Карантин: Алматыда бірнеше жол жабылды

Карантин: Алматыда бірнеше жол жабылды

Карантин: Алматыда бірнеше жол жабылды
ашық дереккөзі
Алматыда демалыс күндері карантин шараларының күшейтілуіне байланысты бірнеше жол жабылады, – деп хабарлайды Polisia.kz. «Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі іс-шараларды одан әрі күшейту туралы» қаулысына сәйкес демалыс күндері (сенбі және жексенбі) 2020 жылдың 17 шілдесінен бастап арнайы тапсырысқа дейін сенбі күні таңертеңгі сағат 07.00-ден дүйсенбі күні сағат 07:00-ге дейін Ұлттық табиғи саябақтарға апаратын жолдарда (Медеу, Шымбұлақ, Алма-Арасан), көліктің барлық түрлері мен адамдардың өтуіне, көрсетілген аймақтардың тұрғындарын қоспағанда, қозғалыс шектеледі», – деп хабарлады қала полициясы. «Осыған қарай, Алматы қаласының полициясы сіздерді бағыттарыңызды алдын-ала түзетіп, тауда шығуды оның ішінде жаяу серуендеуден аулақ болуға шақырады», – делінген хабарламада.