Қарағандыда карантинге қарамастан ойын-сауық мекемелері жұмыс істеп келген

Қарағандыда карантинге қарамастан ойын-сауық мекемелері жұмыс істеп келген

Қарағандыда карантинге қарамастан ойын-сауық мекемелері жұмыс істеп келген
ашық дереккөзі
Қарағанды облысының өңірлік жедел штабының жедел әрекет ету орталығы 17 шілде күні Қазыбек би атындағы ауданда бизнес нысандарының карантин режимін сақтауын тексеру бойынша рейд жүргізді. Қарағанды облысы әкімдігінің ресми мәліметіншн, рейд барысында сағат 22.00-ден кейін жұмыс істейтін кафелер мобильді топтың ерекше бақылауында болды. Сондай-ақ, кальян клубтары, барлар, сауналар, техникалық қызмет бекеттері тексерілді. Тексеру барысында белгілі болғанындай, жекелеген кәсіпкерлер карантиндік талаптарды елемейді және 22.00-ден кейін жұмыс істейді. Рейд кезінде сыйым салынғанына қарамастан, кальян «Hookah House» ашық болды, түнгі уақытта «Хан» сауна, «Ажур», «Азия», «Nell' s After work bar» кафелері, «Сәлем» азық-түлік дүкені (Ержанов к-сі, 39/2) және ТҚС (Асфальтная к-сі, 26) жұмыс істеді. Енді аталған бизнес нысандарының басшыларына 640 мың теңге (230 АЕК) көлемінде айыппұл салынады. Полиция қызметкерлері карантиннің талаптарын көбіне көңіл көтеру орындары елемейтінін атап өтті.