Елбасы Алматыда болған атысты теракт деп бағалады

Алматыда болған оқиға мемлекеттің шұғыл жиын өткізуіне түрткі болды. Елбасы дереу үкімет мүшелерін шақырып, терактілік дерекке байланысты мәселені төтесінен қойды. Сондай-ақ, «терактілік оқиға» деп баға берген Елбасы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты Алматыға жіберді.

Белгілі болғандай, атыс салдарынан 3 полиция қызметкері мен бір бейбіт тұрғын қаза тапты. Құзырлы органдар қалада террористік қауіптің қызыл деңгейіне байланысты бей-берекет жүруге тыйым салды. Әсіресе, көшеге балаларды шығармау керектігін қаперге салды.

Ал, қазір әлеуметтік желі беттерінде терактілік оқиғаға орай түрлі қауесет тарап үлгерді. Атап айтқанда, Whats app желісі арқылы әп-сәтте жұртқа жайылған «Жұлдыз» шағын ауданында, Қапшағай әскери бөлімінде террорлық әрекеттер орын алды деген ақпараттың  жалғандығы расталды. Мұның артында арандатушылық бой тасалауы мүмкін. Сондықтан әуелі ақпараттың дұрыстығы мен растығына көз жеткізген жөн.

Back to top button