауға алынды
Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев қамауға алынды
Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторинг комитеті растады, – деп жазды ҚазАқпарат.
«Бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевті Экономикалық тергеу қызметі қызметкерлері қамауға алды», – деді комитеттен.
Тергеу амалдары жүргізілуде.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мәліметтері жария етілмейді.
Айта кетсек, Олжас Әбішев 2018 жылы денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалған. Ол цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне жауап берді.