Жақыпбек Алтаев: Қазақстанның атын шығаратын бір жоба − Әл-Фарабиді ұлықтау

Биыл Әбу Насыр әл-Фарабидің дүниеге кел­геніне 1150 жыл. ЮНЕСКО көлемінде ме­рекеленіп жатқан Фара­бидің бұл ме­рей­тойы тұсында ұлы жерлесіміз туралы аз ай­тылып жатқан жоқ. Де­сек те, біздің әлі ол туралы білге­німізден білмейтініміз көп се­кіл­ді. Сондықтан еліміздегі белгілі фара­би­танушы ғалым, фило­со­фия ғылымдарының докторы, профессор Жақыпбек Алтаевпен әң­гімелесіп, көкейде жүрген көп сауалдың біразына жауап іздеген едік.

− Есімі күллі әлемге белгілі, бү­гінгі қазақ жерінде дүниеге келген әл-Фарабиді өзіміз әлі толық та­нып-біле қоймаған сияқтымыз. Сондықтан алғашқы сұрақты «Ұлы ғалымның шығармашылық ғұ­мы­ры қалай қалыптасты, есімі бір­не­ше ғасырдан соң туған жерімен ал­ғаш қалай қауышты және Қа­зақ­стандағы фарабитанудың тарихы қалай басталды?» деп қойғымыз келіп отыр…

– Ұлы далаға кіндік қаны тамған талай мық­ты ғалымдар болды. Бірақ солардың ара­сында туған елінің атын әлемге та­ныт­қан – дүниежүзінде «әлемнің екінші ұста­зы» деп мойындалған Әбу-Насыр әл-Фараби екені даусыз. Толық аты-жөнімен атасақ, осыдан он бір ғасыр әріде бірнеше ғылым сала­лары бойынша үлкен еңбектер қал­дыр­ған Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Турки 870 жылы бүгінгі Қазақстанның Түркістан облысы, Отырар қаласында (ертеде Фараб аталған) әскербасының отбасында дүниеге келген. Тарихи деректерге жүгінсек, атақты араб ғалымы, географы ибн-Хаукалдың «Китаб Масалик уә мамалик» және ибн-Хал­ликанның «Уфиат әл-аиан фи әл-Заман» атты еңбегінде Әбу Насыр Әл-Фараби тура­лы деректер келтірілген. Онда ғалым­ның түркі нәсілді екені және аталарының ат­тары Тархан, Ұзлақ, яғни  түркіше екені көр­сетілген.

Тақыр жерден ештеңенің шықпайтыны бел­гілі ғой, Әбу Насыр туған Фараб қаласы заманында үлкен өркениет болған, аны­ғырақ айтсақ, ғалым дүниеге келместен бір жарым ғасырға жуық уақыт бұрын Фараб шаһары бұрын түркілердің үлкен мәдени ор­талығы ретінде танылған. Ол «Ұлы Жібек жо­лы» бойында орналасқан қалада за­ма­нында кітап қоры жағынан Александрия кітапханасын ғана алдына салатын үлкен кі­тапхана болған (кейін бұл қала 1219 жы­лы Шыңғысхан әскері тарапынан тал­қан­далғанда кітапхана өртелді делінеді, бірақ ол кітаптарды қала басшысы Қайырхан қала­дан басқа жерге апарып құпия түрде тық­қан деген де дерек бар). Міне, әскер­басы­ның баласы ретінде осы кітапханадан еркін кіріп, білім нәрімен сусындаған Әбу Насыр шамамен 40 жасқа толған кезінде білімін одан әрі тереңдету үшін керуенге ілесіп, сол кезде ғылым-білімнің орталығы саналатын Бағдат қаласына барады. Міне, осылайша оның әлемдік ғылымда үлкен із қалдырған шығармашылық ғұмыры бас­талады.

Жалпы әл-Фарабидің білім игеру, ғалым болу жолы туралы айтсақ, ол Отырар, Шаш, Самарқан, Бұхара, Харран, Мысыр, Алеппо, Бағ­дат деген тізбекті көрсетеді. Дегенмен оның ғылымды терең игеріп, үлкен ізде­ністер жасауы, әлемге әйгілі еңбектер жазуы Бағдат қаласымен тығыз байланысты.

Әл-Фарабидің Бағдат шәріне баруы кез­дей­соқ емес, біріншіден, ол кезде ғылым тілі – араб тілі, екіншіден  ғылым мен өнер­ді қолдап, дарынды адамдардың өсіп-же­тілуі­не бар жағдайды жасаған Бағдатта «Баит әл-хакма» деп ғалымдар үйі болған, сол сияқты әлемдегі ең бай кітапха­налар­дың бірі де осы қалада еді.

Басында өзін ақын, музыка маманы ре­тін­де танытқан Әбу Насыр әл-Фараби кейін ежелгі грек ғалымдарының қолжаз­ба­лары­мен танысып, соның әсерімен ғылыми зерт­теулер жазуға көшті. Оның ізденістері күр­делі әрі терең болды және ежелгі грек ғы­лымы мен араб ғылымының жетістігін жоғары дәрежеде игеріп, сол арқылы ғы­лымға өзінің жолын салды. Көшпелілер мен отырықшылар өркениетін сабақтастырып, Шығыс пен Грек-Рим мәдениетінің же­тіс­тіктерін бір арнаға тоғыстырып, өз дәуі­рі­нің әлеуметтік-саяси көзқарастарын, тіл мә­дениетін игерді.  Философия, логика, этика, эстетика, саясат, социология, лин­гвис­тика, поэзия, шешендік, музыка және астрономия, астрология, физика, химия, геог­рафия, космология, математика, ме­дицина ғылымдарындағы ғылыми жетіс­тік­терді терең игерді және ғылым салала­рын­да өте құнды ғылыми жаңалықтар ашты.

Заманында өз қатарластарының бәрі­нен озық болған және солай мойындалған Әбу Насыр әл-Фараби 950 жылы 80 жасында Си­рияның Дамаск қаласында қайтыс бо­лып, сүйегі сол қаладағы патшалар жер­ле­не­тін Баб ас-Сағир зиратына қойылған. (1968 жылы Дамаскіге барып, ұлы ғалым­ның қабірін тауып, оған құлпытас орнатуға мұрындық болған Ақжан Машани).

Әл-Фарабиді Қазақстанда ғылыми ор­та­ға ең алғаш таныстырған Эрнест (Арношт) Яромирович  Кольман (1892-1979) деген ма­­­тематик, философ ғалым. Қазіргі Че­хия­ның астанасы Праға қаласында еврей отба­сында дүниеге келген ол атақты физик-ға­лым Альберт Эйнштейннің лекцияларын тыңдап, оның шәкірті болған. Бірінші дүние­жүзілік соғыста орыстардың қолына тұт­қынға түсіп, кейін Қазан төңкерісі ке­зін­де больщевиктердің көмегімен түрмеден боса­тылған. КСРО-да партия қызметтерінде болған ол 1941 жылы соғыс кезінде Мәс­кеу­ден алдымен Башқұртстанға кейін Ал­ма­тыға эвакуацияланған. Осы Кольман 1943 жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалында өткен бір конференцияда Орталық Азия ғұламаларының Еуропа ғылымына жасаған ықпал-әсері, үлгісі жайында баяндама жасайды. Міне, сол баяндамасында ол Әбу Насыр әл-Фараби туралы деректер келтіреді. Шынын айту керек, ол кезде Фараби туралы Қазақстанда мүлдем айтылмайтын, себебі ол туралы ешкімнің хабары жоқ еді. Міне, осыдан кейін тарихта Отырардың ежелгі аты Фа­раб екенін білетін қазақтар әл-Фараби де­ген атқа елеңдей бастайды. Бәрінен бұрын Кольманның баяндамасына аты аталған ғалым туралы деректер іздеп, зерттей бастаған геолог ғалым, тау-кен инженері, кейін геология-минералогия ғылымдары­ның докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі болған Ақжан Машани әл-Фарабиді зерт­теуге өмірінің қырық жылын арнады, ұлы ғалымның шығармаларын тауып аудартып, жариялады. Соның арқасында әл-Фараби туған топырағымен қауышты. Сол сияқты, математик, педагогика ғылымдарының док­торы Ауданбек Көбесов, әл-Фараби мұра­сының насихатшысы болды.

Кейін 1968 жылы ҚазКСР ҒА Философия және құқық институтында «Әл-Фараби мұ­раларын зерттейтін шығармашылық топ» құрылып, оның жұмысын ҰҒА коррес­пон­дент-мүшесі, философия ғылымдарының докторы, профессор Ағын Қасымжанов үйлестірді.

1991 жылы Қазақ Ұлттық университе­ті­не әл-Фарабидің аты берілді. Сол тұста ҚазҰУ-де декан болып істейтін Ағын Қа­сым­жанов 1993 жылы Фарабитану орта­лығын құрып, оны 2000 жылға дейін бас­қарды. Ал 2000-2008 жылдары Фарабитану орталығына А.Қасымжановтың қызы, фи­ло­софия ғылымдарының  докторы, про­фес­сор Анель Қасымжанова жетекшілік етті. Одан кейінгі он екі жылда орталықты өзім басқардым, биыл оны шәкіртім, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Бекжан Мейірбаевқа тапсырдым.

– Жасыратын несі бар, әл-Фа­ра­бидің туған жері мен ұлтына қа­тысты түрлі пікірлер айтылды. Бір ғалымдар оны Ауғанстанның Түр­кіменстанмен шектесетін сол­түстік батысындағы Фарьяб өлкесінде дү­ниеге келуі мүмкін десе, тағы біреулер тарапынан парсы тілді ха­лықтың өкілі деген де болжам­дар айтылады. Ал біз Отырар пер­зен­тін өз отандасымыз деп санай­мыз. Осы пікірлердің қайсысы дә­лел­ді?

– Сұрағыңның қойылуы дұрыс. Кезінде бұл жөнінде талас-тартыстар болған. Атағы әлемге жайылған бүкіл шығыс ғалымдары Аристотельден кейінгі екінші ұстазымыз деп таныған әл-Фараби қазақ жеріндегі Отырар (Фараб) қаласында дүниеге келген. Ол нақты дәлелденген, мойындалған шын­дық. Әбу Насырдың түркі тайпасының дәу­летті отбасынан шыққаны мәлім. Оған ға­лымның аты-жөніндегі Тархан деген сөз де дәлел бола алады.

Ұлы ғалым өмір сүрген кезеңде қазақ хал­қы ұлт ретінде қалыптаспаған еді, бірақ сол Отырарда өмір сүрген тайпалардың кейін қазақ халқының құрамына қосылып кет­кені анық.

Әрине, Фарабиге таласу жоқ емес, пар­сылар парсы дегісі келеді, ауғандар да өзіне тар­тады, бізбен түбі бір өзбектер мен түр­кімендер де өз ұлтына жатқызғысы ке­леді. Мысалы, мына Өзбекстанда Музаффар Хайруллаев деген академик бар. Фарабиді зерт­теп, орыс тілінде 1975 жылы «Фараби. Эпоха и учение», 1982 жылы «Абу Наср ал-Фа­раби» деген кітаптарын шығарған. Таш­кенттегі өзбек елінің орталық кітап­ха­на­сын­да әл-Фараби еңбектерінің қолжаз­ба­лары бар. Сондықтан олар Фарабиді түркі дегенн­ен гөрі ұлты өзбек деуге бейім тұра­ды. Ал парсылар әлі күнге «парсының тұл­ға­сы» деуін қоймай келеді. Бұның бәрі тү­сінікті жағдай ғой, ондай әлемдік дәре­же­дегі тұлғаға таласатындар аз болмайды.

Белгілі нәрсе − әл-Фараби өзінің өмір­баянын жазып қалдырмаған. Дегенмен Орта ғасырларда «Шығыстың Плутархы» атанған Ибн Халликан (1211− 1282) атты арабтың тарихшы қаламгері Фарабидің өмірбаяны жөнінде жазған. Тарихшы оны «мұсылман әлемінен шыққан ұлы ғалым, ешкім оның білім дәрежесіне жетпеді» деп көкке көтере мақтап отырып, оның түр­кілер мекен еткен Отырар маңында дүниеге келгенін айтады. Сол сияқты, 1946-1956 жылдары Тәжікстанды басқарған, КСРО Ғылым академиясының академигі, 1956 жылдан өмірінің соңына дейін КСРО Ғылым академиясы Шығыстану инсти­тутының директоры болып істеген Бобод­жан Гафуров та әл-Фарабидің туған жері Қа­зақстан деп санайтынын айтқан-ды. Сонымен бірге көптеген түркі, шығыстық ғалымдар осындай ойды айтып, әл-Фара­бидің біздің жерлесіміз екеніне шәк кел­тірмейді. Сондықтан біздің әл-Фараби мәселесінде солқылдақтыққа салынуы­мыз­ға негіз жоқ!

Осы арада айта кететін бір жайт, белгілі арабтанушы ғалым, академик Әбсаттар Дер­бісәлінің зерттеуінше, Әбу Насыр әл-Фара­биден басқа Отырардан әл-Фараби, әл-Отырари текті 33 ғалым шыққан екен. Мұның бәрі ертеде қазақ жеріндегі Отырар (Фараб) шаһарында ғылым-біліммен айна­лысуға мол мүмкіндіктің болғанын, өрке­ниеттің дамығанын танытады.

– Әл-Фараби шығармаларын қа­зақ тіліне аудара бастаға­ны­мызға жарты ғасырдан енді асып жатыр. Ал оның іргелі еңбектері әлемге қа­лай таралып, қалай танылды?

– Әл-Фарабидің қандай ірі ғұлама ға­лым болғанын оның тұстастары да және одан кейін шыққан шығыстық ғалымдар да мойындап, жоғары баға берген ғой. Оның фи­лософия, логика, музыка теориясы, астрология, медицина, математика сияқты көптеген ғылым салаларында қалдырған мұралары ғылым тарихында өте құнды дү­ниелер саналады.

Ғұламаның есімі еуропа елдеріне ерте кез­ден-ақ кең танылған. Философиялық трак­таттары ХII-ХIIІ ғасырларда-ақ ежелгі еврей және латын тілдеріне аударылып тара­ған. Бірақ әл-Фараби мұрасын жүйелі түрде зерттеу, яғни ғалымның трактат­та­рын аударып басып шығару ісі толыққанды күйде ХVIII-XIX ғасырлардың орта шенінде жүзеге асты. Орта ғасырдағы Еуропаға ежел­­гі гректердің классикалық философия­сын таныстырған, негізінен, әл-Фарабидің еңбектері болды. Оның шығармаларының сол тұстағы ғылыми ортада үлкен сұраныс­қа ие болғаны сондай, қайта-қайта басылып шықты. Мәселен, XII ғасырда оның «Ғы­лым­дар клас­си­фикациясы» атты еңбегі ла­тын тіліне екі рет аударылып шыққан. Сол секілді «Аль­фарабиуса» − «Сананың м­әні туралы», «Сұ­рақ­тар негізі» және Арис­то­тельдің «Фи­зи­ка», «Поэтика» еңбектеріне түсініктемелері, «Бақыт жолы туралы» және логикаға байла­нысты трактаттары мен т.б. туын­дылары XII−XVII ғасырлар аралы­ғында латын ті­лі­не бірнеше рет аударылған. Ең өкініштісі, әл-Фарабидің осы заманға латын тіліндегі аудармасы арқылы ғана жеткен көптеген трак­таттарының түпнұс­қа, қолжазбалары сақталмаған.

Фараби еңбектерін кәрі құрлыққа та­нылуына еуропалық ғалымдардың да еңбегі зор. ХІХ ғасырдың екінші жартысында орта ғасырдағы Шығыс рухани мәдениеті жайлы еңбектер жазған неміс ғалымы М.Штейн­ш­ней­дер, 1890 жылы әл-Фарабидің сегіз фи­лософиялық трактатын Лондон, Лейден жә­не Берлин қалаларында сақталған жаз­балардан алып жарыққа шығарған Фрид­рих Детриций, неміс және ағылшын тіл­дерінде жарық көрген «Ислам фило­софия­сының тарихы» зерттеуін жазған голлан­дық ғалым Де Бур секілді азаматтардың, сон­дай-ақ ортағасырларға тиесілі араб фи­лософиясын зерттеген француз ғалым-фарабитанушылары −  И.Форгет, С.Дугат, Л.Лутхер, С.Мунк, Э.Ренан, И.Финнеген т.б. оқымыстылар еңбектері атап айтуға тұрар­лық. Осылардың арасында Э.Ренанның «Аверроэс и авероизм» (Париж, 1952) еңбегі ерекше. Танымал француз шығыстанушысы Р.Эрланже 1930-1935 жылдары әл-Фара­бидің музыкаға қатысты «Китаб әл-мусика әл-кабир» («Музыканың үлкен кітабы») кітабын Парижде түпнұсқадан аударып, жарыққа шығарды.

Бізге белгілісі, ХХ ғасырдың басында шы­ғыстың рухани мәдениетін зерттеуде әл-Фараби мұраларының маңызы артып, көп­теген кітаптар жазылды. Сондай-ақ Әбу На­сыр әл-Фараби  шығармашылығына ерек­ше назар аударған А.Мец, Л.Массиньон, Р.Блашэр, А.Массэ, Ф.Габриели, Ф.Коплстон т.б. еңбектері кітап болып басылды. Со­нымен бірге бұл тізімге орыс зерттеушілер И.Крач­ковский, Е.Бертельс, В.Бартольд сынды шығыстанушы-философтарды да қосуға болады, өйткені олардың да фара­битануға қосқан үлесі бар.

Фарабидің еңбектеріндегі терең  ойлар мен тұжырымдарды орта азиялық Әбу Әлиибн Сина және андалузиялық философ ибн Рушд секілді кейінгі философтар жал­ғастырса, түбі еврей, нидерландттың фи­ло­соф-рационалист Бенедикт Спинозаға да өз әсерін тигізді.

Әл-Фарабидің еуропа ғылымына әсері тура­лы айтар болсақ, орта ғасырдағы Батыс Еуропа ірі ойшылдары Р.Бэкон, Д.Скот өзде­рі­нің теориялық шығармаларында әл-Фараби, ибн Сина, ибн Рушд еңбектерін пай­даланған. Ұлы ғалымның «білім – ин­туи­цияға негізделген» деген ойы Николаус­тың, Шеллингтің, Бергсонның және Штей­нердің еңбектерінде жаңғырды. Ал зердеге негізделген этикалық жүйесі И.Кант фи­лософиясында өз көрінісін тапты.

Атақты неміс шығыстанушы ғалымы Ф.Детрицийдің айтуынша, «Шығыста Арис­тотель әл-Фараби еңбектерінің арқа­сын­да ғана Аристотель атанған». Яғни, Аристотель шығармаларының мәні мен маңызы Әбу Насыр әл-Фараби талдауларының арқасын­да ғана білімпаз жұртқа ұғынықты болған. Тұжырып айтқанда, әл-Фараби − Шығыс пен Еуропа мәдениеттерін байланыс­тыру­шы «рухани көпірге» айналған, ғылым әле­мінің қайталанбас феномені болды.

– Әбу Насыр әл-Фарабидің ғы­лымдағы фе­номендік тұлғасы, әри­не оның отан­дас­тары – қазақ­стан­дықтар үшін зор мақта­ныш. Бірақ біз ұлы ғалымның атын Қазақ­стан­ның брендіне айналдыру жо­лында, яғни күллі әлемнің есіне Қазақстан дегенде әл-Фараби, әл-Фараби де­генде Қазақстан түсетіндей жағ­дайға жету жолында не тын­дыр­дық, болашақта не істеуіміз керек?

– Әрине, мұндай ұлы тұлға­лары­м­ыз болғанымен, жеткілікті наси­хаты жасал­маса, ол ұлттық тұлға ре­тінде халқымыздың рухани әле­міне сіңіп, есімізде үнемі тұрар мақ­танышқа айналмайды.

Әрине, әл-Фараби − әлемдік тұлға. Ол біз­сіз де танылған. Демек, рухани құндылық ретінде ол бізге тәуелді емес, біз оны мақ­таныш етуіміз керек. Өйткені күллі әлем мойындаған ғұламаны өзімізге рухани жақ­тан меншіктеп алу − қазақ руханияты үшін үлкен жеңіс. Қазір біз сол жеңіске жар­тылай ие болдық. Ол − әл-Фарабидің біз­дің елде дүниеге келгенін дүниежүзінің тануы. Яғни, әлемде әл-Фараби арқылы Қа­зақстанды тану үдерісі жүріп жатыр.

Қазір қазақ халқы Құрманғазы, Махам­бет, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтын­сарин, Абай, Қажымұқан, Мұхтар Әуезов се­кілді тұлғаларды тұтас таниды, оларды ұлт­тың мақтанышы деп біледі. Неге? Өйт­кені олар туралы насихат солай жасалды. Көп жұмыстар істелді. Осының арқасында әр салада қазақ халқы мақтаныш етер тұл­ғалары пайда болды.

Ендеше, әл-Фарабиді жаңағы айтқан тұл­ғалар қатарында, тіпті олардан да жо­ғары­рақ көру − біздің ұлт ретіндегі әлеуе­тімізді көрсететіні анық. Ол жолда жарты ғасырдан бері талай жұмыстар атқарылып жатыр, болашақта да атқарыла бермек. Біз әл-Фарабидің атын ең мықты ұлттық уни­верситетімізге бердік, алдына ұлы ғалым­ның керемет ескерткішін қойдық. Тәуел­сіздіктің бесігі – Алматы қаласындағы ең үлкен, ең әдемі даңғыл әл-Фараби атында. ҚазҰУ-да 20 жылға жуық әл-Фараби атын­дағы орталық жұмыс істеп келеді. Осы ор­та­лық арқылы ұлы ғалым мәңгілік ты­ныш­тық тапқан мекен Сириядағы Дамаск қаласымен тығыз байланыс құрдық. Мемлекетіміз «Мәдени мұра» бағдарламасы ая­сында әл-Фарабидің кесенесіне қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Да­маскіде әл-Фараби орталығын ашты. Биыл Қазақстан ұсынысымен ұлы ғалымның 1150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде той­лануда. Осыған орай кинолар түсіріліп, Фараби мұрасын түгендеу істері жүріп жатыр. Біз болашақта ұлы бабамыздың әлемнің әр жерінде сақталып келген бар­лық мұрасының толық көшірмесін алып, оның шығармаларын толық түрде қазақ тіліне аударуымыз керек.

Елімізде философия, тарих, музыка, фи­лология ғылымдарында әл-Фараби еңбек­тері ғылыми айналымға енгізілген. Яғни, осы аталған салаларда ғылыми дис­сертациялар қорғалған. Сол сияқты ұлттық әдебиетімізде әл-Фараби туралы Ақжан Ма­шанидің, Әнуар Әлімжановтың роман­дары, Мұхтар Шахановтың поэмасы т.б. көркем шығармалар жазылды. Әрине, бұлар жалғасын таба беретін істер.

Қазір әлемнің оннан астам мемле­кетінде Фарабитану орталықтары жұмыс іс­тейді. Олар үшін, әрине әл-Фарабидің Ота­нында істелген істер маңызды. Сон­дықтан біз, орта мектептен бастап барлық ЖОО-ларда Фарабитануға қатысты са­бақтар өткенін қалар едік.

Осыдан біраз уақыт бұрын Қазақ­стан­ның ұлттық валютасы – теңгенің 1, 200, 500, 1000, 5000 теңгелік номиналдарында әл-Фарабидің суреті бар еді. Бұл ұлы ға­лым­ның атын мемлекеттік брендке айналдыру жолындағы өте сәтті шешімнің бірі еді, бі­рақ кейін соны белгісіз бір себептермен алып тастады. Меніңше, төл теңгемізге әл-Фа­раби бейнесін қайта әкелсек, ұтымды іс болар еді.

Ұзын сөздің қысқасы, біз Әбу Насыр әл-Фарабиді насихаттау арқылы әлемге оны емес, өзімізді танытамыз. Жаңа ғасырдағы Қазақстанның атын шығаратын бір жоба – ол әл-Фарабиді ұлықтау дер едім. Себебі әл-Фараби − Ұлы дала ақыл-ойының туы. Біз сол туды биікте желбірете ұстауымыз керек!

– Мазмұнды сұхбатыңыз үшін алғыс ай­тамыз. Әл-Фараби секілді ұлы бабамыз­дың рухын асқақтату жолындағы істеріңіз­ге тек қана сәттілік пен табыс тілейміз!

– Рақмет!

Сұхбаттасқан Ахмет ӨМІРЗАҚ

 

Редакция таңдауы

Президент Ахметжан Есімовті қабылдады

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының 2020 жылы атқарған жұмыстарының алдын ала қорытындылары туралы баяндалды. Жаһандық дағдарыс пен пандемияға қарамастан холдинг былтыр өз...

Нью-Йоркте тұратын қазақ профессорының кітабы шықты (видео)

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, «Отандастар қоры», Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және Колумбия университеті Гарриман институтының (Нью-Йорк, АҚШ) қолдауымен Гүлнәр Кендірбай...

Қазақстандықтар ақпанда неше күн демалады?

Ақпанда мемлекеттік және ұлттық мерекелер болмайтындықтан қазақстандықтар күнтізбелік демалыс күндері ғана демалады. 2021 жылғы ақпанда 28 күн бар. Оның ішінде төрт күн сенбі мен жексенбіге...

Қазақстанда 1 наурыздан бастап пойыз билеттері қымбаттайды

2021 жылы 1 наурыздан бастап облысаралық және қала маңына қатынайтын барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттарға теміржол билетінің құны 7% қымбаттайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жолаушылар тасымалы»...
d6b6680e41498de88d6c8e98db2a9a2d

Президент Ахметжан Есімовті қабылдады

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының 2020 жылы атқарған жұмыстарының...
0026fa74 b4f2 410f a8c9 90dc124e7b9c

Нью-Йоркте тұратын қазақ профессорының кітабы шықты (видео)

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, «Отандастар қоры», Дүниежүзі...
20170708160610939 big e1542348395173

Қазақтың «тақиялы періштесі» өмірден өтті

Қазақстанның Мәдениет қайраткері, актер Әлімғазы Райымбеков 85 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Көпшілікке...

Жаңалықтар

Елімізде тағы бірқатар сала қызметкерлерінің жалақысы артпақ

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет 2020 жылы бюджет саласының 883 мың қызметкерінің, оның ішінде...

Украинадағы қызмет көрсету саласы толық украин тіліне көшірілмек

16 қаңтардан бастап Украинадағы қызмет көрсету саласы клиенттермен қарым-қатынаста толық украин тіліне көшуі тиіс. 2019 жылғы сәуірде қабылданған мемлекеттік тіл туралы заңның талабы осындай....

Президент Ахметжан Есімовті қабылдады

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының 2020 жылы атқарған жұмыстарының алдын ала қорытындылары туралы баяндалды. Жаһандық дағдарыс пен пандемияға қарамастан холдинг былтыр өз...

Оралда шоқыну мейрамына келген 78 жастағы қария көз жұмды

Оралда шоқыну мейрамы кезінде ойыққа су алуға барған зейнеткер көз жұмды, деп БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ер адам созылмалы сырқатпен есепте тұрған....

Тоңазытқышта көз жұмған сәби: Айыпталушылар сот үкімімен келіскен жоқ

Атырауда тоңазытқышта көз жұмған сәби ісі бойынша облыстық перзентхананың бас дәрігері мен қылмысқа қатысы бар деп танылған басқа да қызметкерлерге қатысты сот үкімі шықты. Облыстық...

Президент 1 миллион 70 мың қызметкердің еңбекақысын көтеруді тапсырды

Мемлекет басшысы бүгін Асқар Маминді қабылдады. Онда Премьер-Министр Президенттің тапсырмасы бойынша 2020 жылы Үкімет бюджет саласындағы 883 мың қызметкердің еңбекақысын өсіргенін айтты. «Атап айтқанда 609 мың...

«Халық сенімі». Ильхам Әлиев Елбасын Nur Otan партиясының жеңісімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ҚР Парламенті Мәжілісі сайлауындағы Nur Otan партиясының жеңісіне орай хаттар мен жеделхаттар келіп түсті Түркия Республикасының Президенті Режеп Ердоған өз жеделхатында күллі...

Елбасы Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті

«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Единая Россия» бүкілресейлік саяси партиясының төрағасы, Ресей Федерциясының Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті, –...

Мемлекет басшысы Асқар Маминді қабылдады

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі санитарлық-эпидемиялық ахуал мен әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті мәселелері туралы баяндалды. Асқар...

Нью-Йоркте тұратын қазақ профессорының кітабы шықты (видео)

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, «Отандастар қоры», Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және Колумбия университеті Гарриман институтының (Нью-Йорк, АҚШ) қолдауымен Гүлнәр Кендірбай...

Ауа райына байланысты 7 облыста ескерту жарияланды

Қазақстанда жеті облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлады Қазгидромет. 20 қаңтарда Ақмола облысында басым бөлігінде күндіз қар жаууы ықтимал. Кей...

Оралда 21 қаңтардан бастап шектеу шаралары күшейтіледі

Орал қаласындағы Бас мемлекеттік санитар дәрігердің міндетін атқарушы Роза Хасенованың 19 қаңтардағы қаулысына сәйкес, сауда үйлері мен орталықтар, базарлардың қызметі жексенбі күндері тоқтатылады. Қоғамдық тамақтандыру...

Қордайдағы жанжал: Таразда өтіп жатқан сотта айыпталушы өз-өзін жарақаттады

Қордайдағы ұлтаралық жанжалға байланысты Таразда өтіп жатқан сотта айыпталушылардың бірі өзін жарақаттады. Сот процесінде бір айыпталушы «бізді тоқпен азаптады, ұрып-соқты» деп шағымданды, – деп...

Беларусь 2021 жылы хоккейден әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылды

Беларусь Республикасы 2021 жылғы хоккейден әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылды. Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) осындай шешім шығарды. IIHF таратқан ресми мәлімдемеге сүйенсек, бастапқыда Минсктегі Әлем...

Коронавирус: Қырғызстан Pfizer вакцинасынан бас тартатын болды

Қырғызстан Республиканың Денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиев Pfizer вакцинасынан бас тартуға оны сақтайтын тоңазытқыштардың болмауы себеп болғанын айтты, – деп жазды РИА Новости. «Бізге америкалық...

«Анашымды сағындым»: «Жасөспірімдер үйінен» қашып кеткен бала бес күннен кейін табылды

Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 қаңтарда сағат 10.00 шамасында «102» арнасына «Жасөспірімдер үйінің» қызметкерлері хабарласып, сол күні сағат 09.00-де 17...

Алимент төлемеген 119 әкенің мүлкі тәркіленді

Қостанай облысының сот орындаушылары алимент төлемей жүрген 14 мыңнан астам адамды тіркеуге алды. Облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Динара Сәрсебекова алимент төлемеген борышкерлердің берешегі 99...

«Тақиялы періште» атанған Әлімғазы Райымбековтің неден қайтыс болғаны айтылды

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әлімғазы Райымбеков коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы актердің қызы Сурия Райымбекова айтты, – деп жазды Tengrinews.kz. Белгілі қазақстандық актер 19 қаңтарда 86-ға...

Коронавирус: елімізде екі аптадан кейін вакцинация басталады

Елімізде 1 ақпаннан бастап коронавирус инфекциясына қарсы вакцина егу жоспарлануда. «Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина егу шаруасын жеделдету мақсатында келесі бағытта жұмыс жүргізілуде: 2021 жылғы...

Ресей соты Навальныйды 30 күнге тұтқындады

Ресей соты Федеральды қызметтің сұрауы бойынша оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды 30 күнге тұтқындау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы оның адвокаты Вадим Кобзев мәлімдеді, деп...

Елімізде электронды вакцинация паспорты енгізіледі

Қазақстанда электронды вакцинация паспорты енгізіледі. Бұл туралы Lенсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.  Министрдің айтуынша, коронавирусқа қарсы вакцинацияға дайын болу үшін үкіметтің қаулысының жобасы...

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп, 2 адам көз жұмды

Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданында тұрғын үй секторынан өрт шығып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі. «18 қаңтар күні сағат 07:34-те «101»...

Жаңадан тағайындалған екі министр ант берді (видео)

Жаңадан жасақталған Қазақстан Үкіметінің алғашқы отырысында жаңа тағайындалған Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов ант беру...

«Жарылып кетуі мүмкін»: Маман телефонды қандай жағдайда қуаттауға болмайтынын айтты

Телефонды батареясы ұлғайғанда, күнге қатты қызып кеткенде немесе дымқыл күйінде қуаттау қауіпті. Бұл туралы Прайм агенттігіне "Роскачество" цифрлық өнімдерін сынау жөніндегі аға маманы Сергей...

«Күніне 7 мың адам жұқтырады»: Министрлік коронавирустың шарықтау шегі қашан болатынын болжады

Коронавирустың шарықтау шегі наурыз айының соңында болуы мүмкін. Бұл туралы Үкіметтің онлайн отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. "Министрліктің болжау жөніндегі жұмыс тобы қолданыстағы...

Қазақтың «тақиялы періштесі» өмірден өтті

Қазақстанның Мәдениет қайраткері, актер Әлімғазы Райымбеков 85 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Көпшілікке режиссер Шәкен Айманов түсірген «Тақиялы періште» фильміндегі Тайлақ деген есіммен кең танылған...

COVID-19: Тағы бір өңір «қызыл» аймаққа енді

19 қаңтарда коронавирус инфекциясының таралу деңгейі жағынан «қызыл» аймаққа Солтүстік Қазақстан облысы кірді. «Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық ахуалға күн сайын талдау жүргізіп отыр. Жыл...

Трамп президенттіктің соңғы күнін қалай өткізетіні белгілі болды

АҚШ президенті Дональд Трамп осы лауазымдағы соңғы күнінде Мэриленд штатындағы әскери аэродромда қоштасу рәсімін өткізуді жоспарлап отыр, деп  хабарлайды The Hill.  Іс-шара Вашингтондағы Джо Байденді...

Президент 8 шенеунікті қызметінен босатты

Мемлекет басшысының өкімімен бірқатар жауапты хатшылар қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. Жауапты хатшылар институтының таратылуына байланысты мемлекет басшысының өкімімен: Жанат Мұратұлы Қожахметов –...

COVID-19: Елордада коронавирус жұқтырғандар саны азаймай тұр

Қазақстанда өткен тәулікте 999 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 124 Алматы қаласы - 79 Шымкент қаласы - 7 Ақмола облысы...

Қазақстандықтар ақпанда неше күн демалады?

Ақпанда мемлекеттік және ұлттық мерекелер болмайтындықтан қазақстандықтар күнтізбелік демалыс күндері ғана демалады. 2021 жылғы ақпанда 28 күн бар. Оның ішінде төрт күн сенбі мен жексенбіге...

Қытайлық ғалымдар мойындады: Жарқанаттардың вирус тасымалдауы 2017 жылы басталған

Ухандық институт ғалымдары үңгірде үлгі жинап жүрген кезде оларды коронавирус инфекциясы бар жарқанаттар тістеп алғанын мойындады. Бұл туралы Taiwan News басылымындағы мақалада айтылған, деп...

Әлемдегі жүктемесі ең көп әуежай анықталды

2020 жылдың қорытындысы бойынша Стамбұлдағы халықаралық әуежай әлемдегі жүктемесі ең көп әуежай болып шықты. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.  Екінші орында Париждегі Руасси — Шарль-Де-Голль әуежайы,...

Тоңазытқыштағы сәби өлімі: Атырауда перзентханаға дәрігерлеріне үкім шықты

Атырау соты облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне жаңа туған нәрестені қасақана өлтірді деген айыппен үкім шығарды. «Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен кінәлі деп танылған...

Қазақстанда 1 наурыздан бастап пойыз билеттері қымбаттайды

2021 жылы 1 наурыздан бастап облысаралық және қала маңына қатынайтын барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттарға теміржол билетінің құны 7% қымбаттайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жолаушылар тасымалы»...

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. «Ұлттық кеңестің жұмысына жұртшылықтың жаңа өкілдері – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ Басқарма...

ІІМ көші-қон заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы хабарлады

ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейітжанов ІІМ-де өткен апталық брифинг барысында ҚР көші-қон заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы айтып берді, – деп...

Samsung басшысы пара бергені үшін 2,5 жылға сотталды

Сеул соты Samsung Group басшысы Чжэ Ён Лидің ісін қайта қарап, оны екі жарым жылға түрмеге қамау туралы шешім шығарды, деп хабарлады Bloomberg. Чжэ Ён...

Мұхтар Тілеуберді жаңа қызметке кірісті

Осы уақытқа дейін Сыртқы істер министрі қызметін атқарып келген Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді бұдан былай сыртқы ведомство басшысы және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметін қоса атқарады. Мұхтар...

Ұлттық экономика министрі тағайындалды

ҚР Президентінің Жарлығымен Әсет Ерғалиев Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды. Әсет Арманұлы1987 жылы 18 маусымда дүниеге келді. Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын...

Серік Шапкенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды

Президент жарлығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне Серік Жамбылұлы Шапкенов тағайындалды. Серік Жамбылұлы 1979 жылы 29 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қаратөбе...

Үкіметтің жаңа құрамы жасақталды

Қазақстан Үкіметінің жаңа құрамы жасақталды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Тағайындалсын: Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары; Роман...

Ауғанстан азаматы Қазақстанда 11 жыл бойы заңсыз жүрген

"Келімсек" іс-шарасы барысында Алматыда 11 жыл бойы заңсыз тұрған Ауғанстан азаматы анықталды деп хабарлайды Polisia.kz. Белгілі болғандай, 30 жастағы шетелдік осы уақытқа дейін мұқият...

30 градус аяз: Синоптиктер алдағы үш күннің ауа райын болжады

Еліміздің синоптиктері алдағы үш күн, 19-21 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды. "Қазгидромет" мамандардың айтуынша, дәл қазір оңтүстік циклон солтүстік-шығысқа ауысады, оның орталығы Каспий теңізінің...

Мейрамбек Бесбаевтың денсаулығы жайлы дәрігерлер не дейді?

Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханасының баспасөз қызметі хабарлағандай, әнші Мейрамбек Бесбаевтың денсаулығы жақсарып келеді. «Ол 16 қаңтар күні №7 қалалық ауруханаға жедел жәрдеммен ауыр халде...

Cтуденттер пандемияға байланысты оқу ақысын төмендетуді талап етті

Қырғызстанда жиырмаға жуық жоғары оқу орнының студенттері коронавирус пандемиясына байланысты оқу ақысын төмендетуді сұрайды. Індет таралғалы студенттердің көбі қосымша жұмыстан айырылған, енді бірінің ата-анасы...

“Сұңқар” радиостудиясы өз жұмысын бастады

“Қазақ радиолары” ЖШС және Еуразия ұлттық университетінің өзара ынтымақтастық меморандумы негізінде “Сұңқар” радиостудиясы эфирге жол тартты.  “Біз болашақ арманның асқарымыз Біз елімнің мөп-мөлдір аспанымыз Еркін ойлы,...

Экс-депутат бас редактордың орынбасары қызметіне тағайындалды

Бұған дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болған Кәрібай Мұсырман «Egemen Qazaqstan» газетінің Бас редакторының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Egemen.kz сайты хабарлады. 1957 жылы бұрынғы...

Елімізде теміржол билеттері қымбаттайды

Елімізде темір жол билеттерінің бағасы көтеріледі, деп хабарлайды zakon.kz. 2021 жылғы 1 наурыздан бастап облысаралық және қала маңы қатынастарындағы барлық әлеуметтік маңызы бар маршруттарға теміржол көлігімен...

UFC ардагері коронавирустан қайтыс болды

Америкалық аралас жекпе-жек шебері (MMA) Пол Вареланс коронавирустың асқынуынан қайтыс болды. Бұл туралы MMA Junkie хабарлады. Абсолютті күрес чемпионатының (UFC) ізашарларының бірі 51 жасында бақилық...

Алматыдағы модульді госпиталь құрылысына бөлінген 5,5 млрд теңгенің 4 млрд теңгесі ұрланған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматыдағы модульді жұқпалы аурулар ауруханасы құрылысы кезінде бюджет қаражатын жымқыру туралы қылмыстық іс тергеліп жатқанын растады, деп хабарлайды Informburo.kz.  "16 қаңтарда...

Қазақстандықтарға доллар бағамы күрт өзгеретіні ескертілді

Қазақстандықтар бір-біріне 27 қаңтарда доллар бағамы күрт өзгеретінін ескертуде, деп хабарлайды zakon.kz. Таратылған хабарламаларда валюта алдағы уақытта алтын стандартына байлаулы болатыны айтылған. Алайда stopfake.kz бұл мәлімдеме...

Ғабит Мүсіреп «Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы болып тағайындалды

Белгілі публицист, қаламгер Ғабит Мүсіреп қазақ баспасөзінің қарашаңырағы, еліміздің бас басылымы – «Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы болып тағайындалды. Ғабит Іскендерұлы Мүсіреп – Қа­рақалпақстанның Тақтакөпір...

ДДСҰ өкілі коронавирус қашан басылатынын айтты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Мелита Вуйнович "Российская газетаға" берген сұхбатында коронавирустық пандемия қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты.  Оның айтуынша, биылғы жылы COVID-19 ауруының жағдайы...

Интернеттегі алаяқттардың арбауына түспеудің 5 сақтық қағидасы

Полицейлердің айтуынша, бұл қылмыстың ең көп таралған түрі – онлайн несие алу. Бұл жағдайда алаяқтар азаматтардың жеке деректеріне алаяқтық жолмен қол жеткізеді немесе онлайн-қарыздарды...

Жаңа қаулы: Павлодар облысында бірқатар мекемелердің қызметі тоқтатылады

Павлодар облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Батырбек Әлиевтің өңірдегі карантиндік шектеу шараларын күшейту жөнінде жаңа қаулысы жарияланды. Жаңа қаулы ережелеріне сәйкес, әкімдерге бірқатар міндет жүктеліп...

Мақтаарал ауданында карантин шаралары енгізілді

Соңғы бірнеше тәулік ішінде Мақтаарал ауданы аумағында пневмонияның вирусты түрі мен COVID-19 белгілері бар азаматтардың саны артқан. Осыған байланысты аудан әкімі Б.Асановтың тапсырмасына сәйкес...

Димаш АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылу салтанатында ән шырқады

АҚШ президенті Джо Байденнің инагурациялау апталығының ашылуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Онда Димаш Құдайберген қазақтың «Самалтау» халық әнін орындады, – деп жазды dimashnews.com. Дәстүр...

Шыңғыс хан жайлы шындық

Белгілі бауыржантанушы, филология ғылымының кандидаты Мамытбек Қалдыбай Ержан Исақұлов пен Зәріпбай Оразбайдың «Шыңғыз хан» кітабы туралы пікір білдірді. Әр елдің терең тамыры мен бай тарихы...

Анкарада Абай альбомының тұсаукесері өтті

Халықаралық ТҮРІКСОЙ ұйымы мен Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен Анкарада «Абайды түсіну» альбомының тұсаукесері өтті. Бұл туралы Түркия Радио Телевизия порталы хабарлады. ТҮРІКСОЙ ұйымының Бас хатшысы...

Сот үкімі: «Серік-голова» 19 жылға сотталды

Қылмыс әлемінде «Серік-голова» лақап атымен танымал Серік Жаманаев 19 жылға сотталды. Сот үкіміне сәйкес, Серік Жаманаев кінәлі деп танылып, 1,75 миллион теңгесі, 6 мың доллары...

Қазақстан аумағының ғарыштан түсірілген суреті жарияланды

Халықаралық ғарыш станциясы Қазақстан аумағының ғарыштан түсірілген суреттерін жариялады. «Қазақстанның үстінен 264 миль қашықтықтан астам биіктікте Халықаралық ғарыш станциясынан түсірілген көрініс», – делінген суреттің сипаттамасында. Айта...

COVID-19: еліміздің 4 облысы «қызыл» аймаққа енді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 18 қаңтардағы ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. Министрліктің мәліметіне сәйкес, Қазақстанның 4 облысы мен 1 қаласы, атап айтқанда, Ақмола,...

Атырауда түрмеге телефон лақтырған 2 азамат қамауға алынды

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, УГ-157/9 (ерлер түзеу колониясы) мекемесінің қоршауынан тыйым салынған заттарды лақтырған екі ер адам ұсталған. «Олар Атырауға Маңғыстау...

Коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды

Сoronavirus2020.kz сайты 18 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпаратты жариялады. «16.01.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 17 жағдайы және 2 өлім...

Өткен тәулікте 1003 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 1003 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 125 Алматы қаласы - 97 Шымкент қаласы...

Қызылқайнар ауылына 70 жылдан кейін ауыз су тартылды

Жамбыл облысындағы Қызылқайнар ауылына 70 жылдан кейін жаңа құбыр тартылып, орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды. Осы уақыт аралығында елдімекен тұрғындары тау бөктерінен ағатын бұлақ...

Бүгін ауа райы қандай болады – Қазгидромет

Қазгидромет 18 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. Фронталдық бөліктердің ықпалымен елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында аздаған қар, батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Қазақстан аумағының қалған...

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Өтіп бара жатқан апта ішінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен және Мәжіліс депутаттарының қолдауымен еліміздің Премьер-Министрі қызметіне Асқар Мамин қайта тағайындалды. Сонымен қатар 7-ші шақырылымдағы...

Навальныйды әуежайда 100 полицей қарсы алады

Алексей Навальный Мәскеуге ұшып келеді. Оның Ресейге оралуына жақтастары ғана емес, қарсыластары да дайындалып жатыр, мысалы, полиция, - деп хабарлайды "База" Telegram-каналы.  Алексей Навальный түстен кейін...

Шетелдегі қандастар ассимиляцияға ұшырамауы үшін ана тілі оқытылуы қажет

Бізде бір үстірттеу түсінік бар. Бұл – шетелдегі ағайын ана тілін жақсы сақтаған деген. Бұрын олай болған шығар, бірақ қазір жағдай одан біршама төмен...

Шетел сарапшысы: Жәнібекті Геннадий секілді дарынды деп айта алмаймын

Кәсіби бокс промоутерлері мен сарапшылардың пікірінше, қазақстандық былғары қолғап шеберлері Садриддин Ахмедов пен Жәнібек Әлімханұлы әлем бойынша болашағынан үміт күттіретін үздік ондыққа кіреді. Алайда көпшілігі бұл...

Мейрамбек Беспаев коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсті

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, әнші Мейрамбек Беспаев коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Nege.kz сайты. Белгілі болғандай, әнші Алматыдағы ауруханалардың бірінің жансақтау...

Кореялық бойжеткен қазақ-корей сөздігін құрастыруға көмектесетін адамдар іздеп жатыр (видео)

Оңтүстік Корея елінің тумасы Чой Ён Сон Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенттерімен онлайн режимде өткен кездесуде қазақ-корей сөздігін шығаруға қол ұшын...

Қытайда балмұздақтан коронавирус анықталды

Қытайдың Тяньцзинь қаласында Tianjin Daqiaodao Food компаниясы өндіретін балмұздақтан коронавирус табылды, деп хабарлайды Sky News. Агенттіктің хабарлауынша, балмұздақты әзірлеу барысында Жаңа Зеландиядан жеткізілген құрғақ сүт...

«Жұдырықтасамын». Хабиб Нұрмагомедов октагонға оралуы мүмкін

Жуырда Хабиб Нұрмагомедовпен келіссөз жүргізген UFC президенті Дэйн Уайт UFC ТВ-дің эфирінде оның алдағы уақытта октагонға оралуы мүмкін екенін айтты. Кездесу барысында Нұрмагомедов ММА әлеміне...

Қазақ қыздары Сербияда өтіп жатқан жарыста бірінен соң бірі чемпион болды

Әйелдер арасындағы бокстан Сербияда өтіп жатқан халықаралық турнир аяқталуды. «Ұлт кубогы» атты бұл турнирде Қазақстан командасы бірнеше алтын медалға қол жеткізді дейді Olympic.kz сайты....

Мини-футбол: «Ақтөбенің» сенсациялық жеңісі таң қалдыруда

Қазақстандық клуб Чемпиондар лигасында сенсация жасады деп жазады sports.kz порталы. Афиныда «Ақтөбе» Чемпиондар лигасының 1/16  матчында Грекияның АЭК командасымен ойнап, 5:2 есебімен жеңіске жеткен. «Ақтөбе»...

Мен сендердің жалғыз тал бүршігіңмін

Тірісінде кітабын шығара алмай кеткен ұстаз-ақынның арманын жерлестері орындады Ауылда жүріп-ақ айлы түнмен сырласып, жарық күнге жыр арнап өткен талай ақынның әдеби ортаға жете алмай,...

97 алаяқ қылмыстық жауапкершілікке тартылды

«Боранды күні қасқыр құтырады» демекші, пандемия кезінде интернет арқылы алаяқтық жасап, жұртты виртуальды түрде тонағандар көбейіп кеткен. Алаяқтықтың көбі онлайн-сауда жасағандарды қақпанға түсірген. Пандемия кезінде...

COVID-19: 2 миллион адам қайтыс болды (видео)

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш әлемде екі миллионнан аса адам коронавирустан қайтыс болғанын мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бас хатшы өз мәлімдемесінде вируспен күресуге шақырып, вакцина...

«Баннердегі қыз» миллион теңге қаламақы сұрап отыр

Алматы облысының тұрғыны Самал Омарова Алматы әкімдігінен коронавирусқа қарсы насихат ретінде өзінің суретін қолданғаны үшін қаламақы төлеуді сұрайды деп хабарлайды «31 арна». Қыздың суреті COVID-19...

UFC спортшыларға марихуана қолдануға рұқсат берді

Ендігі жерде қан құрамынан марихуана белгілері анықталса, бұл ұйымның ережесін бұзу деп саналмайды. UFC ұйымдастырушылары жарыс кезіндегі допинг-бақылау ережесіне түзету енгізіп, шеберлеріне ішінара марихуана қолдануға...

Германияда өткен тәулікте 18 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды

Германияда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны өткен тәулікте 18 мыңнан асты. Бұл туралы ГФР Денсаулық сақтау министрлігі құрамына енетін және елдегі COVID-19 статистикасын жүргізетін...

Өскеменде 9 жасар бала смартфон үшін үйінен кетіп қалған

Қылмыстық полиция қызметкерлері баланы бір сағаттың ішінде үйге жақын жердегі супермаркеттен тапты. Баланың анасы ұлын өзі іздеп таппақ болған, алайда іздеу нәтижесіз аяқталады. Амалы...

Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді

Қазақстанның үш өңірі коронавирустың таралу қаупі бойынша «қызыл» аймаққа енді. «Қызыл» аймаққа Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Қостанай облыстары енгізілді. «Сары» аймақта Алматы қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан,...

Үзіліссіз 10 сағат тікелей эфир өткізді

2021 жылдың 15 қаңтарында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлеуметтік желі арқылы, үзіліссіз он сағат тікелей эфир өткізді. Негізгі мақсат – студенттерге қазіргі оқу...

Еліміздің бірнеше облысында ауа райы бұзылады

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының бұзылатындығы жөнінде Қазгидромет хабарлады. 16 қаңтарда Ақмола облысының кей жерінде бұрқасын болжанады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен секундына 15-20 метр жел соғады. Көкшетауда оңтүстіктен...

Ағаштың заңсыз оталуына наразы топ жолды кесілген ағаштармен жауып тастады

Өзбекстанның Қашқадария облысы Карши қаласындағы "Буюк Турон" махалласының шамамен 200 тұрғыны 13 қаңтарда таңертең әуежайға апаратын жолды кесілген ағаштармен жауып тастады, деп хабарлайды Орталық...

Жаңа қаулы: Елордада демалыс күндері ойын-сауық орталықтары істемейді

Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары туралы қаулы жаңартылды. Оның ішінде: Ұйымдар, кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 80%-ын қашықтықтан жұмыс істеу түріне көшіру; Қалалық қоғамдық көліктің жұмысына жұмыс және...

COVID-19: Екі облыста карантин ұзартылды

Түркістан облысында және Шығыс Қазақстан облысында коронавирусқа байланысты карантин ұзартылды. Бұл туралы екі өңірдің бас санитарлық дәрігерлері шығарған жаңа қаулыда айтылған.  Түркістан облысының бас санитарлық...

Мемлекет басшысы Бақытжан Темірболатты жаңа қызметке тағайындады

Бақытжан Темірболат Тұңғыш президент кітапханасының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда сайты. «Мемлекет басшысының өкімімен Бақытжан Берікбайұлы Темірболат «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы»...

Шетелден жеткізілген 10 миллионға жуық қолғап қолданылған болып шықты

Мәскеуге шетелден жеткізілген 10 миллионға жуық бір реттік қолғаптар қолданылған болып шықты. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Ведомство санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзуға әрекет жасау...

Рахым ОШАҚБАЕВ: Саясиландырудың жаңа кезеңі басталмақ

Рахым ОШАҚБАЕВ, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры: –Президент VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында жаңадан сайланған депутаттарға бірқатар маңызды міндеттерді жүктеді. Мемлекет басшысы аталған міндеттерді...

Президент Премьер-министрді тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды

ҚР Президенті Асқар Маминді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Оқырман назарына құжат мәтінін ұсынамыз.  А.Ұ. Маминді...

Алматы қаласы мәслихатының жаңа хатшысы сайланды

Қалалық әкімдікте VIІ сайланған Алматы мәслихатының бірінші сессиясы өтті, оның барысында мәслихат хатшысы болып Станислав Канкуров сайланды. Станислав Владимирович Канкуров бұған дейін Nur Otan партиясы...

Ғалымдар құлақтағы шуыл денсаулықтағы қандай ақаудың белгісі екенін анықтады

Құлақтағы шуыл денсаулықтағы күрделі ақаудың белгісі болуы мүмкін.  Бұл туралы британдық Express басылымы американдық ғалымдардың зерттеуіне сілтеме жасап хабарлады. Құлақтағы шуыл немесе ғылыми тілмен айтқанда...

Иркутск аспанында метеорит өртенді (видео)

15 қаңтарда таңертең Иркутск қаласы маңында жер атмосферасында толығымен өртенген болидтің құлауы байқалды, деп хабарлайды РИА Новости. https://www.youtube.com/watch?v=zG9xH3Bj55M Бұл туралы ИГУ астрономиялық обсерваториясының директоры Сергей Язев...

COVID-19: Елімізде бір компанияның 47 қызметкері коронавирус жұқтырды

Батыс Қазақстан облысында бір компанияның 47 қызметкерінен коронавирус табылды. БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлім еткеніндей, Бөрлі ауданында...

Самат НҰРТАЗА, саясаттанушы: Мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға төмендету – демократияның жемісі

– Бүгін Президент Қ.Тоқаев Парламент сессиясында сөйлеген сөзінде саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға төмендетуіміз керек деді. Менің ойымша, бұл – демократияның...