7 Шілде, 14:55 624 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Коронавирусқа қарсы күреске бөлінген қаражат қалай жұмсалады – министр жауабы

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, коронавирус инфекциясына қарсы күреске 114 млрд 826 млн теңге бөлінген. Оның 40 млрд 58 млн теңгесі – Үкіметтің резервінен аударылып отыр.

«Осы қаражаттың 21 млрд 184 млн теңгесі – жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға, 2 млрд 30 млн теңгесі – дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды сатып алуға, 2,5 млрд теңгесі – зертханалық құрылғыларды, коронавирусты анықтайтын жүйелерді сатып алуға, 100 млн теңгесі – коронавирусты анықтайтын реагенттерді әзірлеу мен шығаруға, 13,7 млрд теңгесі – ПТР-тест әдісімен зертханалық зерттеулер қызметіне, 310 млн теңгесі – жедел жәрдем көліктеріне отандық өндірістегі өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алуға, 131 млн теңгесі азаматтарды эвакуациялауға жұмсалады», – деді Алексей Цой.

Министр сонымен қатар республикалық бюджеттен 74 млрд теңге бөлінгенін, оның 19,5 млрд теңгесі – медициналық, инфекциялық, карантиндік және провизорлық стационарда медициналық қызмет көрсетуге, 40,4 млрд теңгесі карантин шараларын өткізуге жұмылдырылған азаматтандарды ынталандыруға, 14,8 млрд теңгесі Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларындағы инфекциялық ауруханалар кешенін салуға жұмсалатынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар