Семейде «Nur Otan» партиясының бақылау комиссиясы фармацевтикалық қоймаларды аралады

Семейде мониторинг жүргізу бойынша уақытша мобильді топ «Медсервис +», «Іңкәр», «Аманат» көтерме фармацевтикалық қоймаларына барды.

A2DA173F 550F 4383 9C35 487F278C4FFE
Мобильді топ құрамына 
қалалық мәслихаттың хатшысы, «Nur Otan» партиясы фракциясы қалалық мәслихатының депутаты, партиялық бақылау комиссиясының мүшесі және дәріханалар өкілдері кірді.

A3CEED7A 111A 4D9F 9DE6 FDFFC5F4F379

Мобильді топ көтерме қоймаларға дәрі-дәрмектердің жеткіліксіз мөлшерде келіп түсуіне байланысты, дәріханалық бөлшек сауда желісінде дәрі-дәрмек тапшылығы болатынын атап өтті. Жұмыс тобы алдағы уақытта да Семей қаласының дәріханаларына мониторинг жұмысын жалғастыратын болады.

9BD472F9 E508 468B AAC9 AE042687075B

Сондай-ақ «Nur Otan» партиясының Абай аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ерлан Арнаұлы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры Еділ Еркінұлы, партияның аудандық филиалының кеңесшісі Қуат Маратұлы, ҚР ШҚО Қоғадық денсаулық сақтау департаментінің Абай аудандық қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасы РММ (СЭС) жетекші маман-заңгері Айбек Манарбекұлы «Қазақстан Республикасының азаматтарымен медицина қызметкерлеріне қолдау көрсету» жөніндегі жұмыс Жоспарына сәйкес аудан орталығында орналасқан дәріханада дәрі-дәрмектердiн халық үшін қолжетімділігі мен сатылу бағасына  мониторинг жүгізді.

Мониторинг барысында дәрі-дәрмектердің бағасын себепсіз қымбаттату фактілері анықталған жоқ.

332B5CB3 753C 4FFB 9C35 FDC9FB733497

Сонымен қатар «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының Шығыс Қазақстан облысының филиалы 21 шілде күні қоғамдық орындарда бетперделер таратты.

5151CCBE 9696 4675 8DD1 DB798D7653BB

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, біздің міндетіміз – халықты тегін бетпердемен қамтамасыз ету. Ең бастысы – азаматтарымыздың денсаулығы мен қауіпсіздігі!

Іс-шара Өскемен қаласында «Арбат», «Жамбыл атындағы саябақ» және «Қасым Қайсенов атындағы саябағы» маңайында ұйымдастырылды.

639ECF4F 1B86 473B 9B55 14E43EA518D1

Еріктілердің мақсаты: өңірде болып жатқан карантин шараларына байланысты қоғамдық орындарда азаматтардың сақтық шараларын қамтамасыз ету. Азаматтардың бетперделерді тағуын жүйелі жүзеге асыру және қоғамдық орындардағы әр азаматтың жауапкершілігін арттыру болды.

3E32DDB2 277B 49C0 B6B4 ABBF5C4B1526

Қала тұрғындары белсенділердің оларға қамқорлық жасап, тегін бетперде таратып жатқанына қуанып, алғыс білдірді.

Карантиннің негізгі мақсаты коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау. Сондықтан тұрғындардан карантин режимін сақтауды, сақ болуды және ерекше қажеттіліксіз үйлерінен шықпауын сұраймыз.

Back to top button