«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы 22 маусым күнгі ауа сапасы туралы болжамын жариялады. Атап айтқанда, қолайсыз метеорологиялық жағдай екі қалада – Қарағанды және Шымкентте болады. Өзге шаһарларда метеоахуал қалыпты. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Жүктелуде...