Өткен тәулікте Қырғызстанда 10 медицина қызметкерінен коронавирус анықталған.
Бұл туралы бүгінгі брифинг кезінде Қырғызстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің орынбасары Нұрболот Үсенбаев айтты, деп хабарлайды Кабар.
Шу облысында – 4, Ош қаласында – 2, Ош облысында – 1, Бәткен облысында – 1 және Ыстық көл облысында 2 медицина қызметкері індет жұқтырған.
Індет таралғалы Қырғызстанда 556 медицина қызметкерінен қатерлі вирус анықталған. Коронавирус жұқтырған ақ халаттылардың 387-сі дертінен айыққан.
Ал елдегі COVID-19 індетін жұқтырғандардың жалпы саны 2981 болды. Науқастардың 1981-і емделіп шықса, 35-і көз жұмды.
Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 446 адамнан коронавирус анықталып, қатерлі вирус жұқтырғандардың жалпы саны 17225-ке жетті. 10 мыңнан аса адам індетті жеңді. 118 науқас қайтыс болды.