Бразилия президенті коронавирустан айықты

Коронавирусқа шалдыққан Бразилия президенті Жаир Болсонару індеттен айықты. Бұл туралы мемлекет басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Sars-Cov 2-ге қарсы RT-PCR: теріс нәтиже. Күндеріңіз жақсы өтсін», – деп жазды президент Twitter желісінде.

Болсонарудың сынамасынан коронавирус 7 шілдеде анықталған еді.  Осы уақытқа дейін Президент тапсырғанбарлық тест оң нәтиже көрсетіп келген еді.

Бразилия басшысы ел штаттарында COVID-19 инфекциясының таралуына қарсы сауда мен қызмет көрсетуді шектейтін ережелердің енгізілуіне қарсы және 60 жасқа дейінгі азаматтарды оқшаулауды дұрыс емес деп есептейді. Оның пікірінше, қауіп тобына жататын егде кісілер ғана үйден шықпауы тиіс.

Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, Бразилияда коронавирус жұқтырғандар саны 2,4 миллионға жуықтады. Індетке шалдыққандар саны жөнінен әлем бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші орында тұрған мемлекетте індеттен 86 мыңнан аса адам қайтыс болды.

Back to top button