9 Шілде, 10:10 510 0 Жаңалықтар Анар ЛЕПЕСОВА

Қостанай қаласының әкімі коронавирус жұқтырды

Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов коронавирус жұқтырды. Бұл туралы шаһар басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға үндеді. 

«Құрметті қостанайлықтар! Барлық сақтық шараларын қатаң сақтауыма қарамастан, өкінішке орай, Covid-19-ға тапсырған тестім оң нәтиже көрсетті. Осы себеппен өз-өзімді оқшаулауға көшемін және жұмысымды қашықтан жалғастырамын. Осыған орай, қала тұрғындарын белгіленген барлық талаптар мен қажетті қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Біздің міндетіміз – шыдамдылық танытып, тазалыққа үлкен мән беру, өз отбасымызды қауіп-қатерден қорғау»,- деп жазды Қайрат Ахметов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Семей қаласының әкімі Ермек Салимовтің коронавирус жұқтырғанын хабарлағанбыз.

Сондай-ақ, індетке шалдыққан Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов дертінен айыққаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар