COVID-19: дәрігерлер бейнебайланыс арқылы тегін кеңес береді

COVID-19: дәрігерлер бейнебайланыс арқылы тегін кеңес береді

COVID-19: дәрігерлер бейнебайланыс арқылы тегін кеңес береді
ашық дереккөзі
Медицина мамандары Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына бейнебайланыс арқылы тегін консультация бере алады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова Telegram-дағы парақшасында жазды. «Жүйеге елорданың 19 медициналық мекемесі қосылды және де егер сіз жүйеге қосылған емханаға тіркелген болсаңыз, сізге консультация онлайн түрде беріледі. Консультация алу үшін Дамумед (Damumed) қосымшасында дәрігердің қабылдауына жазылу керек. Сізге консультация көрсететін дәрігер профилінің жанында «бейне« деген белгі болады. Қабылдау уақытыңыз келгенде, сізге онлайн-консультация көрсетіледі», – деп жазды Мәлика Бектұрова.