Жұмыспен қамту орталығы онлайн жұмыс режиміне ауысады

Жұмыспен қамту орталығы онлайн жұмыс режиміне ауысады

Жұмыспен қамту орталығы онлайн жұмыс режиміне ауысады
ашық дереккөзі
Елордалық Жұмыспен қамту орталығы 22 маусымнан бастап онлайн жұмыс режиміне ауысады. Елорда әкімдігі азаматтар мен жұмыс берушілер барлық қызмет спектрін онлайн режимде ала алатынын айтты. «COVID-19 короновирус инфекциясын таратпау мақсатында Жұмыспен қамту орталығы (Бейбітшілік көшесі, 25) және «Жанұя» отбасын қолдау орталығында (Бейбітшілік көшесі, 14) азаматтарды қабылдау уақытша тоқтатылады» делінген хабарламада. Азаматтар мен жұмыс берушілер барлық қызмет спектрін 57-88-88 Call-орталығы, электронды пошта және мобильді байланыс арқылы онлайн ала алады. Қызметтер туралы қосымша ақпарат ХЖҚО-ның (fb: @cz.astana.kz, inst: @czn_astana) әлеуметтік желілерінде жарияланады.