"Дәрігерлер пневмония деген диагноз қойды": Берік Уәли қазіргі жағдайы туралы айтты

"Дәрігерлер пневмония деген диагноз қойды": Берік Уәли қазіргі жағдайы туралы айтты

"Дәрігерлер пневмония деген диагноз қойды": Берік Уәли қазіргі жағдайы туралы айтты
ашық дереккөзі
Таяуда коронавирус анықталған президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли қазіргі хал-жағдайы жағдайы туралы айтып берді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. "Менде симптомдар коронавирус анықталғаннан кейін байқала бастады. Дене қызуым жоғарылап, тамағып қышып, бүкіл денем сынып тұрғандай болады. Дене қызуымен он күндей түспей қойды, кей күні 39 градусқа жетті. Тәбетім де болған жоқ. Дәрігерлер тексерген кезде пневмония деген диагноз қойды, хаттама бойынша ем жазып берді. Кешеден бастап қана өзімді жақсы сезіне бастадым. Дене қызуым түсіп, тыныс алуым да жақсарды. Мені емдеп шыққан барлық дәрігерге және медициналық қызметкерге алғыс айтамын. Ол кәсібилігінің арқасында жағдайым жақсарды", - деді ол. Сонымен қатар Берік Уәли коронавирус инфекциясынан сақтану үшін ел тұрғындарын барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. Еске сала кетсек, 7 маусым күні президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли алдын алу шараларын сақтағанымен, коронавирус инфекциясын жұқтырғанын мәлімдеді. Ол медициналық мекемеге жатқызылған.