Демалыс күндері карантин шектеулері күшейтіледі

Демалыс күндері карантин шектеулері күшейтіледі

Демалыс күндері карантин шектеулері күшейтіледі
ашық дереккөзі
Петропавлда карантин алынғанға дейін әр демалыс күндері карантиндік шектеулер күшейтіліп, тұрғындардың бейсауат жүруіне тоқтау салынады. Солтүстік Қазақстан облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа қаулы 18 шілде күні сағат 00.00 күшіне енеді. Жаңа қаулыға сәйкес карантиндік шектеу елімізде карантин алынғанға дейін әр сенбі-жексенбі күндері күшейтілетін болады. Яғни: 18 шілде сағат 00.00-ден 20 шілде сағат 00.00-ге дейін; 25 шілде сағат 00.00-ден 27 шілде сағат 00.00-ге дейін; 1 тамыз сағат 00.00-ден 3 тамыз сағат 00.00-ге дейін. Бұл күндері Петропавлда арнайы кесте бойынша саяжайға баратын автобустардан басқа барлық қоғамдық көлік тоқтайды. Санитарлық дәрігерлер туған-туыс, көрші-қолаңға қыдырып баруды шектеп, отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салды. Үйден тек көшеге жақын маңдағы дүкенге және емханаға бару үшін және үй жануарларын серуендетуге ғана шығуға болады. Ал тұмау белгілері байқалған жағдайда міндетті түрде жедел жәрдем қызметіне жүгіну керек.