Олжас Құдайбергенов ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі қызметінен босатылды. «Олжас Құдайбергенов Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметінен босатылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Әбдімәлікұлына экономиканы дамыту жөніндегі ұсыныстары үшін алғыс айтты», деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook -тегі парақшасында.
Жүктелуде...