Ермұрат Үсенов: Шалақазақтық күйге де жетті

Кейінгі кезде «қазақтың ұлттық музыкасының әуені бұзылып, аспаптарының табиғи тембрі жоғалып бара жатыр» деген әңгіме айтылып жүр. Бұл, әрине көзі ашық, көкірегі ояу қазақ баласын бейжай қалдырмақ емес. Белгілі күйші-композитор Ермұрат Үсеновпен әңгімемізде ұлттық музыкамыздың бұрынғы және бүгінгі жағдайы туралы ой өрбітіп, ондағы шешімін таппай жүрген кейбір мәселелерді талқыға салып көрдік.

– Сіздің әлеуметтік желі бетінде Құр­манғазының «Серперіне» «тү­зету енгізіп тартқан» Ляйля Тә­жі­баева-Исаева деген музыкант қыз­ға наразылығыңызды оқыдық. Ол қыз нені бүлдірді және сіздің сы­ныңыз­ды не үшін қабылдай ал­ма­ды?

– Ол жөнінде пікірімді өзімнің фейсбук па­рақшамда жарияланған «Құрманғазының әруағын күңірентпейік (немесе ұлы күй­шінің «қатесін» түзеткен «мықты» қыз тура­лы хикая)» деген жазбамда айтқанмын. Негізгі сыным былай айтылған: «Ләйлә Тә­жібаева деген әп-әдемі қарындасымыз (өзі қобызшы) шағын топ құрыпты. Қош делік. Топта домбыра, қобыз, қылқобыз, ұрмалы топ, синтезатор сияқты аспаптар бар. Көбінесе кішігірім әр елдің шығармаларын өзі өңдеп ел алдына шығып жүр екен. Оған еш қарсылығым жоқ. Сөйткен қызымыз ешкіммен ақылдаспай, байыбына бармай Құрманғазының «Серпер» күйіне бір-ақ ауыз салыпты. Басын дұрыс бастап, сағаға келгенде түпнұсқадан ауып, өзінше «өңдеп» жіберіпті. Құрманғазы оркестріне түсірген А.Жұбанов, Н.Тлендиевтен де «асырып» жі­беріпті. Ал енді Құрманғазы оркестрі ой­на­ғанда әр қазақтың бойына рух, жігер беріп ұлы күйші тіріліп келгендей әсер алушы едік!». Одан әрі ұлтымыздың ұлы күйшілері­нің шығармаларын өз бетінше өзгертіп тартуға болмайтынын, ондай әрекеттің халық музыкасын қорлау болатынын айтып ескерттім. Ал ол қарындасымыз не деді? Пікіріне қиянат болмасын, қаз-қал­пында берейін. Маған өз фейсбук парақ­шасында орысша берген жауабында ол былай депті:

«Курмангазы перевернулся в гробу?

Я кобызистка, которая говорит на русском и играет рок. Буду писать много и больно, зато правду. Давайте зададим себе вопрос, что толкает музыкантов таких как, Ахмет Жумбанов (осылай жазған. − Е.Ү.), Gaziza Gabdrakhimova Serkebaeva Jamilya Асылбек Енсепов Ulytau и многих других видеть и делать казахскую музыку в новом стиле? Ответ очевиден − Развитие! В своём нелицеприятном посте, Ермурат Усенов говорит что:

− Во-первых он не против моего твор­чества, вот эта новость. Во вторых, что в кюе Серпер Курмангазы, я сделала немысли­мое и противоречащее природе нашему казахскому народу! А именно, изменила, о ужас, ритм, причём в кульминации (хотя ритм там с 8 такта меняется). Он апел­лирует тем, что я не имею права этого де­лать? Интересно тогда, а кто такое право раздаёт? Курмангазы умер давно, наследни­ков у него нет, авторских прав тоже. Теперь кюи Курмангазы являются национальным наследием. А значит они в открытом доступе.

Сыграв по своему кюй Серпер, я ни в коем разе не утверждала, что это эталон и теперь все должны играть только так и никак по другому. Что за бред вообще тут творится?! Кюй в традиционном его пони­мании был, есть и будет! И никто на это не покушается! Хоспади! Неужели это надо разъяснять?! Только благодаря моей аран­жировки и исполнению моей группы Layla-Qobyz о том, что есть такой кюй Сер­пер вообще узнали многие казахстанцы.

Не Курмангазы сегодня перевернулся в гробу, а такие деятели как Жубанов, деятели которые искренне верили, что казахи будут сохраняя традиции развиваться сами.

В заключении добавлю: Я люблю свой кобыз и свою музыку, и буду делать то, что мое сердце хочет, а вам придётся меня убить, чтобы остановить».

Көрдіңіз бе, «Айттым бітті, кестім үзіл­ді» деген адамның сөзі. Бірақ Л.Тәжі­баева-Исаева сияқты музыканттар халыққа танымал күйлерімізді қалағанынша шерте берсе не болғаны? Найзағайдай жарқылдап, төрт құбыласы түгел боп тұрған «Серпер» се­кілді ғажап күйді өзімбілермендікке са­лып өзгертіп, сағаларын (ең төменгі пер­нелерде ойналатын әуендер) тастап кетіп, ыр­ғағын бұзып жатса, оған көз жұмып қарап отыра берсек, ұлттық музыкамызға жа­нымыздың ашығаны жалған болмай ма?

Ляйля қарындасымыз орысша оқыған. Оған Құрманғазы кім, Дина кім, Жұбанов кім? Бәрібір ешқашан түсінбейді, қадіріне жет­пейді. Сол себепті ол біз айтқан сынды қа­былдамайды…

– Кейінгі кезде домбыра мен қо­быздың бұрынғы кездегі табиғи қоңыр тембірінің өзгеріп кеткені жайында айтылып қалып жүр. Ол мәселені қалай шешуге болар еді? Ра­сымен де қазіргі домбыра мен қо­быз еуропалық стандарттарға ың­ғайластырылған ба?

− 1958 жылы еліміздің тұңғыш кәсіби ди­рижеры, айтулы тұлға Шамғон Қажы­ға­лиев атақты Құрманғазы оркестрінің бас дирижері және көркемдік жетекшісі болған тұс­та Мәскеуде үлкен шеберханада дайын­далған қазақ халық аспаптарын қабылдап алу оқиғасы болды. Оған жазушылар М.Әуе­зов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, композиторлар А.Жұбанов пен М.Төлебаев және Қазақ КСР КП Орталық комитетінің сол кездегі хат­шысы Н.Жанділдин қатысып отырды.

М.Әуезов Ш.Қажығалиев жасаған ре­конструкцияға оң баға берді. Сондай-ақ бұл жұ­мысты С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, М.Төле­баев, Н.Жанділдин де қолдады. Тек А.Жұ­ба­нов: «Оркестрдің жалпы тембрі өзгеріп, ұлт­тық бояудан айырылып, космополиттік ор­кестрге айналып кеткен. Әрине, әр аспап­тың диапазонын өсірген, динамикалық ауқымын ұлғайтқан, техникалық мүмкін­дігін арттырған. Мұның бәрі жағымды фак­тор. Бірақ төрт сырнай тобы, ұрып ой­найтын европа аспаптары қазақтың дом­бырасы мен қобызының үнін басып кетіп, қазақ оркестрі деген атаудан айырылып қалуы­мыз мүмкін, − деп пікір айтты». (Мен бұл сөздерді Тілеуғазы Бейсембектің «Шамғон Қажығалиев» (Алматы, «Өлке» бас­пасы, 2007 ж.) деген кітаптан алып отыр­мын). Иә, ғұлама ғалым Ахмет Қуан­ұлы Жұбанов осындай пікірде болды.

Әрине, одақ кезінде міндетті түрде орыс және Еуропаның шығармаларын орындау үшін осындай қадамға барғандарын тү­сінуге болады. Өз ойымды айтсам, кезінде при­ма қобыз үш ішекті болды, одан төрт ішек­ке ауысты. Беті мал терісімен қап­талған болатын, соның арқасында ұлттық тембрді сақтаушы еді. Қазір тері алынып тасталды. Першин деген шебердің өзге­р­туімен формасы ғана сақталып, қалғаны тұп-тура скрипканың көшірмесі болып шық­ты. Сөйтіп прима қобыз аспабында ұлт­тық тембр мүлде жойылды. Осы жағдай мені де мазалайды…

Ал домбыра аспабы оркестрде өз қал­пын­да, құлақ күйі де оркестрге лайықталып келтірілген. Жеке орындаушылар күйді ешкі немесе қой ішегінен жасалған ішекпен орындаса екен деген ұсынысым бар. Сонда қоңыр үнді тірілтер ме едік. Қазір бәрі ба­лық аулағанда қармаққа жіп ретінде пай­даланатын лесканы қолданады.

Қарағанды қаласында біраз жылдан бері Тәттімбет атындағы байқау өтіп келеді. О баста айтқам, Тәттімбет күйлерін орын­дайтын домбыраны Ә.Хасеновтің үлгісімен жасап, тартқызайық деп. Ешкім құлақ аспа­ды, Шеберлер үнсіз… Бұл да Шерағаң айт­қандай, «Бір кем дүние болды».

e517446d 4e62 4402 a144 00cc947be17d
Ермұрат Үсеновтің «Туған жер ыстықсың сен маған» шығармашылық кеші

– Кейбіреулер төкпе күй мен шертпе күйлерді екі бөлек дүние деп қарайды. Тіпті, біреулер «терең­дік шертпе күйлерде, төкпе күйлер асығыс тартылып, құлаққа сіңе бер­мейді» деп санайды. Бұған сіз­дің көзқарасыңыз қалай?

– Қазақта күй деген ұғым біреу-ақ. Ол дом­бырада, қобызда, сыбызғыда орын­дала­тын ерекше музыкалық туынды. Бірақ қай аспапта шертілсе де – күй. Ұлан- байтақ елі­міздің бар түкпірінде шертілетін күйлер әр­түрлі стильде дамыған. Соған орай әуен­дік желісі, ырғағы, қағысы, орындалу тех­никасында өзгешеліктер болуым мүмкін. Бірақ барлық күйге ортақ қасиет оның бітұтас жанрлық даралығы. Бұл − баға жетпес күй жанрының музыкадағы ерекше, оқшау құбылыс екенінің дәлелі.

Қазақтың күй жанрында орындалу стилі мен әуендік желісіне қарай бұрын екі-үш мектеп болса, бүгінде оншақты күй мек­тебі белгілі болып отыр. Қазанғап, Тәт­тімбет және Маңғыстау күйлері қазір де жақ­сы зерттеліп, халыққа тарауда. Әлі зерт­теуін күтіп жатқан Шығыс күйлері, Жетісу күйлері қаншама? Сыбызғы, қобыз күйлері­нің өзі бір төбе…

Ал енді осы күй мектептерін әлдекімдер айтқандай, «анау артық, мынау төмен» деу, «анау терең, мынау таяз» деп бағалау өте жаңсақ әңгіме. Қай күй мектебін алсаңыз да, бірі бірінен өтетін мықты. Олардың бә­рінде жылдам, жігерлі немесе мұңды, терең философиялық толғауларға тұнып тұрған күйлер жетерлік. Сондықтан «ұлттық құн­ды­лықтарымызды бөліп-жармай тұтас қа­дірлеп, бағалай білейік, ағайындар» дегім келеді.

– Музыка да заманмен бірге құбылып, дамып отыратын ерекше құ­былыс. Кейінгі дәуірде қазақ күй­лерін домбыраға электронды ас­паптардың үнін қосып орындай­тын болды. Мысалы, әкесі Жасарал Еңсепов негіздеген ДЭККО жан­рын­да күй тартатын Асылбек Еңсе­пов бар және сол бағыттағы басқа да топтар болды. Күйді рок стилін­де орындайтын «Ұлытау» тобы бар. Ескі сарындарды өз репертуары­ның негізі HasSak, «Тұран» сияқты этнофольклорлық  ансамбльдер де елдің назарында. Бұлардың ұлттық музыкамызды жаңаша жеткізуге талпынысы қалай? Жеке-жеке тоқталып өтсеңіз…

– Заманның ағымына сай қазір күй шы­ғару, жазу, халыққа − кең аудиторияға жеткізуде жаңа жетістіктерге қол жеткізіп жа­тырмыз. Әрине, мұндай жағдайда ғажап саз­ды күйлеріміздің түпнұсқасын жоғал­тып аламыз ба деген қауіптің болғаны рас. Бұл реттегі ізденісті алғаш болып бастаған Асылбек Еңсепов болды. Көптеген талас-тартыстар туды. Бірақ қалай дегенмен Асыл­бектің арқасында «Адай» күйін әлем­нің біраз елдерінің танығаны анық.

Асылбек − белгілі күйші-композитор, марқұм Жасарал Еңсепов салып берген жолмен Құрманғазы күйінің бір нотасын да бүлдірмей, түпнұсқаны сақтай отырып, өте сәтті алып шықты. Бұл оның ұлттық музыканы қадірлей білетін тектілігінің, әке аманатына адалдығының, ұлы күйші Құр­ман­ғазыға деген үлкен құрметінің айғағы болды.

Сол сияқты «Ұлытау» тобы да күйлері­мізге аса сақтықпен қарап, түпнұсқаны бұзбай орындап, ел құрметіне бөленіп жүр. Қа­лайда талантты жастар ұлы күйші­лері­міздің  шығармашылығына құрметпен қарап, күйлердің әуендік желісін, ырғағын өзгертпей орындап жүрсе құба-құп.

Енді HasSak, «Хазар», «Тұран» топтары  ту­ралы айтар болсақ, бұлардың бағыты мүлде бөлек. Музыкада импровизация деген тер­мин бар. Аталған топтардың орын­дауын­да белгілі бір әуен, дәстүрлі музыка­лық форма сақталмайды. Музыкалық шы­ғарма орындағанда белгілі бір тақы­рыпты не оқиғаны негізге ала отырып, соны бір­тіндеп дамытып отырады. Арасында көне аспаптарды (ұрмалы аспаптар, шыңқобыз т.б.) шебер пайдалана отырып, шығарманы тыңдарманға әсерлі жеткізе біледі.

Аталған топтар негізгі бастауын Алтай қазақтарының халық ансамбльдерінен ала отырып, оған өз трактовкаларын қосып, жаңа бір ерекше ұжым жасап шықты. Сөй­тіп бізге мүлдем жақын, ықылым замандағы көне дыбыстарды тірілтті. Халқымыздың со­нау көктүріктер заманындағы  өтіп кет­кен, ұмыт болған бақсы сарындары, кие тұт­қан аң-құстарының тылсым үндері құлақ­қа тосын естіледі. «Тұран», HasSak соны­сымен өтімді. Кез келген тыңдарман, мейлі Еуропа болсын, бұл топтарды ерекше тыңдайды. Бұлардың орындап жүрген шығармаларын белгілі бір автор − ком­пози­тор емес, ұжымдасып, бірігіп жа­сайды. Міне, уақыт көрсетті, құрылғанына біраз жылдар өтсе де аталған топтар әлі сұранысқа ие, әлі де ізденіс үстінде.

– Күйшілік туабітті қасиет пе әл­де жүре келе оянатын қабілет пе?

− Күйшілік − ерекше құбылыс. Кез кел­ген музыкант-орындаушы күйші бола бер­мейді. Күйшінің жаратылысында музыканы өзгеше түйсіну сезімі болу керек. Себебі қандай бір оқиғадан, әңгімеден немесе бір жағ­дайлардан алған әсеріңді музыка тілімен айтып бере алатындай қабілет  композиторлық қасиеті бар адамда ғана кездеседі. Сондықтан күйшілік қабілет тумысыңнан дарыса да, жүре келе оянса да, оның қозғаушы күші дарын деген құдірет.

Мен шертпе күйлерге әуес болдым. 1976 жылы Әбікен Хасенов туралы Қазтв-дағы хабарға қатысып, оның репертуарындағы күй­лерді тұңғыш рет орындадым. 1977 жы­лы домбыра класын бітірдім. Ұстаздарым − Қазақтанның еңбек сіңірген әртісі Бақыт Қарабалина, Қазақстанның халық әртісі Қали Жантілеуов, Уәли Бекеновтер болды.

1988 жылы «Өнер» баспасынан тұңғыш рет Тәттімбет күйлерінің ноталық жазба­лары топтастырылған «Саржайлау» кітабы шыққанда мен оның жалпы редакциялық жұмысына басшылық жасадым.

Күйші-композиторлар – Нұрғиса Ті­лендиев, Қаршыға Ахмедияров, фольк­лор­шы ғалым Рахманқұл Бердібаевтар менен үл­кен үміт күтуші еді. Амал не, 1984 жылы сау­сағым мертігіп, күйшіліктен алыстаң­қырап кеттім. Өнердегі үлкен өкінішім осы… Дегенмен Қазақ радиосының Алтын қорында мен орындаған бірталай күйлер бар.

– Сізге қазақ тарихындағы ұлы күйшілер қалай әсер етті? Қандай күй­лер жаныңызға жақын?

– Менің ең алғашқы тыңдаған күй­шілерім − Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина. Менің күйге деген терең сүйіспеншілігімді оятқан осы ұлы тұлғалар. Олар менің жүре­гімнен мәңгілік орын алған!

Консерваторияға келген соң радиодан Ә.Хасеновтің орындаған күйлерін естіп, қат­ты құмарттым. Әсіресе оның өзі шы­ғар­ған «Қоңыр» күйі ерекше әсер етті. Анадан ер­те айырылғандықтан ба, осы күй жаным­ды қатты тербеді. Консерваторияны біті­рер­­де мемлекеттік емтиханда Әбікен Ха­се­нов­тің өз домбырасымен осы «Қоңыр» күйін тұңғыш рет сахнада орындадым.

− Жұртшылық сүйіп тыңдайтын шоқтықты шығармаңыздың бірі − «Кербез сұлу» атты күйіңіз. Осы күй­ге өзек болған не нәрсе?

− «Кербез сұлу» − Көкше жерінің әсем та­би­ғатын, ондағы аққудай қыздардың ару келбетін суреттейтін шығарма.

2001 жылы Көкшетау облыстық мәде­ниет бөлімінің бастығы Нурикамал Сейт­жа­нованың (композитор Тұрдықылыш Ізтаев­тың бүкіл қазақ сүйсініп шырқайтын «Нури­камал» атты әні осы кісіге арналған) ар­найы шақыруымен сол жерге барып, «Кер­без сұлу» атты ансамбль құрдық. Осы шы­ғар­ма  сол ансамбльдің концерттерде мін­детті түрде орындайтын негізгі шы­ғар­масына айналды. Кейін елімізге танымал күйші қарындасымыз Айгүл Үлкенбаева «Кер­без сұлуды» үлкен сахналарға алып шы­­ғып, танымал етті. Сол сияқты көптеген ұлт­­тық музыканы орындайтын ансамбль­дер де ол күйді репертуарына енгізіп, кө­рер­менге жеткізіп жүр.

– Қазақ ұлттық музыкасының бо­лашағы туралы не айтасыз, ұлт­тық әуен-сазымыздың табиғи негі­зін сақтап қала аламыз ба?

– Қазақ музыкасы өте бай, ерекше саз­ды, терең ойлы толғау. Тыңдағанның рухын кө­теретін жігерлі де, айбынды. Адам бойы­на қандай рухани азық керек болса, соның бәрі табылады. Сондықтан біз, қандай жағ­дай болса да, ұлттық құндылыққа айналған дәс­­түрлі музыкамызды көздің қарашы­ғын­дай сақтауға міндеттіміз. Болашақ ұрпаққа осы таза, бұзылмаған күйінде жеткізуіміз ке­рек. Әсіресе, өнер жолында жүрген аза­маттар, бейқам болмайық!

Ал енді әсем әндерін, тамаша күйлерін үзіп-жұлып, қадірін кетіретіндер жоқ емес. Олар − қазақ музыкасының көсегесін кө­гертейін деп емес, тек бас пайдасы, қалта қамы үшін жүргендер. Бірақ Құдайға шүкір, халық әндері мен күйлерінің жанашырлары көп. Қадіріне жетіп, тыңдайтын ел-халық бар! Сондықтан ғасырлардан-ғасырларға өтіп, бүгінге дейін жеткен ғажайып ұлттық музыкамыздың болашағы зор деп білемін. Мәң­гілік қазақ елінің алтын бесігін тербей­тін баға жетпес ән-күйлеріміз – ұлтымыз тұр­ғанша тұратын асыл қазына.

– Ұлттық музыкамыз туралы айтқан құнды ойларыңызға рақмет!

 

Сұхбаттасқан

Ахмет ӨМІРЗАҚ,

Алматы қаласы

Редакция таңдауы

Қазақ киносы Германияда өтетін фестивальдің шымылдығын ашады

Режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» көркем фильмі Германияның Висбаден қаласында 2021 жылғы 20-26 сәуір аралығында онлайн өтетін 21-ші Орталық және Шығыс Еуропа goEast кинофестивалінің...

Қазақстан-Ресей шекарасы: Көптоғай аулындағы дау неден шықты?

Қазақстан-Ресей шекарасындағы Атырау облысы Көптоғай ауылының тұрғындары шекара сызығы ауысуымен келіспей, оны заңсыз деп санайды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Көптоғайлықтар шекара бекеттерін орнату бойынша жұмысты тоқтатуды...

Мемлекет басшысы көрсеткен 7 басымдық

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында Мәжілістің қызметке кірісуі еліміз үшін символдық мәні бар екі оқиғамен тұспа-тұс келіп отырғанын айтты. Оның...

Қаржы пирамидасынан қашанғы опық жейміз?

2020 жылы елімізде қаржы пирамидаларының саны күрт өсіп, қа­тарына адам қосу арқылы жүретін «бизнестен» келген залал он есе артқан.  Елімізде ең алғашқы қаржы пирамидасы...
Әнуарбек Байжанбаев

Әнуарбек Байжанбаевтың шеберлігі

Қазақ радиосының тарихына ой жүгіртсек, есімізге ең бірінші Әнуарбек Байжанбаевтың есімі оралатыны...
whatsapp image 2021 04 19 at 16.27.12

Инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінбек

Шығыс Қазақстан облысы Қасым Қайсенов кентінде №9 бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті....
29061005 704266346630632 4407766528558209463 o

Қазақстан жастарына этномәдени дәстүрді сіңіруіміз қажет – Әділбек Ыбырайымұлы

Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Қазақстан жастарын тәрбиелеудің этномәдени дәстүрлері» атты республикалық семинары өтті. Аталған...

Жаңалықтар

Әнуарбек Байжанбаевтың шеберлігі

Қазақ радиосының тарихына ой жүгіртсек, есімізге ең бірінші Әнуарбек Байжанбаевтың есімі оралатыны сөзсіз. Әнуарбек Байжанбаев өмір бойы Қазақ радиосында диктор болып қалың жұртшылыққа кеңінен...

Инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінбек

Шығыс Қазақстан облысы Қасым Қайсенов кентінде №9 бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Жиында БПҰ-ның 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары сараланып, алдағы уақытта орындалуы тиіс мәселелер...

Қазақстан жастарына этномәдени дәстүрді сіңіруіміз қажет – Әділбек Ыбырайымұлы

Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Қазақстан жастарын тәрбиелеудің этномәдени дәстүрлері» атты республикалық семинары өтті. Аталған онлайн жиында Дүниежүзі  қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Әділбек Ыбырайымұлы «Қазақ  ұлтынан этностардың...

Келелі жиын – келешек үлесі

Өткен апта маңызды басқосуларға толы болды. Әрбір жиынның астарында ел болашағын жарқын ету, келешегін кемелдендіре түсер мақсат бар. Нақты мәселелер көтеріліп, оны шешудің жолдары...

«Тоттенхэмнің» бас бапкері Жозе Моуриньо қызметінен босатылды

Лондондағы "Тоттенхэм Хотспур" футбол клубының бас бапкері Жозе Моуриньо қызметінен кетті. Бұл жаңалықты vesti.ru сайты Тhe Athletic-тің Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасай отырып хабарлады. Моуриньо 2019...

Әскери қайраткер Ким Серікбаев қайтыс болды

Әскери қайраткер, полковник, әскери ғылым кандидаты Ким Серікбайұлы Серікбаев қайтыс болды. Қайғылы хабарды Алматы қаласындағы «ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі» қоғамдық...

«Тоқтықтан»: Асты аяқ асты еткен челлендж жұртты ашуландырды (видео)

Tik-Tok әлеуметтік желісіндегі кезекті челлендж Facebook қолданушыларының наразылығын тудырды. Челленджге қатысқан жасөспірімдер тамақты аяқпен таптаған. "Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. Мұның арты жақсы болмайды....

Қазақстандық дизайнер Нұр-Сұлтанда Сақ алаңын салуды ұсынды

Отандық сәулет дизайнері Мансура Жәкен қазақстандық қалалардың бейнесін қазақтардың этникалық стилінің элементтерімен қайта жасауды ұсынды. Оның пікірінше, астанада "аң стилінде" сәнделген және ежелгі сақ...

Нұр-Сұлтандағы саябақтан жалпы құны 8 млн теңге болатын 66 шам ұрлаған күдіктілер ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласындағы Триатлон паркінен 66 шам ұрланған. Полицейлер екі жүргізуші мен көше мен саябақты жарықтандырумен айналысатын ЖШС монтерін күдікті деп танып отыр, деп хабарлайды...

Ұлттық банк коллекциялық монеталар сатылатын интернет-дүкенді іске қосты

Ұлттық банк интернет-дүкеннің жұмысын пилоттық режимде қайта бастады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. Қазақстан Ұлттық Банкі 19 сәуірден бастап коллекциялық монеталардың онлайн саудасын жаңарту үшін пилоттық...

Мүмкіндігі шектеулі Қазақстандық әйел Эверест шыңын бағындырды

Мария Әуезова Эверестің биіктігі 5364 метр болатын шыңын бағындырды. Мариямен бірге бірге күйеуі мен тәлімгері де тауға бірге шыққан - деп хабарлады sxodim.astana Instagram...

Тоқаев Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты заңға қол қойды

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды.  Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен...

Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президентіне көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды elbasy.kz. Елбасы Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің әкесі Мяликгулы Бердімұхамедовтің өмірден өткені туралы...

Англияның ұлттық денсаулық сақтау қызметі парацетамолдың қаупі туралы айтты

Англияның ұлттық денсаулық сақтау қызметі парацетамолды шамадан тыс қолдану қауіп тудыруы мүмкін екенін ескертеді, - деп хабарлайды ВЗГЛЯД басылымы. Дәріні шамадан тыс қолданудың белгілері -...

Қазақстанның Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды. Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев – 1970 жылғы 2 сәуірде Ақтөбе...

Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО)...

Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды. Рәпіл Жошыбаев –  1963 жылғы 22 тамызда Жамбыл облысында...

Жол сапасына жауапты мыңнан астам шенеунік айыппұл арқалаған

Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіповтың айтуынша, жол сапасының сын көтермегені үшін бірқатар  шенеуніктер жазаланған, - деп хабарлайды BaigeNews.kz  "2021 жылы Жол инспекциясы бөлімшелері...

«Қазақстан темір жолының» БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департамент директоры тағайындалды

Қайсар Жұмабайұлы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры болып тағайындалды.«ҚазАқпарат» агенттігінің жазуынша, бұл ақпаратты Қайсар Жұмабайұлының өзі растады. Қайсар Жұмабайұлының...

Қазақ киносы Германияда өтетін фестивальдің шымылдығын ашады

Режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» көркем фильмі Германияның Висбаден қаласында 2021 жылғы 20-26 сәуір аралығында онлайн өтетін 21-ші Орталық және Шығыс Еуропа goEast кинофестивалінің...

Президент жарлығымен жаңа елшілер тағайындалды

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 19 сәуірдегі жарлығы бойынша Қырғыз Республикасындағы, Бельгия Корольдігіндегі және Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елші тағайындалды. Бұл туралы akorda.kz сайты хабарлады. Хабарламаға...

Мемлекет басшысы Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовке көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовке әкесі Мяликгулы Бердымұхамедовтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды akorda.kz. «Әкеңіздің...

Әлемдегі ең үлкен айсберг еріді

Әлемдегі ең үлкен А68 айсбергі еріп, бірнеше бөлікке бөлінді, – деп жазды Sky News. 2017 жылы Антарктика жартылай түбегінің мұздығынан ажыраған кезде оның ауданы 5800...

Коронавирустан 23 науқас көз жұмды – ДСМ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты соңғы тіркелген қайғылы жағдайларға қатысты мәлімет берді. 17 сәуірде коронавирустан 23 науқас көз жұмған. Оның 22 КВИ+, бір адам...

Президент бірқатар лауазымды тұлғаны қызметінен босатты

Бүгін, 19 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен  еліміздің шетелдегі бірқатар төтенше және өкілетті елшілері қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда. «Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Қайрат...

Павлодарда қарағай орманынан шыққан өрт мың гектарға жетті

Павлодар облысындағы қарағай орманында ірі өртті сөндіру жұмысы жалғасуда. Өртке оранған алқап мың гектарға жетті. «Галкин ауылдық округінің екі елдімекеніне қауіп төнді. Бірақ оның алдын...

«Кездесуге шақырамын». Алмас Кішкенбаев танымал блогер қызды ұнататынын айтты

Әнші Алмас Кішкенбаев танымал блогер қызды ұнататынын айтты. Ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында бойжеткеннің видеосын жариялап, көпшіліктен оның жеке өмірі жайлы сұрастырды деп жазады...

Ерлан Саиров: Шекараны жергілікті халықтың ыңғайына оңтайландыру амалын қарастыру абзал

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Атырау облысындағы Көптоғай ауылының тұрғындарын алаңдатқан Қазақстан-Ресей шекарасына қатысты мәселеге орай Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында пікір білдірді. «Атырау облысы, Құрманғазы...

Ерлан Әлімбаев ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев 1975 жылы 6...

Жамбыл облысында төрт елді мекен ішімдіктен түбегейлі бас тартты

Жамбыл ауылдық округіне қарасты Шәкен Ниязбеков, Шайқорық, Танты, Қапал ауылдары ішімдіктен біржола бас тартты. Осы төрт елді мекендегі 22 дүкен иелері ішімдік сатуға берілген...

Жағдай мәз емес: жеті өңір «қызыл аймақта» тұр

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды. 2021 жылдың 19 сәуіріндегі жағдайы...

Қазақстан Бокс федерациясына жаңа басшы тағайындалды

Қазақстан Бокс федерациясының атқарушы директоры лауазымына Маратбек Мықтыбеков тағайындалды, – деп хабарлады ҚБФ баспасөз қызметінің мәліметі. Ал соңғы 11 жыл бойы осы лауазымды атқарып келген Бекжан...

Келіссөз жүріп жатыр: Головкиннің келесі қарсыласы кім?

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жыл соңында жапондық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жекке шығуды жоспарлап отыр, – деп жазды Sports.kz. Алғашқы болып...

Қызылордада қолдан жасалған құрттан есірткі табылды

Қызылордада түзеу мекемесіне келген сәлемдемедегі қолдан жасалған құрт ішінен есірткі табылды. Бұл оқиға Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде болды. Қылмыстық кодекстің...

19 сәуір: ел тарихындағы маңызды оқиғалар күнтізбесі

1960 жылы 19 сәуірде Бұқтырма су қоймасын толтыру басталды. 1993 жылы Алматыдан Түркияның Трабзон қаласына алғашқы жолаушылар әуе рейсі ұшырылды. Бортында 120 турист болған...

Өткен тәулікте 2700-ден астам адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 2719 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлады  coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 436, Алматы қаласы - 665, Шымкент қаласы - 114,...

Мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті қамауға алынды

Жамбыл облысында мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті ұсталды. Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көкдөнен ауылының мешіт имамы xабарласып, түнгі уақытта белгісіз адамдардың мешіттің ішіне терезесін...

Еркін күрестен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті

Еркін күрестен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Айтулы жарыста есімдері төменде аталған балуандар жеңіс тұғырына көтерілді: 57 келі: 1. Құмар Рави (Үндістан), 2. Әлиреза Сарлақ (Иран),...

Нұр-Сұлтан қаласының іргесінен өрт шықты

Нұр-Сұлтан қаласын Ақмола облысының Қоғалжын ауданымен байланыстыратын тасжол бойындағы саяжайдан өрт шықты. Бұл туралы саясаттанушы Қазыбек Майгелдинов facebook парақшасында жариялады. «Қорғалжын тасжолы бойындағы саяжайлар өртеніп...

Танымал актриса Ғазиза Әбдінабиева қайтыс болды

Танымал актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Ғазиза Мәкешқызы өмірден озды. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов хабарлады. Ол...

Нобель сыйлығының бес лауреаты Навальный ісі бойынша Путинге ашық хат жолдады

Францияның Le Monde басылымы және британиялық The Economist журналы әлем жұлдыздарының Ресей президенті Владимир Путинге жазған ашық хатын жариялады.  Онда танымал адамдар колонияда отырған оппозиционер...

Қазақстан-Ресей шекарасы: Көптоғай аулындағы дау неден шықты?

Қазақстан-Ресей шекарасындағы Атырау облысы Көптоғай ауылының тұрғындары шекара сызығы ауысуымен келіспей, оны заңсыз деп санайды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Көптоғайлықтар шекара бекеттерін орнату бойынша жұмысты тоқтатуды...

Лукашенко вакцина алғысы келмейді

Беларусь президенті Александр Лукашенко коронавирусқа қарсы вакцина алғысы келмейтінін айтты. Бұл туралы tass.ru хабарлады. Лукашенконың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жақында өткен тексерісте оның қанында антиденелердің жеткілікті...

Шыңжаңдық тағы бір қандасымыз Олимпиадаға жолдама алды

Қазақстанның Алматы қаласында өткен күрестен Олимпиадалық іріктеу турнирінен жақсы жаңалық келді. Шыңжаң өлкесінен шыққан Уәлихан Серікұлы 60 келі салмақта грек-рим күресінен өнер көрсетіп, Токио...

ҰҚК Атырау облысындағы акциялар туралы ақпаратты жоққа шығарды

Әлеуметтік желілерде жерімізді қорғап, бейжай қалмауға шақырған видеолар таралуда. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, онда «Қалқан-2021» оқу-жаттығуларында түсірілген кадрлар көрсетілген, деп хабарлайды stopfake.kz сайты. «2021...

Ақмола облысында ер адам қызымен бірге сарқырамаға құлап кетті (видео)

Куәгерлердің айтуынша, әкесі мен қызы суретке түспек болғанда, сарқырамаға құлап кеткен. Желіде сарқырама маңында өзеннің қатты ағысы ер адамды баламен бірге ағызып бара жатқаны...

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Осы аптада Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері түрлі жаңа лауазымдарға тағайындалды. Қазақстанда 12-18 сәуір аралығында болған кадрлық ауыс-түйіске «ҚазАқпарат» агенттігі шолу жасады. Апта басында...

Алматыдан 181 км қашықтықта жер сілкінді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 04 сағат 38 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Зілзаланың эпицентрі...

«Намазсыз ораза қаза болады» деген рас па? – дінтанушы жауабы

Белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы Faceboоk  әлеуметтік желісінде қызу талқыланып жатқан сауалға жауап берді. Желіде мынадай («Намазсыз ораза қаза болады» деген рас па? –ред.) діни...

Өмірзақ Шөкеев қарияларды жаңарған Түркістанды тамашалауға шақырды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Шардара ауданындағы ардагерлер үйінде болды. Ақсақалдармен кездесіп, үстел басына жиналғандарды ашық сұхбат құруға шақырды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз...

Қазақстан-Ресей шекарасында әскерилер қоршау орната бастады

Қазақстан мен Ресей шекарасында қоршау орнату жұмысы басталды. Қоршау Атырау және Астрахан (Ресей) облыстарының шекарасында орнатылуда. «2021 жылғы 14 сәуірде Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылында...

Айқын Төлепберген Алматыда өзі куә болған келеңсіз жағдай туралы айтып, жұртты сақтандырды (видео)

Қазақстандық әнші Айқын Төлепберген Алматыда өзі куә болған келеңсіз жағдай жайлы айтып, жұртты абай болуға шақырды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. Айқын Төлепбергеннің...

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі биржа басқармасына төраға болып тағайындалды

Astana International Exchange (AIX) Директорлар кеңесі акционерлер мен реттеуші органдардың мақұлдауымен 23 мамырдан кейін күшіне енетін AIX басшылығының құрылымындағы өзгерістерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Директорлар...

Ақмола облысында жүк көлігі жүргізушісімен бірге суға батып кетті

Ақмола облысының Шортанды ауданында жүк көлігі суға аударылып, жүргізуші тұншығып көз жұмды. Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай сәуірдің 16-да Бектау ауылы маңында болған. «Анықталғандай, қарғын су шайып...

Adobe компаниясының негізін қалаушылардың бірі қайтыс болды

Чарльз Гешке – PDF форматты жасауға қатысқан, Adobe компаниясының негізін қалаушылардың бірі. Калифорнияда тұратын Чарльз 82 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы Adobe компаниясы хабарлады....

Африкада аң аулаған қазақтарды елдегі аңшылар қолдап пікір білдірді

Қазақстанның аңшылық қауымдастық өкілдері Африкада жабайы аңдарды атып, аңшылық құрған әріптестерін қолдап видео түсірді. Кадрлар Instagram-дағы ohotniki_kz парақшасында жарияланды, деп жазды Tengrinews.kz . «Табиғат»  республикалық қауымдастығының...

Тәулік статистикасы: 641 науқастың жағдайы ауыр, 22 адам қайтыс болды

Кейінгі бір тәулікте 22 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 18 сәуірдегі дерек бойынша 37 749 адам (37 294...

Жағдай әлі күрделі: «Қызыл аймақта» 3 қала мен 5 облыс тұр

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі веомствоаралық комиссиясының Telegram каналында еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды. 2021 жылғы 18 сәуірдегі жағдай...

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні

Бұл мереке алғаш рет 1984 жылы атап өтілді. 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен. Бүгінгі...

18 сәуірге арналған ауа райы болжамы: Жауын-шашын, тұман, желдің күшеюі

Бүгін Республиканың оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Қазақстанның басқа аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы: кей жерлерде жауын-шашын болады, найзағай, тұман,...

Нұр-Сұлтанда алты көлікті соғып зақымдаған мас жүргізуші қамауға алынды

Нұр-Cұлтан қаласында мас күйде көлік басқарған жүргізуші көлік тұрағында тұрған 6 көлікке зақым келтірді. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. Полиция...

Көлгінов Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысына қаражат қайдан бөлінгенін айтты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордада салынып жатқан Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылыс барысымен танысты. Бұл туралы шаһар басшысы Instagram-дағы парақшасында жазды. «Қалада республика...

Қазақстандық балуан Азия чемпионы атанды

Қазақстандық балуан Талғат Сырбаз Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Құрлықтық бәсекеде 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол финалда өзбекстандық Сирожиддин Хасановпен кездесті. Екеуара...

Өзбек сенаторлары: Ташкенттен Алматыға әуебилеті – 4,7 млн , ал Мәскеуге – 4,2 млн. сум тұрады. Әділдік қайда?

Ташкентке Алматы жақын, жақын да болса, алыс. Салыстырмалы түрде Мәскеу алыс, алыс та болса, жақын. Өйткені, ұшу ұзақтығына, қашықтыққа қарамастан Ташкент-Алматы бағытындағы әуебилеті қымбат....

WhatsApp мессенджері қолданушыларға қиындық тудыра бастайды…

Әлеуметтік желілердегі шексіз еркіндікке тұсау салына бастайтын секілді. Мәселен, танымал WhatsApp мессенджері енді өз қолданушыларына жаңа ереже ұсына бастайтын болды. Яғни, 2021 жылдың 15 мамырынан...

Алматыдағы «аждаһа» қиратылып тасталды…

«Бүгін таңертең Алматы қаласындағы Құрманғазы-Достық көшелерінің қиылысында бұрынғы ресторанның қасбетіне орнатылған белгілі суретші Владимира Твердохлебовтың «Аждаһа» («Дракон») атты мозаикасы қиратылып тасталған», − деп хабарлайды...

Қостанай облысында «Nur Otan» партиясы қоғамдық кеңестерінің құрамы бекітілді

14 сәуірде «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасы, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың төрағалығымен  «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы саяси кеңесі Бюросының...

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының іске асырылуын қоғамдық кеңестер бақылайды

«Nur Otan» партиясы СҚОФ Саяси кеңес Бюросының отырысында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасының бағыттарын іске асыру жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы...

22 жастағы елорда тұрғыны 11 қабаттан құлап, қайтыс болды

Нұр-Сұлтан қаласында көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде қайғылы оқиға болды. Елорда тұрғыны 11 қабаттан құлап, қайтыс болды. Қайғылы жағдай туралы Telegram-дағы Astanovka 98 каналы...

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанынан 12 қоғамдық кеңес құрылды

Маңғыстау облысының әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы С.Трұмовтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Бюро отырысында үш мәселе қаралды....

Жұмыспен қамту мәселесі оң шешімін тапты

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы «Nur Otan» партиясының аудандық филиалына аудан тұрғыны айлық табысы күн көріс деңгейінен артылмайтынын, қазіргі кезде баласы да жұмыссыз екенін айтып,...

Партияға өтініш білдірген аз қамтылған отбасына баспана берілді

"Nur Otan" партиясының Мойынқұм аудандық филиалына аудан тұрғыны өтініш білдірген. Өз өтінішінде жалғызбасты әке 3 бала асырап отырғанын, қолында ата-анасы бар екенін айтып, баспанамен...

«Онда тұрған ештеңе жоқ». Африкада аң аулап жүрген қазақ өз әрекетін түсіндірді (видео)

Африкада мылтықпен аң аулап жүрген қазақстандықтардың видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарап, қызу талқыланған болатын. Батыр Сейкенов есімді қазақстандық азамат өз әрекетін түсіндіріп, видеоүндеу жасады....

Шығыс Қазақстанда жоғалған 5 жасар бала табылды

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жоғалған 5 жасар баланы тауып, ата-анасына қайтарды. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 16 сәуір күні сағат 16:30 шамасында Глубокое...

Қуат Хамитов келесі жекпе-жегі туралы ресми мәлімдеме жасады

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов (20-7-1) келесі жекпе-жегіне дайындықтың басталғанын хабарлады, деп жазады Prosports.kz. «Ресми! Біз келесі кездесуге дайындықты бастадық! Күні мен орнын жақын арада хабарлаймыз...

Ресейлік сериал кейіпкері: «Қазақтар бізге тас атты ма десек, ас атыпты ғой»

Әлеуметтік желіде ресейлік сериалдан үзінді таралып, қызу талқылануда. Онда сериал кейіпкері, орыс әйел жанындағы құрбысына Алжир лагері жайлы әңгімелейді. «Сен Алжир жайлы естіп пе едің? Ол...

Алматы облысында табытқа әйелдің фотосын салып кеткен күдікті табылды (видео)

Алматы облысында әйелдің фотосы салынған шағын табыт табылды. Әлеуметтік желіде таралып, қызу талқыланып жатқан жағдайды қазір облыстық полиция департаменті тергеу үстінде. Табыт ішіндегі фотода бейнеленген...

Жамбыл облысында жоғалған әйелді іздеген құтқарушының өзі табылмай жатыр

Жамбыл облысында екі айдан бері із-түссіз жоғалып кеткен Гүлдана Санақбайды Тасөткел су қоймасынан іздеп жатқан сүңгуірдің өзі он төрт күннен бері табылмай жатыр. Бұл...

Елорда тұрғыны «BMW X5» автокөлігімен 4 жасар баланы қағып, мерт қылды

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны «BMW X5» көлігімен 4 жасар сәбиді қағып, мерт қылды, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. «16 сәуір күні сағат 19.21-де 102...

«Тапсырыспен адам өлтіру» деген жазуы бар көліктің иесі халықтан кешірім сұрады (видео)

Нұр-Сұлтан қаласында көлігінде «Тапсырыспен адам өлтіру» деген жазуы бар ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Көлік бүгін...

Целиноград ауданында су тарифі төмендетілді

ҚР "Табиғи монополиялар туралы" Заңына сәйкес "Целиноград Су Арнасы" ШЖҚ МКК-ы Жаңа жол, Приречный, Шұбар, Жайнақ, Қызылсуат (Қызылсуат 1 және Қызылсуат 2), Қаратомар, Талапкер...

Африкада аң аулап жүрген қазақтардың видеосы елдің ашуына тиді (видео)

Әлеуметтік желіде "Қазақтар Африкада да аң аулап жүр" деген тақырыпта видео тарады. Видеода екі қазақ азамат және басқа да шетелдік аңшылар жираф атып алғаны...

Әлемдік паспорт индексі бойынша Қазақстан қай деңгейде?

«The Henley Passport Index» әлемдік мемлекет азаматтарының төлқұжат рейтингін жариялады. Онда Қазақстан 69 орында тұр. Азаматтардың жүріп-тұру еркіндігіне негізделген елдер классификатор болып табылатын атаулы компания...

Африкада аштық пен ауру қаупі төніп тұр

Африкада 100 миллионнан астам адам азыққа зәру. Бұл туралы Түркияның ТРТ арнасы мәлімдеді. Мәліметке сәйкес, Африкада 100 миллионнан астам адам «апат деңгейінде» азық тапшылығына ұшырап...

Балқаш қаласы маңында ұшақ құлады

Балқаш қаласының авиациялық оқу орталығында СУ-30 СМ көпфункционалды жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Бұл жөнінде Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламада 2021 жылғы 16 сәуірде сағат...

Елордада 600 мың тұрғын вакцина алса, вирусты жұқтыру қаупі болмайды

Қазір бізде 49 мың адам бірінші компонентпен вакцинацияланды. Осылайша 50 мың адам 1 мамырға дейін иммундалған болады, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми...

Шымкенте дәрігерлер кеңірдегіне түйреуіш тұрып қалған сәбиді аман алып қалды

Шымкент қаласында дәрігерлер кеңірдегіне түйреуіш тұрып қалған үш айлық сәбидің жанын сақтап қалды,-деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Тыныс алу жолдарына әлдене тұрып қалған сәби ауруханаға жеткізілген. Сәбиді...

Партия бағдарламасының сапалы орындалуын жастар да бақылай алады

Павлодарда «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасының 12 бағыты бойынша қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді. 16 сәуірде өткен «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы Саяси...

Елімізден екі айдың ішінде 3,4 мың адам біржола көшіп кеткен

2021 жылғы қаңтар-ақпанның қорытындысы бойынша елімізге 1398 адам келіп, 3422 адам біржола көшіп кеткен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы көші-қон қызметі органдарына сілтеме жасап...

Мархабат Байғұт: Елге қызмет етсем дейтін азаматтар қатарға қосылды

– Өте-мөте өркениетті, аса алпауыт саналатын Америка Құрама Штаттарында баяғы замандарда саяси партиялар бірталай болған көрінеді. Осы жағдайды онша жақтырмаған жалғыз жазушы Марк Твен:...

Қоғамдық кеңестер бюджет қаражатының тиімді және ашық жұмсалуын қадағаламақ

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен облыстық партия филиалының Саяси кеңесінің Бюро отырысы өтті. Отырыс барысында «Nur Otan»...

«Nur Otan» партиясы жанындағы Жас депутаттар корпусын Елнұр Бейсенбаев басқарады

«Nur Otan» партиясында Мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың 600 жас депутатынан тұратын Корпус құрылды. Нұротандық жас депутаттар жастарды қолдау және заң шығару процесінде олардың...

Елімізде екі әуежай уақытша жабылады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі әуежайларды дамыту және жаңғырту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. Кеңесте Шымкент, Орал, Өскемен, Үржар және Үшарал қалаларындағы...

Оңдасын Оразалин: Қоғамдық кеңесте жастарға басымдық берілуі тиіс

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының Саяси кеңесі Бюросының отырысында Өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді. Отырыс барысында...

Ұстаз бақыты – шыңдаған шәкірті

Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі – ұстаз. «Ұстаз» ұғымы ұлтымыз үшін қашан да қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие...

Алматыдағы көпқабатты үйдің тұрғындары Қайрат Нұртастың үстінен шағым түсірді

Әнші Қайрат Нұртастың басы тағы дауға қалды. Бұл жолы әнші Алматыдағы тұрғын үй кешенінің паркингінде бөтен орындарды иеленген, - деп хабарлайды zakon.kz. Zakon.kz сайтының редакциясына...

86 жастағы Қарағанды тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцина алды

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Ботақара кентінің тұрғыны Қанат Жұмашұлы өз өңірінде алғашқылардың бірі болып коронавирусқа қарсы екпе алған. Ақсақал өзін және жақындарын індеттен...

Қарағандыда қоғамдық кеңестердің құрамы бекітілді

"Nur Otan" партиясының Қарағанды облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысында сайлауалды бағдарламаның іске асырылуын бақылауды қамтамасыз ететін өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді. Онлайн-режимде...

Мешіт терезесін сындырып, садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті ұсталды

Жамбыл облысында мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көкдөнен ауылының мешіт имамы xабарласып, түнгі уақытта...

80 жастағы зейнеткерді полицейлер екі рет ажалдан арашалап қалды (видео)

Түркістан қаласының 80 жастағы тұрғыны учаскелік полиция инспекторларына екі рет құтқарылған өмірі үшін алғыс білдірді. Бұл туралы Polisia.kz бағдарламасының кезекті шығарылымында айтылды. Райхан Құрбанбаева Түркістанда тұрады....