«Nur Otan» алматылық дәрігерлер тұрып жатқан нысандарды тексерді

Сондай-ақ!

Дәрігерлердің жалақысы 2,5 есе өседі – Президент

Бұл туралы Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Жаһандық жаңа сын-тегеуірінді ескере отырып, білім, ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және спортқа...

Назарбаев Университеті сияқты 2 озық өңірлік оқу орны ашылады

Nur Otan партиясының кезектен тыс XX Съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаев Университетінің тәжірибесінде тағы 2 озық өңірлік оқу орны ашылатынын айтты. «Педагог мамандарға сұранысты...

Екібастұз маңында бір топ аққуды атып тастаған қаскөй іздестірілуде

Екібастұз маңында белгісіз қарақшы бір топ аққуды атып тастаған, деп хабарлайды "Информбюро". Бағдарлама тілшілерінің дерегінше, ащыкөл маңында екі ересек аққу және оның сегіз балапаны пайда...

Орыс халық аспаптары оркестрі Димашқа ерекше сый жасады (видео)

«Березка» хореографиялық ансамблі оркестрі қазақтың әйгілі «Әлқисса» күйінің каверін жасап, орыс халық аспаптарында орындады, деп хабарлайды Dimashnews. «Березка» ансамблінің мүшесі Светлана Закуновның айтуынша, «Әлқиссаны» Димаштың...

Партияның Алматы қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы медицина қызметкерлерінің уақытша тұрып жатқан орындарына мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Жұмыс тобының құрамында Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, СЭС басшылығы, аудандық әкімдіктердің, Қоғамдық денсаулық басқармасының өкілдері және тағы басқалар бар. Комиссия мүшелері дәрігерлердің тұру, тасымалдау және тамақтану жағдайларын тексерді.

«Nur Otan» алматылық дәрігерлер тұрып жатқан нысандарды тексерді

Партиялық бақылау комиссиясы бұл жолы екі қонақ үй кешені мен бір жатақханаға барып, жағдаймен танысты. Осыдан сәл бұрынырақ та бұл жерлерге бақылау жасалған және карантин кезінде санитарлық норманың сақталмауына байланысты бірқатар кемшіліктер байқалып, ескерту жасалған.

– Мониторингтік топ осы жылдың 7 мамырынан бері жұмыс істеп келеді. Біз бұл нысанға бірінші рет келіп отырған жоқпыз. Бұл жолғы тексеру барысы бізді қуантып отыр. Бұдан бұрын жасалған ескертудің бәрі ескеріліп, ретке келтірілген. Нәтиже бар. Санитарлық нормалар қатаң сақталған, ғимаратқа дезинфекциялау жұмыстары дер кезінде жасалып, адамдардың дене қызуы өлшеніп, ол арнайы журналға жазылып тұр. Дәрігерлердің жұмыстан кейін алаңсыз тынығып, қайта күш жинауына бар жағдай жасалған. Медқызметкерлерге арналған бөлмелерді тексеру барысында біздің бұған көзіміз жетті. Дәрігерлер де жасалып жатқан жағдайға көңілдері толатынын білдіріп, алғысын айтып жатыр, – деді Алматы қаласы мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы мүшесі Нурия Ниязова.

Мәслихат депутатының айтуынша, қазіргі таңда қала басшыларының бастамасымен және қалалық бюджет есебінен шаһардағы көптеген қонақ үйлер мен бірқатар студенттер жатақханалары медқызметкерлердің уақытша тұратын мекеніне айналған. Алғашында дәрігерлер мен олардың отбасының қауіпсіздігі үшін медқызметкерлерді арнайы орынға жайғастыруда бірқатар қиындықтар болған. Қазір оның бәрі артта қалды. Қонақ үй кешендері мен жатақханалар барлық санитарлық нормаларды сақтап, жағдайға тез бейімделді.

– Жұмыста қызыл аймақтан шыққан кезде ешкім үйіне барғысы келмейді. Үйде бала бар, қария бар, жақындары бар деген сияқты. Мұнда бізге ыңғайлы. Біздің қиындықсыз жұмыс істеуіміз үшін барлық жағдай жасалған. «Қонақ үй де екінші үйімізге айналды» деп бір-бірімізге қалжыңдап қоямыз» деді Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының педиатр дәрігері Мағжан Тұрлы.

Жұмыстарын аяқтаған дәрігерлер қонақ үйге келген сәтте дене қызулары өлшенеді. Одан кейін артық жүріс жасамастан бірден осындай оқшаулау бөлмелеріне кіреді. Бір бөлмеде екі дәрігерден тұрады. Олар үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда теледидар мен тоңазытқышқа дейін қарастырылған.

 

«Nur Otan» алматылық дәрігерлер тұрып жатқан нысандарды тексерді

– Медициналық қызметкерлер әр күн сайын өз өмірлерін қатерге тігеді. Олар өз жақындарына қатерлі індетті жұқтырып алудан қорқады. Сол себепті дәрігерлерді қонақ үйлер мен жатақханаларға жайғастыру үшін шешім қабылданды. Оларға барынша жағдай жасау жағы қарастырылған, үш мезгіл тамақ беріп, тасымалдау жұмыстары ұйымдастырылған. Біздің мониторингтік топ бұл мәселені мұқият бақылауда ұстап отыр және ол нәтижесіз емес екенін байқауға болады. Бүгінгі тексеру барысында айтарлықтай ескертулер болған жоқ, бұл бізді қуантып отыр. Тағы бір мәселені айта кету керек, біз осылайша бір жағынан бизнесті де қолдап отырмыз. Карантин жағдайында қонақ үйлер жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Оларда 100 пайыз адам толық деуге болады, мұндай жағдай қалыпты кездердің өзінде болмас, – деді Нұр Отан ХДП Алматы филиалы жанындағы қоғамдық кеңес төрағасы Борис Жаппаров.

Партиялықтардың айтуынша, медициналық қызметкерлердің қалай тұрып жатқанына мониторинг жүргізу карантин режимі аяқталғанға дейін жалғасады.

Редакция таңдауы

Сапарғали Бегалин − жас ұрпақтың сүйікті жазушысы

ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп қилы кезеңдерді бастан кешкен, солай болса да бар өмірін сөз өнеріне арнап өткен Сапарғали Ысқақұлы Бегалин әдебиеттің көптеген жанрларында...

Қазақ каскадері «Таурус» сыйлығын алды

Nomad Stunts каскадерлар тобының негізін қалаушы, каскадер, актер Жайдарбек Күнғожинов Әлемдік каскадерлар академиясының (АҚШ) «Таурус» премиясын жеңіп алды. Жайдарбек Күнғожинов каскадерлар арасында «Оскар» сыйлығына теңелетін...

Біреуге ақыл, біреуге ақша керек

Қазір мобильді құрылғылар мен әлеуметтік желі өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Биыл әлемде 4,5 млрд адам интернетке жүгінген. Қазіргі таңда жер бетіндегі халықтың жартысынан...

Арғынбек Шегебай: Facebook қызметкерлері Цукербергке сын айта алады

2004 жылы Гарвард университетінің бір топ студенттері ойлап тапқан Facebook желісін бүгінде күн сайын дүниежүзі бойынша екі миллиард жеті жүз миллионға жуық қолданушы пайдаланады....

Nur Otan партиясының сайлауалды штабының жетекшісі тағайындалды

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының сайлауалды штабының...

Дәрігерлердің жалақысы 2,5 есе өседі – Президент

Бұл туралы Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев...

Назарбаев Университеті сияқты 2 озық өңірлік оқу орны ашылады

Nur Otan партиясының кезектен тыс XX Съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаев...

БАҚ: Джо Байден – АҚШ-тың сайлау тарихында 80 млн дауыс жинаған алғашқы үміткер

Демократ Джо Байден АҚШ-тағы президент сайлауы тарихында 80 миллион дауыс жинаған алғашқы...

Мәжіліс сайлауы: «Nur Otan»-ның партиялық тізімі бекітілді

Партиялық тізім 126 кандидаттан тұрады. Олардың ішінде 77 кандидат партияішілік праймериз қорытындысы,...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...