Сауд Арабиясында жарылыс болды

Сауд Арабиясында жарылыс болды

Сауд Арабиясында жарылыс болды
ашық дереккөзі
Мединедегі Пайғамбар мешіті кешенінің алдындағы көлік тұрағында жанкешті жарылғышты іске қосқан. «Ал-Арабия» арнасының хабарлауынша, жанкешті жарылғыш затты күзет қызметі отырған ғимарат жанында жарыпты. Соның салдарынан төрт күзетші қаза тауып, бесеуі жарақат алған. Оқиға болған орында түсірілген бейнежазбада бір көліктің өртеніп жатқаны көрінеді. Зардап шеккендер туралы мәлімет әзірге түскен жоқ. Бұдан бұрын Сауд Арабиясының шығысындағы Катиф қаласында екі жарылыс болған еді. Тағы бір жарылыс елдегі екінші ірі қала – Джеддадағы АҚШ консулдығының маңында тіркелді. Катифте бір жарылысты жанкешті жасаса, екіншісінде бомба қойылған көлік жарылды. Ал Джиддада жанкешті өзін-өзі жарған. Мәліметтерге сенсек, дені шиіттер қоныстанған Катиф қаласындағы шабуылдардың бірін жанкешті лаңкес жасаған. Ол жарылғыш орнатылған көлікті жарып жіберген. Джедда қаласында жанкешті терроршы көлік тұрағында қауіпсіздік қызметінің өкілдеріне жақын маңда өзін жарып жіберген. Екі тәртіп сақшысы жеңіл жарақат алыпты.