COVID-19: елімізде науқастар саны 27 мыңнан асты

COVID-19: елімізде науқастар саны 27 мыңнан асты

COVID-19: елімізде науқастар саны 27 мыңнан асты
ашық дереккөзі
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов елдегі эпидемиологиялық ахуалды баяндады. «Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында 27 541 COVID-19 жағдайы тіркеліп отыр. Оның симптомсыз түрі – 9 809 адамда, симптомды түрі – 17 732 адамда. Соңғы тәулікте 1 471 ауру тіркелді, оның 507 – симптоммен, 964-і – симптомсыз. Қайтыс болғандар саны – 126 науқас», – деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. Оның айтуынша, 10 962 адам немесе ауырғандардың 62 пайызы сырқаттан жазылып шықты. «Еліміздің барлық стационарлық карантинінде 1 868 адам, үй карантинінде – 11 563 адам жатыр. COVID-19 ауырып, ауруханада жатқан науқастар саны – 8 052, КВИ жұқтырып, амбулаториялық бақылауда 8 472 адам тұр», – деді Жұмабек Бекенов.