16 Шілде, 15:27 595 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

COVID-19: республикалық және аймақтық статистика неге сәйкес келмейді

ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев Қазақстанда КВИ бойынша статистикада неліктен республикалық және аймақтық мәліметтер кейде сәйкес келе бермейтінін түсіндірді.

«Коронавирус инфекциясы бойынша статистика күн сайын жүргізіледі. Біздің аймақтық департаменттер мен тест жүргізетін зертханалар ақпараттық жүйелер аясында КВИ жұқтырғандардың санын тіркеп отырады. Мәліметтер минут сайын жаңаратындықтан әлбетте аймақтық деңгейде КВИ жұқтырғандардың саны бойынша жаңалық Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда жаңалау әрі жеделірек. Міне айырмашылық осындайда пайда болуы мүмкін», – деді Тимур Сұлтанғазиев.

Соңғы жаңалықтар